Алматы тұрғыны толтырған бюллетеннің суретін жариялап, айыппұл арқалады

Алматы тұрғыны сайлау күні толтырылған бюллетеннің суретін желіде жариялағаны үшін әкімшілі жауапқа тартылды. Бұл жөнінде 23 тамызда бас прокуратураның өкілі Ерлан Жанпейісов хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, суретте әйел адамның кімге дауыс бергені көрінеді. Ол “тыйым салынған мезгілде сайлауалды үгіт-насихат жүргізгені үшін” (Әкімшілік кодекстің 102-бабы) жауапқа тартылды. Жауапкер кінәсін мойындап, жазбасын өшірген.
Аталған бапта жеке тұлғаларға 15 АЕК немесе 55 380 теңге (шамамен 121 доллар) көлемінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы маусымда қабылданған жаңа түзетулерге сәйкес, толтырылған бюллетеньді суретке түсіруге болмайды. Бұл осындай тыйым күшіне енгелі бері өтіп отырған алғашқы сайлау.
Бас прокуратура өкілдерінің түсіндіруінше, толтырылған бюллетеньді үгіт-насихат ретінде қарастыруға болады. Сайлау учаскесінде бюллетеньмен суретке түсуге болады, бірақ онда сайлаушының таңдауы көрінбеуі керек.