+42°C дейін аптап ыстық, кей жерде жаңбыр – 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
“Қазгидромет” 3 тамыз, дүйсенбіге арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты болады. Кешке аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +36…+38°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +32…+34°C.
Атырауда көшпелі бұлтты болады. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел – 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +40…+42°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 9–14 м/с. Күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.
Петропавлда бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Желдің жылдамдығы түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы түнде 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +37…+39°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +36…+38°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты болады. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.