TOP-2Жаңалықтар

Трамп пен Пезешкиан алдын ала бейбіт келісімге қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран Сыртқы істер министрлігі Иран мен АҚШ алдын ала бейбіт келісімге қол қойғанын растады.

60 күнге арналған өзара түсіністік туралы меморандум барлық бағыттардағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуды, оның ішінде Ливандағы қақтығыстарды доғаруды, Тегеранға қарсы санкцияларды алып тастауды және Иранды қалпына келтіру қорын құруды көздейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ВВС мәліметінше, Трамп Иран өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда шабуылдарды қайта бастайтынын тағы да ескертті.

«Оған қол қойылды. Версальда қол қойылды. Мен дәл қазір оған қол қойдым», – деді Трамп Франция президенті Эммануэль Макронмен Версаль сарайында өткен кездесуден кейін.

Сонымен қатар, Меморандумға Иран президенті Масуд Пезешкиан да қол қойды.

Еске сала кетсек, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль бастаған Иранмен соғыс мыңдаған адамның өмірін қиды. Құрбандардың басым бөлігі Иран мен Ливанда тіркелді. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге және Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастарына шабуыл жасады.

Қақтығыс Иранның Ормуз бұғазын іс жүзінде жабуына байланысты ауқымды энергетикалық дағдарысқа себеп болды.

Сәрсенбі күні АҚШ әкімшілігінің өкілдері Эвианда өткен «Үлкен жетілік» елдерінің кездесуі кезінде журналистерге меморандумның 14 тармақтан тұратын мәтінін таныстырды.

Келісім сәуір айында жарияланған атысты тоқтату режимін тағы 60 күнге ұзартуды қарастырады. Бұл тараптарға түпкілікті бітім жөнінде келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді.

Трамп пен оның командасының мүшелері әзірге бұл тек меморандум екенін және оның шарттары Иран «өзін дұрыс ұстаса ғана» орындалатынын атап өтті.

Back to top button