$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
TOP-2Спорт

Тоқаев Көшпенділер ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Президент спортшылардың табандылығын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың жоғары нәтижеге тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін айтты.

Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына, сондай-ақ спортшылардың дайындығына үлес қосқан барша маманға шынайы ризашылығын білдірді.

«Қазақстанның халықаралық беделін асқақтатады»

Президенттің айтуынша, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық спортшыларға алдағы уақытта да ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруге тілектестік білдірді.

Back to top button