Оқиға
Алматыда ер адамды тірідей көмгендердің екеуі қамауға алынды
Алматы облысында ащы су ішкендер арасында кикілжің болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИҒА ҚАШАН БОЛДЫ
Қайғылы жағдай 27 мамыр күні Ұйғыр ауданында болған. 29 жастағы ер адамды үш әріптесі демалыс базасының аумағында таспен ұрып, тірідей көміп кеткен. Оның денесі бірнеше күннен кейін табылған.
«Мәліметке сәйкес, ішімдік ішкен ер адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан жәбірленуші соққыға жығылып, кейін оның денесін жақын маңға көміп кеткен», – делінген ақпаратта.
МӘН-ЖАЙЫ
Қазір екі күдікті анықталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен іс қозғалды.