TOP-2Эксклюзив

АХҚО-да Құлыбаевпен байланысты жаңа холдинг пайда болды

Астана халықаралық қаржы орталығының заңды тұлғалар тізбесінде Farabi Development Limited атты жеке компания тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Компанияның құрылтайшылары қатарында ADD Office Limited Liability Partnership және қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев көрсетілген.

Құжатта компанияның жарғылық капиталы $10 000 деп, барлық акциялары жай акция екені көрсетілген. Бір акцияның бағасы – $1.

Компания директоры, CEO және уәкілетті қол қоюшы қызметтерін Нұржан Сартбаев есімді адам атқаратыны жазылған. Ол бұл қызметтерге тіркелген 13 сәуірде тағайындалған.

Құжатта компанияның қызметі «holding company activity» деп көрсетілген. Бұл оның өзге активтерді немесе бизнес құрылымдарды басқаруға бағытталғанын білдіреді.

Back to top button