Алматыда кісіге тап берген жасөспірімдер Тәжікстан азаматтары болып шықты

Алматыда адамдарға тап берген жасөспірімдер Тәжікстан азаматтары болып шықты. Оларды Қазақстаннан шығарғалы жатыр.
Жас қыздардың көшеде кісілерге тап берген видеосы кеше тараған еді. Полицияның тексеру жүргізуіне әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдар негіз болған. Онда бір топ жасөспірімдердің азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекеттері бейнеленген.
Алматыда олар полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Жасөспірімдер Тәжікстан азаматтары болып шықты. Барлық кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Тексеру нәтижелері бойынша олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған адамдарды Қазақстаннан шығару шаралары қабылданып жатыр.