Жаңалықтар
2027 жылы Ораза қашан басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін жариялады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, Ораза айт мерекесі 9 наурыз, ал Құрбан айт уақыты16-18 мамыр аралығына сәйкес келеді.
«Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күн бұрын немесе бір күн кейінге жылжуы мүмкін», – деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
2027 жылдың діни күндер кестесі
