$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Тоқаев телефон арқылы сөйлесіп, Путинді құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинді мемлекеттік дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Екі ел басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен алдағы байланыстар кестесін де талқылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Ресей парламентінің жаңа құрамына ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруды тіледі.

Алдағы бірлескен іс-шаралар талқыланды

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ Тоқаев пен Путин алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.

Back to top button