Архивы талап - Tizgin kz
Қашаған дауы: Қазақстанның 12 млрд долларлық талабы қанағаттандырылмады – Bloomberg
Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған кен орнын игеруге қатысатын мұнай компанияларына қойған талаптарының шамамен 12 млрд долларға қатысты бөлігін қанағаттандырмады. Бұл жөнінде өз дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Арбитраж шешімі жайлы не белгілі
Агенттіктің мәліметінше, шешім Қазақстан тарапының Қашағанды игеруге жұмсалған даулы шығындарға қатысты талаптарын қамтиды. Әңгіме North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына қатысушы мұнай компанияларына қойылған талаптар туралы болып отыр. Bloomberg шамамен 12 млрд долларға қатысты талаптардың қанағаттандырылмағанын хабарлады. Алайда бұл Қазақстанның жоба бойынша барлық талабы қабылданбады дегенді білдірмейді. Сөз талаптардың бір бөлігі туралы ғана болып отыр.
Аталған сома Қазақстан инвесторларға 12 млрд доллар төлеуге міндетті дегенді де білдірмейді. Хабарда Қазақстан тарапының өзі қойған және агенттік дереккөздерінің мәліметінше, арбитраж қанағаттандырмаған талаптар туралы айтылған. Агенттік істің мән-жайынан хабардар адамдарға сілтеме жасайды. Яғни шешім туралы мәлімет дереккөздер берген ақпарат негізінде жарияланған.
NCOC неліктен 2,3 трлн теңге төлеуге міндеттелді
Қазақстан билігі Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған 4,9 млрд доллар мөлшеріндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу рәсімін бастағанын бұған дейін жазған едік.  Дау Қашаған кен орнында жүргізілген экологиялық тексеруге байланысты туындаған. 2022 жылғы желтоқсанда Атырау облысының Экология департаменті оператордың, мемлекеттік органдардың нұсқасы бойынша, күкірт сақтаудың рұқсат етілген көлемінен асып кеткенін анықтаған. Әңгіме 1,2 млн тоннадан астам күкірт туралы болып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға шамамен 2,3 трлн теңге көлемінде экологиялық айыппұл салынды.
NCOC тағылған айыппен және өндірілетін қаражат көлемімен келіспеді. 2025 жылы экология ведомствосы нұсқамаларының бірі рәсімдік талаптардың бұзылуына байланысты күшін жойған. Ескертулер түзетілгеннен кейін айыппұл қайта тағайындалды. 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облыстық соты экологиялық айыппұлға қатысты сот актісін күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне еніп, оны ерікті түрде орындау мерзімі 20 шілдеде аяқталды. Осыдан кейін атқарушылық іс жүргізу басталып, оператордың бірқатар мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынды.
Сообщение Қашаған дауы: Қазақстанның 12 млрд долларлық талабы қанағаттандырылмады – Bloomberg появились сначала на Tizgin kz.
Мұғалімдерден рилс түсіріп, пост жариялауды талап етуді тоқтату керек – Аймағамбетов
Педагогтің жауапкершілігі кәсіби міндеттерін орындау кезеңімен байланысты, ал бір құжатты қағаз және электрондық түрде қатар жүргізуді талап етуге тыйым салынған. Мұғалімдер күніне арналған мәлімдемесінде Асхат Аймағамбетов маусымда қабылданған өзгерістерге тоқталып, ұстаздарды артық жүктемеден қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мұғалімнің жауапкершілік шегі нақтыланды
Аймағамбетовтің айтуынша, бұрын демалыс күні балаға қатысты оқиға болса, сол уақытта өз отбасымен үйінде отырған мұғалімнен түсініктеме талап етілетін. Жылдар бойы қалыпты жағдай ретінде қабылданған осы тәжірибені өзгерту үшін педагогтердің құқықтарын қорғауға арналған түзетулер ұсынылған.
“Былтыр Мұғалімдер күні қарсаңында педагогтердің құқықтарын қорғауға арналған түзетулерді Үкіметке жолдаған едік. Биыл маусымда олардың бір бөлігі заң болып қабылданды.
Енді педагогтің жауапкершілігі оның кәсіби міндеттерін орындау кезеңімен байланысты. Бір құжатты бір мезгілде қағаз және электрондық түрде жүргізуді талап етуге тыйым салынды. Бұл талапты бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Өзіне тән емес жұмысқа тартуға тыйым салу балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтеріне де қолданылады. Ендігі міндет – осы нормалардың әр білім беру ұйымында орындалуын қамтамасыз ету”, – дейді Аймағамбетов.
Аймағамбетов қабылданған нормалардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Педагогтің жауапкершілігін кәсіби міндеттерін атқару кезеңімен және білім беру процесімен байланыстыратын өзгерістер Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаменті жариялаған түсіндірмеде де көрсетілген.
Оның пікірінше, мұғалімнің уақыты мен күш-жігері балаға білім беруге, түсінбеген тақырыбын қайта түсіндіруге және өзіне деген сенімін нығайтуға жұмсалуы керек.
Аймағамбетов PISA зерттеуіндегі бір көрсеткішті мысалға келтірді: қазақстандық оқушылардың 86 пайызы мұғалімнің тақырыпты балалар түсінгенше түсіндіретінін айтқан. Ол мұны ұстаздардың күнделікті еңбегіне берілген жоғары баға деп бағалады.
Демалыс күнгі хаттар мен рилс талабы да назарда
Құқықтық өзгерістерге қарамастан, педагогтерді алаңдататын мәселелер әлі де бар. Олардың қатарында артық жүктеме, кәсіби даму мүмкіндіктері, жас мамандарды қолдау және жұмыстан тыс уақыттағы талаптар аталды.
“Дегенмен шешілмеген мәселелер де бар. Артық жүктеме, кәсіби даму, жас мамандарды қолдау. Жас педагогті мектепке тартумен шектелмей, әрі қарай қолдау маңызды. Кешкі уақытта және демалыс күндері ата-аналармен мессенджерлерде хат алмасу, әлеуметтік желілерге рилс пен пост жариялауды талап ету де – бөлек мәселе. Сондықтан «Әділет» партиясының фракциясындағы әріптестерімізбен бірге заң жобасын әзірледік. Онда педагогтерді мазалайтын осы және басқа да проблемаларды шешу көзделген. Сабақ беруді жалғастырып жүргендіктен, білім алушылардың, технологиялардың және мамандыққа қойылатын талаптардың қалай өзгеріп жатқанын көріп жүрмін”, – дейді депутат.
Аймағамбетов мұғалім мамандығына қоғамның көзқарасы да өзгеріп келе жатқанын айтты. Ол келтірген TALIS зерттеуінің дерегіне сәйкес, қазақстандық мұғалімдердің 82 пайызы қоғам олардың еңбегін бағалайды деп санайды. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 22 пайызды құрайды.
Ол педагог мәртебесінің нығаюын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатымен байланыстырып, «Педагог мәртебесі туралы» заңды, жалақының өсуін және ұстаздарды өзіне тән емес жұмыстан қорғау шараларын атап өтті.
Мәлімдемеде жасанды интеллектінің білім берудегі орнына да назар аударылған. Аймағамбетовтің пікірінше, жаңа құралдар тапсырма дайындауға, оқушының деңгейіне сай материал таңдауға және жұмыстарды тексеруге кететін уақытты үнемдей алады. Алайда баланы қолдау, оның түсінбегенін түсіндіру және сенімін арттыруда мұғалімнің рөлі сақталады. Осыған байланысты педагогтерге жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беріп, оларды қолданудың түсінікті ережелерін қалыптастыру қажет екенін айтты.
Сообщение Мұғалімдерден рилс түсіріп, пост жариялауды талап етуді тоқтату керек – Аймағамбетов появились сначала на Tizgin kz.
Қазақстан «Евровидение-2027» байқауына қатыса алмайды: себеп неде
Қазақстан әзірге «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды. Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) «Хабар» агенттігінің ұйымға толыққанды мүше болу талаптарына сай келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Politico басылымына сілтеме жасап.
«Хабар» неліктен толыққанды мүше бола алмайды
«Хабар» агенттігі 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының қауымдастырылған мүшесі саналады. Бұған дейін агенттік ұйымға толыққанды мүше болуға және «Еуровидение-2027» байқауына қатысуға өтініш берген. Алайда EBU түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстан Еуропалық хабар тарату аймағына кірмейді. Сонымен қатар еліміз Еуропа кеңесіне мүше емес әрі осы ұйым жанындағы ресми бақылаушы мәртебесіне де ие емес. Осыған байланысты «Хабар» қазір толыққанды мүшелікке қойылатын талаптарға сай келмейді.
Агенттік EBU-дың қауымдастырылған мүшесі болып қала береді. Одақ өкілдері «Хабармен» көп жылдан бері ынтымақтасып келе жатқанын атап өткен. Дегенмен қауымдастырылған мүшелік ересектер арасындағы «Еуровидениеге» қатысу құқығын автоматты түрде бермейді. Қазақстан бұған дейін балалар «Еуровидениесіне» бес рет – 2018–2022 жылдар аралығында қатысқан. Ел өкілдері екі рет екінші орын иеленді.
Австралия мен Канадаға қандай мүмкіндік берілген
«Еуровидениеге» қатысу тек географиялық орналасуға байланысты емес. Мәселен, Австралия 2015 жылдан бері байқауға арнайы шақыртумен қатысып келеді. Ал маусым айында EBU мүшелік ережелерін өзгерткеннен кейін Канаданың CBC/Radio-Canada хабар тарату корпорациясы ұйымның толыққанды мүшесі атанды. Канада Еуропа кеңесі жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие. Сонымен бірге оның хабар тарату корпорациясы EBU-дың қоғамдық хабар таратушыларға қоятын талаптарына сай келеді. Канада «Еуровидениеге» алғаш рет 2027 жылы қатысады.
«Еуровидение-2027» Болгарияның Бургас қаласында өтеді. Жартылай финалдар 11 және 13 мамырға, ал финал 15 мамырға жоспарланған.
Сообщение Қазақстан «Евровидение-2027» байқауына қатыса алмайды: себеп неде появились сначала на Tizgin kz.
«Жаңа экологиялық талаптар бізді жарға жыққалы тұр»: Май өндірушілер неге дабыл қақты
Қазақстанда өсімдік майын өндірушілерге қойылар жаңа талаптар отандық май зауыттарын тығырыққа тірегелі тұр. Кәсіпкерлердің айтуынша, жаңа нормативтер май өндірісін тежеп, зауыттарды жаппай банкротқа ұшыратуы мүмкін. Ол аз десеңіз, жаңашылдық шикізат өткізетін фермерлерден бастап, мал мен құс шаруашылығына дейін кері әсерін тигізіп, елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді дейді олар.
Май зауыттарының басшылары неге дабыл қағып, қауымдастық атынан Бас прокуратураға жүгінгенін және Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты мекеменің тың талаптары неліктен шуға себеп болғанын Tizgin.kz осы мақалада анықтап көрді.
Май зауыттарының иелері неге наразы
Жаңа талаптарға сәйкес, май зауыттары ішіндегі І санаттағы кәсіпорындар үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізіп, кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алып, эмиссиялардың белгіленген нормативтерін сақтауға міндеттелмек. Құжатқа Экология министрлігіне қарасты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) жауапты.
Дау осыдан басталған. Май өндірушілер бұл талаптар тым қатаң дейді. Мәселен, азот оксидтері (NOₓ) бойынша белгіленген нормативтер Еуропа одағындағы талаптардан 3,25 есе, ал Ұлыбританиядағы көрсеткіштен 2,5 есе қатаң. Сондай-ақ, Еуропа одағында көміртегі тотығы (CO), ал Ұлыбританияда күкірт диоксиді (SO₂) бойынша шекті нормативтер белгіленбейді, олардың орнына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Бұдан бөлек, май өңдеу кәсіпорындары үшін белгіленген талаптар ауаны ластаудың негізгі көзінің бірі саналатын көмірмен жылытылар жылу электр орталықтарына қойылатын талаптардан да қатаң болып шыққан Атап айтқанда, күкірт диоксиді (SO₂) бойынша нормативтер – 15 есе, ал азот оксидтері (NOₓ) бойынша екі есе қатаң.
«Бұлай кетсе май өнімдері 30% қымбаттайды»
Аталған мәселені аттандап көтерген ұйымның бірі – Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы. Оның төрағасы Ядыкар Ибрагимовтың айтуынша, орталық май зауыттарын металлургия, мұнай өңдеу саласындағы зауыттармен теңестірмек.
Ядыкар Ибрагимов. Фото: OSPAN ALI/ospanali.com
«Күні ертең осы талаптар күшіне енсе, сауда сөрелерінде май өнімдері 30% қымбаттап шыға келетінін ескертіп отырмыз. Яғни, бұл азаматтардың бәріне бірден әсер етеді. Екінші мәселе: егер осы талаптар күшіне енсе, өнімділік азайып, кейбір май өңдейтін зауыттар жабылайын деп тұр. Импорт тауарлары көбейіп, нарықта олардың бағасын бақылау қиынға айналмақ. Біздің қауымдастық Сауда және интеграция министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойған. Тұтынушылар үшін май бағасын төрт жылдан бері тұрақты шекте ұстап келеміз. Егер осы жаңа талаптар күшіне енсе, бағаны бақылау жайына қалады», – дейді ол.
Қауымдастық басшысының сөзінше, Экология министрлігіне қарасты мекеме май өңдеу зауыттарынан шығатын органикалық шаң нормативтерін металлургиялық кәсіпорындарға қарағанда 10 есе қатаң белгілеуді ұсынып отыр. Бұл мұндай тәсілдің әділдігі мен ғылыми негізділігіне қатысты орынды сұрақтар туындатады. Себебі оның салдары түптеп келгенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өзіндік құны мен бағасына әсер етуі мүмкін.
Ядыкар Ибрагимов осы норманы талқылаған жұмыс тобында 21 адам болса, соның үшеуі ғана май-тоңмай кәсіпорындарының, ал қалған 10 адам экологиялық ұйымдардың өкілі екенін айтады. Яғни, май өндірісіндегілер түпкі шешімге ықпал ете алмайды. Одан бөлек, май-тоңмай өнімдерін өндірушілердің өкілдері бірнеше рет техникалық және экономикалық негіздемелерін ұсынғанымен, олары ескерілмеген. Биыл 20 шілдеде өткен жиында жұмыс тобының 13 адамы аталған нормативтерді қолдаған.
«Осы талаптың мәнін түсінбей отырмыз»
Әкесінен қалған мұраны жалғап, 34 жылдан бері күнбағыс өсіріп келе жатқан семейлік шаруа қожалық иесі Александр Лехнер қазір күнбағыс өсіретін фермерлердің бәрі өнімін май зауыттарына өткізетінін айтады.
Александр Лехнер. Фото: OSPAN ALI/ospanali.com
«Біз осы талапты естіп, түсінбей отырмыз. Күнбағыс – органикалық табиғи өнім. Табиғат өзі береді – өзі алады. Күнбағыстың қалдығын темір-терсектің қалдығымен, олардан келетін зиянмен салыстыруға мүлде келмейді. Мынаны түсінсеңіздер деймін: май зауыттары күні ертең осы талаптарға бола шаруалары шатқаяқтап жатса, ол біз секілді фермерлерге бірден әсер етеді. Мәселен, біздің далада өсетін шемішкені Семейдегі басқа зауыт кептіруге көмектесіп жатыр. Менен бөлек қаншама шағын шаруа қожалықтар бар. Олар да май зауыттарына сүйеніп отыр. Олардың күні ертең не болмақ?» – деп сұрақ қояды ол.
Мыңдаған гектар жерге күнбағыс егетін Лехнер өнімін Семейдегі «Qazaq-Astyq Group» компаниясына өткізеді. 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Семейдегі «Qazaq-Astyq Group» отандық май зауыттарын маймен қамтып, арысы Еуропа, Қытай, берісі Орталық Азия мен Ауғанстанға дейін май өнімдерін жеткізеді. Оның иесі Николай Ушаков қазір біздің сала максималды түрде онсыз да, экологиялық режимде жұмыс істеп тұр дейді.
Николай Ушаков. Фото: OSPAN ALI/ospanali.com
«Экология министрлігінің жаңа талаптары біздің өнімдердің бағасын 30 пайызға арттыруға, тіпті кейбір май зауыттарының жабылуына апарып соғуы мүмкін. Ең жаманы, отандық май зауыттары қысымға ұшырап, біздің елдің сауда сөрелерінде импорт майлар қаптап шыға келеді. Біз жұмыс орындары мен отандық өндірістен айырыламыз. Сол себепті мен Экология министрлігіне бұл талаптарын қайта қарап, қауымдастықпен талқылап, мәселеге тереңірек қарап шешім қабылдауын сұраймыз», – дейді ол.
Ушаковтың сөзінше, май зауыттарын жылу электр орталықтарымен, мұнай компанияларымен салыстырудың өзі этикаға сай емес. Себебі зауыт қазір онсыз да биологиялық отынмен (шемішкенің қалдығынан жасалатын отын) тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеп жүр. Мұнай өнімдерінің жағылуынан шығарылатын шығынды биоотын қалдықтарымен салыстыру орынсыз деп санайды ол.
Жауапты орталық не дейді
Tizgin.kz порталы осы шағымнан кейін Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына хабарласып, мәселенің мәнісін сұраған. Орталық жаңа талаптар өзінің «дербес бастамасы емес екенін, бұл өзгерістер Экология кодексінің талаптарын орындау үшін әзірленетінін» хабарлайды. Орталық мәліметінше, ЕҚТ қағидаттарына көшу міндеті саланың барлық кәсіпорындарына емес, тек I санаттағы объектілерге ғана қолданылады. Май-тоңмай саласындағы 80-нен астам кәсіпорынның ішінде осы талаптарға небәрі 4 объект сәйкес келеді. Орталық негізгі мақсат – кәсіпорындарға қойылар талаптарды күшейту емес, ұсынылатын шешімдердің техникалық және экономикалық іске асырылуын сақтай отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетер заманға сай технологиялық көрсеткіштерді айқындау дейді.
«Кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алатын кәсіпорындар үшін кейінге қалдырылған норма көзделген. Қолданыстағы кәсіпорындар 10 жылға дейінгі мерзімге Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірлейді, оның шеңберінде ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) қағидаттарына сәйкес келмейтін технологиялық процестерді, жабдықтарды және қоршаған ортаға әсер ету көздерін кезең-кезеңімен жаңғыртады. КЭР алған және сол бағдарламаны іске асыратын кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін экологиялық төлемдер төлеуден босатылатынын атап өткен жөн. Сол ақша өндірісті жаңғыртуға, ЕҚТ енгізіп, технологиялық қондырғыларды қайта жабдықтауға бағытталуы мүмкін», – делінген жауапта.
Tizgin.kz аталған орталықтан осы талаптарды енгізер алдында отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері қаншалықты ескерілгенін сұраған. Жауапқа сүйенсек, кешенді технологиялық аудиттердің нәтижелері, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және өзге де мүдделі ұйымдардың мәліметтері талданған. Сонымен қатар, пайдаланылатын отынның сипаттамалары мен қолданылатын жабдықтардың ерекшеліктері ескерілген. Орталықтың мәліметінше, Қазақстандағы қазіргі май-тоңмай кәсіпорындарының басым көпшілігі импорттық технологиялық желілерді пайдаланады. Бұл желілерді өндіруші елдерде (Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер, АҚШ, Қытай) ЕҚТ бойынша анықтамалық жобасында көзделген технологиялық көрсеткіштер диапазондарына сәйкес келетін экологиялық талаптар бұрыннан қолданылады. «Осылайша, ұсынылып отырған технологиялық көрсеткіштер технологиялардың қазіргі даму деңгейіне сәйкес келеді және ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға бағдарланған» делінген жауапта.
Фото: OSPAN ALI/ospanali.com
Жаңа талаптар бойынша, май зауыттарына жеңдік немесе электр сүзгілерді орнату арқылы қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту ұсынылып отыр. «Бұл жабдықтар тазарту тиімділігін 99 %-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» делінген жауапта. Орталық «мұндай құрылғыларды орнату құны 136 млн теңге» деп жауап берді.
«Кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді техникалар қағидаттарына көшуі жеңілдікті «жасыл» қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді, кешенді экологиялық рұқсат алған жағдайда экологиялық төлемдерден босату есебінен қаржылық жүктемені төмендетіп, өндірісті кезең-кезеңімен жаңғыртуға жағдай жасайды. Осылайша, үнемделген қаражатты өндірістік объектілерді бір мезетте ауқымды қайта жаңғыртуды қажет етпей-ақ, заманға сай технологияларды енгізуге, жабдықтарды жаңартуға және кәсіпорындардың экологиялық тиімділігін арттыруға бағыттауға болады», – делінген жауапта.
Ресми жауапқа сүйенсек, сала өкілдерінің ескертулері бірнеше рет қаралған. Кеңестердің қорытындысы бойынша редакциялық сипаттағы ұсыныстар ескерілген, ал технологиялық көрсеткіштер мәселесі техникалық жұмыс тобы мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
«Нормативтерді ұлғайту жөніндегі ұсыныстар жеткілікті техникалық негіздемемен расталмады және іс жүзінде қолданыстағы эмиссиялар деңгейін сақтап қалуға бағытталды. Бұл – ЕҚТ қағидаттарына қайшы келеді. Шешімдер белгіленген тәртіппен көпшілік дауыспен қабылданды», – делінген жауапта.
«Амалсыз Бас прокуратураға жүгіндік»
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі жағынан әлемде алтыншы орынға ие болған. Ал алда әлемдегі үздік үш экспорттаушы елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Алайда осы талаптар күшіне енсе, май саласының кәсіпкерлері бұл мақсат орындалмай қала ма деп қауіптенеді.
«Мұның салдары күні ертең мыңдаған фермерге әсер етері сөзсіз. Себебі зауыттар күні ертең жұмысын тоқтатса, күнбағысты өсіретін азаматтар кімге өткізеді? Оның зияны құс шаруашылығы мен мал шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Себебі шемішкенің қалдығынан жымық жасалады. Тиісінше, мұның бәрі сол салалардағы ет, сүт бағасының өсуіне апарып соғады. Біз қауымдастық атынан Бас прокуратураға осы өтінішімізді жазып, өткіздік. Олар өз тарапынан мәселеге объективті түрде қарасын дейміз», – дейді Ядыкар Ибрагимов.
Қауымдастық басшысының айтуынша, Экология министрлігінің май зауыттарына осы технологиялар арзанға түседі деген пікірімен келіспейді. Оның сөзінше, қазандыққа мәселен, құрылыс жұмыстарын ескере отырып, сүзгі орнату 1 млрд теңгеге дейін барады.
Қорыта айтқанда, бұл дау бір ғана өндіріс саласының мәселесі емес, тұтас агроөнеркәсіп кешенінің болашағына әсер етуі мүмкін. Бір тарап жаңа экологиялық талаптарды қоршаған ортаны қорғаудың маңызды тетігі деп есептесе, екінші тарап оның экономикалық салдары өндіріс көлеміне, азық-түлік бағасына және қарапайым жұртшылық пен мыңдаған фермердің әл-ауқатына кері ықпал етеді деп санайды. Сондықтан бұл мәселе экологиялық мақсат пен экономикалық тұрақтылықтың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, барлық мүдделі тараптың қатысуымен жан-жақты талқылауды қажет етеді.
Сообщение «Жаңа экологиялық талаптар бізді жарға жыққалы тұр»: Май өндірушілер неге дабыл қақты появились сначала на Tizgin kz.
Әскерден босату тәртібі күшейе түседі – жаңа талаптар енгізіледі
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы шешімдерді тексеру тәртібі нақтыланды. Енді аудандық немесе қалалық шақыру комиссиясының шешімі міндетті түрде облыстық деңгейде қайта қаралады. Егер күмән туындаса, азамат қайта медициналық тексеруден өтуі мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әскерден босату шешімі енді қалай тексеріледі
Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматты әскери қызметтен босату туралы аудандық (немесе қалалық) шақыру комиссиясының шешімі түпкілікті болып саналмайды. Бұл шешім міндетті түрде облыстық шақыру комиссиясының қарауына жіберіледі. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тексеруді қалалық шақыру комиссиялары жүргізеді.
Жоғары тұрған комиссияға мына құжаттар жолданады:
шақырылушының есепке алу картасы;
медициналық куәландыру картасы;
зертханалық талдаулар мен өзге де медициналық тексерулердің нәтижелері.
Қандай жағдайда қайта медициналық тексеруден өту керек
Құжаттарды зерделегеннен кейін облыстық комиссия екі түрлі шешімнің бірін қабылдайды. Егер комиссия аудандық дәрігерлердің қорытындысымен келіссе, азаматты әскери қызметтен босату туралы шешім өзгеріссіз қалады.
Ал диагнозға, медициналық қорытындыға немесе тексеру нәтижелеріне қатысты күмән туындаса, шақырылушы қайта медициналық куәландырудан өтеді.
Облыстық комиссия шешімді жоя алады
Егер тексеру барысында аудандық немесе қалалық шақыру комиссиясы азаматты заң талаптарын бұза отырып әскери қызметтен босатқаны анықталса, облыстық шақыру комиссиясы бұл шешімнің күшін жоюға құқылы.
Қайта медициналық тексеруден кейін азаматқа қатысты мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
әскери қызметке жарамды деп танылып, әскерге шақырылады;
денсаулық жағдайына байланысты уақытша кейінге қалдыру беріледі;
бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босатылады;
әскери міндеттен толық босатылып, әскери есептен шығарылады.
Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде және интернетте таралып жүрген «әскерден босатып береміз» немесе «ақ билет алып береміз» деген жарнамаларға сенбеуге шақырған болатын.
Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді тек шақыру комиссиясы қабылдайды. Ал жалған медициналық анықтамалар мен қолдан жасалған диагноздарды пайдалану Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Әскерге баратын жастарға қандай қолдау бар
Әскерге барған жастарды 2023 жылдан бері мемлекет тегін грант беріп қолдап келеді. Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаевтың сөзінше, гранттан бөлек жатақханадан орын мен әскери кафедрада тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Осындай мүмкіндікті былтыр 5 мыңға жуық азамат пайдаланған.
Сообщение Әскерден босату тәртібі күшейе түседі – жаңа талаптар енгізіледі появились сначала на Tizgin kz.
Инвесторларға кедергі келтіргендер жазаланады: Үкімет қатаң режимге көшті
Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады primeminister.kz.
Кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылары, квазимемлекеттік сектор мен бизнес өкілдері қатысты.
«Еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында. Осы бағытта Үкімет алдында нақты мақсат-міндеттер тұр. Өткен аптада ғана инвесторлар мен кәсіпкерлерді және жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылды. Бұл құжат елімізде қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру ісінде маңызды қадам болып отыр және сапалы шетелдік адами капитал тарту үшін жаңа институционалдық жағдайларды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.
«Президент тапсырмасымен Бас прокуратура инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Мәселелердің түпкі себептерін анықтау және жою бойынша әрекет ету шараларынан жүйелі алдын алу жұмыстарына көшуге баса назар аударылуда. Бизнесті қылмыстық процеске заңсыз тарту фактілері мерзімінен бұрын жолы кесілуде. 3 жыл ішінде бизнеске қатысты қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға азайды. Біз 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдейміз. Инвесторлармен және іскер қоғамдастықпен тікелей байланысты тұрақты бақылауды қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, көп деңгейлі қолдау тетігі шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау жөнінде кешенді шаралар қабылдауда. Жуырда ғана құрылған Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бизнесті толғандыратын мәселелерді жедел шешуге белсенді әрі нақты қатысуда. Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб проактивті режимде жұмыс істеуде: биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жалпы құны $25,5 млрд-ты құрайтын 44 жоба қаралды. Инвестициялық штаб тапсырмаларының орындалуын бақылауды Бас прокуратура жүзеге асырады.
Сонымен қатар барлық өңірде әкімдердің басшылығымен және прокурорлардың қатысуымен штабтар жұмыс істейді. Әкімдіктер тарапынан тоқсан сайынғы стратегиялық сессиялар өткізу тәжірибесі енгізілді, онда түйткілді мәселелер талқыланып, бизнеспен бірлесіп «инвестицияларға тапсырыстар» бекітіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстары және Алматы қаласында материалдарды дайындау деңгейі жоғары әрі 100% мақұлдау тіркеліп отыр.
Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның өзара іс-қимылы аясында Инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жол картасы әзірленді. Келісімшарттар жасау және сүйемелдеу рәсімдерін жетілдіру, жер телімдерін беруді оңтайландыру, сондай-ақ инвестициялық кураторлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жүйелі көзқарас пен жедел ден қоюды талап ететін мәселелер сақталып отырғанын атап өтті. Инвесторлар мен бизнес өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарау барысында жол беруге болмайтын жергілікті деңгейде көзбояушылық және әкімшілік созбалаңға салу фактілері бар.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ағымдағы жағдай туралы баяндады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы бірінші тоқсанда Тізілімге инвесторлардан 273 өтініш түсіп, олардың жартысына жуығы оң шешімін тапқан. Олардың басым бөлігі салықтық әкімшілендіру, кедендік рәсімдер, жерді пайдалану, қала құрылысы және басқа да мәселелерге қатысты.
Атап айтқанда, екі жыл ішінде клиникалық-диагностикалық зертханалар желісіне қатысты жоспардан тыс бес салықтық тексеруді бастау фактілері атап өтілді. Бұл ретте бұрынғы тексерулер процестік бұзушылықтарға байланысты, сондай-ақ «прокурорлық сүзгі» шеңберінде жойылды. Нәтижесінде мәселе бизнестің пайдасына шешілді.
Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы осы жылдың 1 тоқсанында бизнестен келіп түскен 213 өтініш бойынша мәселелер шешілгенін хабарлады. Оның 40%-ы толығымен қанағаттандырылды, 50%-ы бойынша кәсіпкерлерге құқықтық түсініктемелер берілді.  Комитеттің мәліметінше, биыл 600 инвестордың құқы қорғалған, бұл ретте бүгінгі таңда әрбір өтініш қайта бағыттаусыз қаралуда.
Осы ретте қабылданған оң шешімдердің қатарында Алматы облысындағы қағаз материалдарын өндіретін көпсалалы компанияны отандық өндірушілер тізіліміне енгізу, Атырау облысында ірі энергетикалық жобаны жүзеге асыратын инвестордың инженерлік желілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бар.
«Инвесторлардан келіп түсетін әрбір өтініштің артында, шын мәнінде капиталды орналастыру, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағы өндірістерді кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру туралы шешімдер тұрғанын үнемі назарға алу керек. Сондықтан инвесторлардың мәселелерін жедел реттеу – бұл мемлекеттік аппараттың инвестициялар тарту бағытындағы жұмысының тиімділігін көрсетеді.
Мемлекеттік органдардың өтініштерге жауап беруден жалтаратын немесе жауапкершілікті біріне бірі ысыратын лауазымды тұлғаларына қатысты ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Бұл ұлттық компаниялар мен жалпы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына да қатысты. Мұнда екіұшты жауап болмауы керек – инвестордың әрбір өтініші нақты шешімді талап етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тежейтін себептердің жүйелік сипаты бар екенін атап өтті. Негізгі проблемалар мемлекеттік органдар арасында үйлестірудің жеткіліксіз болуымен, жауапкершілікті бөлудің бұлыңғырлымен, мемлекеттік қызметтердің регламенттелген мерзімдерінің бұзылуымен және жергілікті жерлерде бақылаудың әлсіздігімен байланысты.
Әкімдіктердің жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Өңір басшыларына негізгі инвестициялық жобаларды «қолмен басқару» режимінде сүйемелдеу, туындайтын кедергілерді уақтылы жою және инвесторларға жер учаскелерін, инфрақұрылымды және рұқсат құжаттарын беру кезінде көзбояушылыққа жол бермеу тапсырылды.
Сонымен бірге Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толтырудың баяу қарқыны да атап өтілді. Бүгінгі таңда ҰЦИП-қа жалпы сомасы шамамен 100 трлн теңгеге 3 мыңнан астам жоба енгізілді. Жүйеге 400-ден астам жоба әлі жүктелмеген, бұл аймақтардағы нақты ахуалды бұрмалайды.
«Инвестициялар үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында біз, Президент қойған міндеттерге сәйкес, тұрақты әрі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуіміз қажет. Сондықтан ұлттық экономикаға инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үдерісіне қолдау көрсету ісін жүйелі түрде жалғастыру керек. Осы тұрғыда процестерді цифрландыру – негізгі құралдардың бірі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев бизнес үшін әкімшілік кедергілерді анықтау және жою тәсілдерін ұсынды. Мәселен, Жалпыұлттық жоспар шеңберінде агенттік жасанды интеллектіні қолдана отырып, заңнамаға ревизия жүргізеді және реттеуші интеллект платформасын әзірлейді. Бұл кәсіпкерлердің өтініштері негізінде артық және қайталанатын талаптарды, мерзімдердің созылуын, нормалардың екіұшты қолданылуын және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау қорытындысы бойынша рәсімдерді оңайлату, мерзімдерді қысқарту, процестерді цифрландыру және құқық қолданудың ашықтығын арттыру жөнінде ұсыныстар жасақталатын болады.
Премьер-министрдің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты. Отандық инвесторларға арналған «бірыңғай терезе» функциясын күшейту, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өңірлермен анағұрлым тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов инвестициялық циклдің жаңа архитектурасы шеңберінде сыртқы контурды күшейту тәсілдері туралы баяндады. Компания АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Малайзия және Катар сияқты жеті негізгі елде толыққанды қатысуын қалыптастырды. Шетелдегі өкілдіктер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды қолдау орталықтарына айналдырылады. Бұл ретте инвесторға жобаны пысықтау кезеңінде Қазақстанға келудің қажеті болмайды — мәселелер шетелдегі кеңселер арқылы сол жерде шешіледі.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
●  Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша: әкімшілік кедергілерді анықтау және жою мақсатында заңнамаға ревизия жүргізу. Өтініштерді талдау қорытындысы бойынша анықталған заңдылықтар мен институционалдық шектеулер негізінде нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау.
● Инвесторлардың өтініштері бойынша: оларды «бір цифрлық терезе» қағидаты негізінде мониторингтеу және жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып жедел әрекет ету бойынша жүйелі жұмысты жолға қою. Барлық инвестициялық жобаларды Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға (ҰЦИП) енгізуді аяқтау, сондай-ақ инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы хабар алмасу функциясы бар платформаның мобильді қосымшасын іске қосуды жеделдету. Елімізде жүзеге асырылған және жүзеге асырылып жатқан барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылуы тиіс.
●  Сыртқы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша: «Kazakh Invest»-ке СІМ-мен бірлесіп шетелдегі өкілдіктерді толыққанды іске қосу үшін ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ «Kazakh Invest»-тің барлық шетелдік кеңселерінің жұмысын стандарттауды қамтамасыз ету тапсырылды.
●  Инвестициялық келісімшарттар мен жер мәселелері бойынша: инвесторларға рұқсат беру құжаттарын инвестициялық келісімшарттарды келісу және қол қою мерзімдерін түбегейлі қысқарта отырып, пакеттік қағидат бойынша ұсыну тапсырылды. Сонымен қатар жер ресурстарын басқаруға қатысты шашыраңқы ақпараттық жүйелерді бірыңғай цифрлық контурға біріктіру қажет.
●  Барлық ХҚКО-ларда инвесторларға қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған терезелер ашылып, мемлекеттік қызметтер басым және жедел тәртіпте көрсетілуі тиіс. Облыстық және аудандық ХҚКО директорларын өңірлік инвестициялық штабтардың құрамына енгізу.
●  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және отандық инвесторлармен өзара іс-қимылдың бірыңғай регламентін бекіту қажет.
●  Инвесторларға салықтық жеңілдіктер беруге қатысты тәсілдерді атаулылық, экономикалық тиімділік және бұрын көрсетілген салықтық емес мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып әзірлеу міндеті қойылды.
Сообщение Инвесторларға кедергі келтіргендер жазаланады: Үкімет қатаң режимге көшті появились сначала на Tizgin kz.
Асханаларға талап жаңарды, бірақ бұл кафе мен мейрамханаға әсер етпейді
Қазақстанда қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық талаптар күшейтіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ақпарат таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы №34 бұйрығымен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына өзгерістер енгізілген.
НЕ ӨЗГЕРДІ
Жаңа түзетулерге сәйкес, балалар санаторийлері мен сауықтыру ұйымдарының, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу нысандары асханалары мен түстену залдарының ауданына қатысты нормалар нақты бөлініп көрсетілген.
Ал кафелер мен мейрамханаларды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану орындарының алаңына қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде сақталған.
ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮЗЕТУЛЕР
Министрлік 2026 жылы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексіне байланысты санитариялық қағидаларға редакциялық өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Атап айтқанда, құжаттағы «сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер» деген тұжырым «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар» деген жаңа редакцияға ауыстырылған.
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
Ведомство бұл өзгерістер тек техникалық және редакциялық сипатта екенін, яғни талаптарды күшейтуге бағытталмағанын нақтылады.
Осыған байланысты 2026 жылы 1 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптар қатаңдатылады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Сообщение Асханаларға талап жаңарды, бірақ бұл кафе мен мейрамханаға әсер етпейді появились сначала на Tizgin kz.
Қалалар арасындағы таксисттер көлікке демалу құрылғысын орнатуға міндеттеледі
Қазақстанда қалааралық жолаушылар тасымалы кезінде құзырлы органдар жүргізушілердің демалу режимін міндетті түрде бақылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрлігі 2023-2027 жылдарға арналған бірлескен жол картасын бекіткен. Құжат жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолаушылар тасымалы саласын реттеуге бағытталған.
2024 жылы осы жол картасы аясында ІІМ, Көлік министрлігі, «Яндекс. Такси» және «InDrive» платформаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған. Құжаттарда такси саласындағы қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауын ынталандыру тетіктері қарастырылған.
«Қазір жүргізілген бірлескен жұмыстардың нәтижесінде рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам көлік құралының интернет-платформаларға қолжетімділігі шектелді. Бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыру және такси қызметін ретке келтіру мақсатында қабылданып отыр. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы саласында бірқатар заңнамалық түзетулер әзірленді», – деді Роман Скляр.
Склярдың мәліметінше, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа заңнамалық өзгерістер дайындалған. Олар бірнеше маңызды талаптарды қамтиды.
Атап айтқанда, рөлі оң жақтан ауыстырылған көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр. Сонымен қатар қалааралық тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимін бақылау құралдарын міндетті түрде қолдану көзделген. Бұдан бөлек, интернет-агрегаторларға тасымалдаушылардың заң талаптарына сәйкестігін бақылау міндеті жүктелмек. Ал таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтеріне арнайы рұқсат беру тәртібі енгізіледі.
Аталған түзетулер «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қарастырылып жатыр
Сообщение Қалалар арасындағы таксисттер көлікке демалу құрылғысын орнатуға міндеттеледі появились сначала на Tizgin kz.
Қытай соттылық анықтамасын бермейді – қандастардың елге көшуіне кедергі қойылғалы тұр
Астанада бүгін дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бастамасымен көші-қон заңнамасындағы қандастарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар бойынша дөңгелек үстел отырыс өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Аталған жиында көші-қон заңындағы өзекті мәселелер, қандас мәртебесі, құжаттандыру, қандастарды бейімдеу және құқықтық қолдау тетіктері талқыланып, нақты ұсыныстар мен бастамалар ортаға салынды. Сондай-ақ заңнамаға енгізілетін өзгерістерге қатысты жиынға қатысқандар өзара пікір алмасты.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қалалық филиалының төрағасы Ғалым Үлкенбайдың айтуынша, жақында көші-қон саясатына байланысты үкімет тарапы үш түрлі пилоттық жоба әзірлеген. Оның бірі – шетелдегі қазақтардан Қазақстанға келгенде сотталмағаны жөнінде құжат талап етуі, екіншісі – шығу парағы болса, үшіншісі – тест тапсыру.
“Осы өзгерістер Қытайдан көшіп келген қандастарға өте ауыр тиіп тұр. Қытайда біріншіден, шығу парағы деген мүлде қарастырылмаған. Екіншіден, сотталмағаны жөнінде қағаз мүлде берілмейді. Ол заңдарында мүлде жоқ. Үшіншіден, тест тапсыруға келгенде қазақ екеніміз рас болса да, тіліміз басқа болып кеткен соң ол қиын. Сондықтан, үкімет, ІІІМ, көші-қон қызметі осы үш талапты қандастардан алып тастаса деп өтінеміз”, – дейді Ғалым Үлкенбай.
“Қандастардың бәрі осы талаптарға байланысты сан соғып, қатты алаңдап отыр” дейді журналист әрі белсенді Қалиақпар Үсемханұлы. Оның сөзінше, бұл талаптар мүлде – жүйесіз.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қандастардың бәрінің басын атажұртқа қосу – біздің парызымыз деген. Дүниедегі барлық қазақтың Отаны – Қазақстан екенін де қадап айтқан. Демек, көші-қонға қатысты пилоттық жоба президенттің осы сөзіне сәйкес келмейтіні анық. Сондықтан біз құзырлы органдарға осы заңды жасаған төрт бірдей министрлікке өтініш-талаптарымызды айтып жатырмыз”, – дейді ол.
Сообщение Қытай соттылық анықтамасын бермейді – қандастардың елге көшуіне кедергі қойылғалы тұр появились сначала на Tizgin kz.
Жедел жәрдем қызметкерлері министрлікке петиция жариялады
Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігіне жолданған петицияда бірқатар талаптарын жариялады, деп хабарлайды  Tizgin.kz ҚазТАГ.
ПЕТИЦИЯ МАЗМҰНЫ
Айтуларынша, олар жұмыс істеуге мәжбүр болып отырған қазіргі жағдайлар түбегейлі өзгерістер мен сапалы мемлекеттік қолдауды талап етеді.
Жедел жәрдем қызметкерлері бос уәделерді емес, нақты әрі нәтижелі әрекеттерді көргісі келеді. Мемлекет тарапынан жедел жәрдем қызметкерлерінің нақты қажеттіліктері толық көлемде ескерілмей отыр. Осыған байланысты біз келесі талаптарды қоямыз: жалақыны арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту; жедел медициналық жәрдем қызметін ТЖМ жүйесіне енгізу; зейнеткерлік жасты төмендету; кадрлық құрамды ретке келтіру», – деп көрсетілген e-petition ресми сайтында жарияланған петицияда.
МИНИСТРЛІККЕ ЖОЛДАНЫП ҚОЙДЫ
Петиция Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне жолданған. Онда өтініш білдірушілер жедел медициналық жәрдем қызметі қызметкерлерінің жалақы деңгейі төмен күйінде қалып отырғанын, ал инфляцияның өсуі оның сатып алу қабілетін едәуір төмендетіп жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ олар тұрғын үй сатып алуға жеңілдіктер беруді, жедел жәрдем бригадаларының санын және фельдшерлердің санын арттыруды талап етеді. Кәсіби күйзеліс пен физикалық қажудың бар екенін көрсетіп, осыған байланысты жедел медициналық жәрдем қызметіндегі еңбекті зиянды және қауіпті деп тануды талап еткен.
«Осы петицияда көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларына, әлеуметтік қорғалуға және лайықты өмір сүру деңгейіне қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген петицияда.
Сообщение Жедел жәрдем қызметкерлері министрлікке петиция жариялады появились сначала на Tizgin kz.