TOP-2
“+50 градус”: Синоптиктер шілденің ең ыстық ай болатынын айтты
“Қазгидромет” өкілдері Қазақстан бойынша шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Соған сенсек, жаздың екінші айында аптап ыстық болады. Синоптиктер мәліметінше:
- елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы +18…+23 градус шамасында болса;
- оңтүстікте +28…+30 градусқа дейін көтеріледі;
Артынша аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы көтеріледі:
- солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42…+43 градусқа дейін;
- орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47…+48 градусқа дейін;
- оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Күн қатты ысығанмен, шілде айында күннің салқындауы да күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
“Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы. Жауын-шашын көбінде найзағаймен қатар жүреді. Ал кей жерде нөсер жаңбыр түрінде жаууы ықтимал”, – делінген мәліметте.