Архивы суицид - Tizgin kz

«Қазақ отбасылары әлі талай жылайды»: психоаналитик қоғамдағы зорлық мәселесін көтерді
Психоаналитик Анна Құдиярова әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізіп, соңғы уақытта тұрыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған қыз-келіншектер, соның ішінде Меркідегі Мадинаның өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Пышақпен нан кесуге де, адам өлтіруге де болады»

Психоаналитиктің айтуынша, агрессия болған, агрессия бар, агрессия бола береді.

«Агрессиясы жоқ адам болмайды. Жаңа туған сәбиде агрессия болмаса ол ары қарай өмір сүріп кете алмайды. Агрессия деген – күш. Жұмысқа бару үшін, қарым-қатынас құру үшін, оқу үшін де күш керек. Күштің жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Пышақпен нан кесуге де, адам өлтіруге де болады. Пышақты дұрыс мақсатта қолдануды білу – психологиялық сауаттылық. Агрессияңызды 100% деп алсақ, оның қанша пайызын дұрыс бағытта қолданып жатырсыз? Осы туралы ойлануымыз керек», – дейді Анна Құдиярова.

«Психологтың өзі психологтан қашса – басқадан не қайыр?»

Маман осындай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары әлі де жалғасын таба береді, себебі қоғамда психологиялық сауат жеткілікті деңгейде артқан жоқ екенін айтты.

«Қазақ отбасылары, әлі талай жылайсыздар, себебі психологиялық сауатты жеткілікті деңгейде арттырып жатқан жоқсыздар. Қазір шәкірттерім жаз бойы тегін топтық терапия, ал өзім тегін супервизиялар өткізіп жатырмын. Соған топырлап келіп жатқан жоқсыздар, кезекте тұрған жоқсыздар. Психологтардың өзі супервизиядан қашса – басқадан не қайыр күтеміз? (Супервизия – тәжірибесі аз психологқа тәжірибесі көп психолог бағыт-бағдар беретін шара) », – дейді психоаналитик.

«Мадинаның анасы қателігін түсініп отырған жоқ»

«Мадинаның анасына жаным ашиды, бірақ сол әйел «Жаным ауырып отыр, өз қателігімді түсіндім» деп отыр ма? Сұхбат бергенде Мадинаға 700 мыңдап ақша берген екен. Сонда неге «Қызым, шырылдап жатырсың. Қарым-қатынасың шайқалып жатыр. Үйге зат алғаннан пайда жоқ. Осы ақшаға психологқа барсаң қалай болады?» дейтін ана бар ма? Әлі ХХV ғасырда өмір сүріп жатқандай әсер. Шаңырақ шайқалып жатқан кезде жиһаз алғаннан, бес бала тапқаннан пайда жоқ. Ал психологқа барса ол әйелін және күйеуін отырғызып қойып әңгімелеседі, кикілжіңді сөзбен шешуге бағыттайды», – дейді ол.

«Жігітке де жаным ашиды»

Психоаналитик Мадинаның күйеуін де аяйтынын айтты.

«Мен жігітке де жаным ашиды. Ол неге ондай әрекетке барды? Неге өзінің агрессиясын игере алмай қалды? Неге осындай қиын жағдайдың алдын алып, маманға барып, ішіндегісін шығармады екен. Менің ойымша, Мадинаның да, оның жолдасының да отбасы психологиялық сауаттылықтан өте алыс.», – дейді маман.

«16-17 жаста отбасы құрам деген жасөспірімді ата-анасы тоқтату керек»

Ол Мадинаны алып-қашуға қатысты пікірін айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 21 жасқа дейінгі адамды жасөспірім деп бекітті. Мадинаның 16-17 жаста алып қашса, ол өз еркімен сол шаңырақта қалса да жауапкершілік оның ата-анасында. Мүмкін бұл жерде «Ұят болады» деген жалған намыс рөл ойнап кеткен шығар. 16-19 жас аралығында адамның гормоны ойнап тұрады, ол табиғи құбылыс. Ондай кезде жасөспірім төсек қатынасына барып қоюы мүмкін. Өздеріңіз ойлап көріңіздер: жасөспірім кездеріңізде ғашық болу сезімі болды ма? Махаббат пен ғашықтық екі түрлі сезім. Махаббатыңызға қосылсаңыз аққудай бірге жүріп, бірге қартаярсыз. Ал ғашықтық сезімі – гормондардың ойнауының нәтижесі, ол уақытша күй. Ғашық болдым екен деп үйленуге асықпау керек, ойлануға уақыт керек, оны тоқтататын әке мен шеше керек», – дейді ол.

«Ұяда не көрді – ересек өмірде сол қайталанады»

Анна Құдиярова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары сол оқиғаға тап болмай тұрып, өзінің кабинетіне келсе – не туралы сөйлесетінін айтты.

«Мен алдымен балалық шағы туралы сұрар едім. Мысалы,  Мадина тату-тәтті, ұрыс-керіссіз, агрессиясыз отбасыда өскен жағдайда жолдасы алғаш қол көтерген кезде-ақ шара қабылдап, мүмкін қашып кетер еді немесе туған-туысқандарын шақырып талқылар еді. Ол неге шыдады? Үйдегі болған нәрсеге үйренген адам екінші отбасыдағы соған ұқсас жағдайға шыдап жүре береді. Оның күйеуінің жағдайы да мәз емес. Оның ата-анасында агрессия болған сияқты. Ата-анасының қорлығын, агрессиясын көрмеген бала басқа адамға қол көтере алмайды. Ал психологиялық ауытқушылығы болса – ол басқа әңгіме. Әлеуметтік желідегі сурет, видеоларында оның ауытқушылығы бар екені байқалмайды, бірақ агрессиясын басқара алмағаны анық», – дейді ол.

Сообщение «Қазақ отбасылары әлі талай жылайды»: психоаналитик қоғамдағы зорлық мәселесін көтерді появились сначала на Tizgin kz.

Астанада 22 қабаттан құлаған қыздың қазасы тергеліп жатыр
Астанада 17 тамыз күні тұрғын үйдің 22 қабатынан құлаған қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Роза Бағланова көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға фактісі бойынша суицидке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Қыз оқиға орнында көз жұмды

«Құлау салдарынан алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп түсіндірді Астана қаласы Полиция департаменті.

Сообщение Астанада 22 қабаттан құлаған қыздың қазасы тергеліп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Қордайдағы СОБР қызметкерінің өлімі: полиция мәлімдеме жасады
Жамбыл облысындағы СОБР қызметкерінің өліміне қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қордай аудандық полиция бөлімінің ғимаратында қаза тапқан арнайы жасақ қызметкерінің ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс те тағайындалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай қызметтік міндетін атқарумен байланысты емес», – деп мәлімдеді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Қордай аудандық полиция бөлімінде СОБР қызметкерінің өз-өзіне оқ атқаны хабарланған еді.

Сообщение Қордайдағы СОБР қызметкерінің өлімі: полиция мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

СҚО-да округ әкімі өзіне қол жұмсады
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өз-өзіне қол жұмсаған.

Ол бұл қызметке биыл 17 ақпанда ғана тағайындалған болатын. Оған дейін “Майское-Агро” ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға кеше болған. Қазір мән-жайы анықталып жатыр.

Сообщение СҚО-да округ әкімі өзіне қол жұмсады появились сначала на Tizgin kz.

Астанада интернет-алаяқтардың құрбаны болған 20 жастағы қыз көз жұмды
Астана полициясы 20 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын анықтап жатыр. Ол интернет-алаяқтардың қысымына тап болған болуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, бойжеткен телефон арқылы әрекет еткен алаяқтардың құрбаны болған. Оқиғаның мән-жайына қатысты Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

«Интернет-алаяқтардың құрбаны болған 20 жастағы қыздың суицид жасау фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтық дерегі бойынша да бөлек қылмыстық іс тіркелген. Қазір тергеушілер қылмысқа қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

Полиция мәліметінше, іс қазір тергеушінің өндірісінде. Құзырлы органдар марқұмның сенімді өкілдері және адвокаттарымен байланыс орнатқан.

Сообщение Астанада интернет-алаяқтардың құрбаны болған 20 жастағы қыз көз жұмды появились сначала на Tizgin kz.

“Бәрі тұрмысқа шыққан соң басталды”: Ақтаудағы студенттің өліміне кім кінәлі
1 қаңтар күні Ақтауда пәтерлердің бірінен жас қыздың мәйіті табылды. Полиция мұны суицид деп танып, істі жапқанымен ата-анасы бұған сенбей отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ҰРЫС-КЕРІС ТЕЗ-АҚ БАСТАЛҒАН

Анасы Гүлзира Демеуованың айтуынша, 24 жастағы Маржан есімді қызы биыл жергілікті медициналық колледжді тәмамдап, стоматолог дипломын алуы керек болған. Бірақ жоспардың күл-талқаны шықты.

Былтыр наурыз айында Маржан стоматологпен отау құрды. Жас жұбайлар қыздың оқуы аяқталғанша Ақтауда пәтер жалдап тұруды жөн көрді. Күйеуінің жанұясы Ақшұқырда тұрады.

Дегенмен көп ұзамай екеуара ұрыс-керіс жиі шыға басталды. Күйеуінің туыстары олардың Ақшұқырға қайтып, үй тірлігімен айналысуын талап еткен.

“Маржан ол жаққа барғысы келмеді. Оқуын аяқтап, жұмыс істеуді жөн көрген. Болмағанда, оқуын тәмамдағанша Ақтауда тұратын болып күйеуімен болатын”, – деді Гүлзира Демеуова.

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Жаңа жыл қарсаңында бойжеткен жоспарларын бөлісіп, күнделікті істерін айтқан. 1 қаңтарға сұлулық салонына ламинация жасатуға, 15 қаңтарға массажға жазылған, сондай-ақ қыркүйекте күйзеліс салдарынан болған түсіктен кейін оңалтудан өтуді жоспарлапты. Сонымен қатар Маржан жүргізушілер курсында оқып, 26 қаңтарға емтиханға жазылып қойған.

Дегенмен жыл басында Гүлзира Демеуоваға қызының өз үйінде асылып қалғаны туралы хабар жеткен. Әйелдің айтуынша, оған бәрінен соң естірткен.

Іс ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша қозғалды. Алайда, жәбірленуші тараптың пікірінше, тергеу аясында оқиғаның себептерін анықтау үшін қарастырылған барлық мүмкіндік толық пайдаланылмаған. Атап айтқанда, марқұмның психоэмоционалдық жағдайына тиісті баға берілмеген, соның ішінде өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу нұсқасын тексеруде маңызды мәні бар тиісті арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

АТА-АНАСЫ КІМНЕН КҮДІКТЕНЕДІ

Сондай-ақ Гүлзира Демеуова, жекелеген процестік әрекеттер негізді мерзімдерді бұза отырып және тиісті процестік бекітусіз жүргізілгендігін айтты. Бұл тергеу қорытындыларының дұрыстығына әсер етуі мүмкін көрінеді.

“Бәрі “екінші тарап” пайдасына орайластырылып жатқандай сезім пайда болды. Ал мәйітке жасалған медициналық сараптама Маржанның мұны өз еркімен істегені немесе біреудің “көмектескені” туралы нақты жауап бермеді”, – дейді әйел.

Отбасы қабылданған процестік шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтілігі принциптеріне сәйкес келмейді және олардың тиімді қорғалу құқығын бұзады деп есептейді.

Маржанның ата-анасы мен барлық туыстары оны біреу өлтіргеніне сенімді.

“Маржан мақсатшыл қыз болатын. Бар пәле тұрмысқа шыққаннан соң басталды. Айтпақшы, ол бұл адамға екі рет бас тартқан еді, бірақ ол бәрібір өзіне тұрмысқа шығуға көндірді. Бұдан жақсы ештеңе шықпады, күйеуінің туыстары оны тек тегін жұмыс күші ретінде көрді. Мен бұның суицид екеніне сенбеймін: жағдай қаншалықты қиын болса да, ол өз еркімен өмірден кетпес еді”, – деді анасы.

Сообщение “Бәрі тұрмысқа шыққан соң басталды”: Ақтаудағы студенттің өліміне кім кінәлі появились сначала на Tizgin kz.

Балалардың өз-өзіне қол салуы: оны қалай түсініп, дер кезінде көмектесуге болады
Балалардың өз-өзіне қол салуы (суицид) жайттары кейінгі кезде қоғамды көбірек алаңдата бастады. Мәселеге мамандар ата-аналардан бастап мемлекеттік институттар жіті қарауы керек деп есептейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстанда 2025 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы суицид саны 13,7%-ға өсті. 199 жасөспірім өз еркімен өмірден өтсе, оның ішінде 5 пен 14 жас аралығындағы 64 бала бар. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәліметінше, 2023 жылы елде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданған болатын. Тұрақты жарияланымдарға қарағанда, елде жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында белсенді жұмыстар басталып, өңірлерде психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

Өкінішке қарай, бұл шаралар әзірге тек қысқа мерзімді нәтиже беріп отыр. 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы аяқталған суицидтер саны 14,2%-ға азайды. Бірақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша, қаңтар-желтоқсан аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид саны 13,7%-ға өсіп, іс жүзінде 2023 жылғы деңгейге қайта оралды.

«Ештеңе байқамадық» – ересектер жиі айтатын сөз

Жақыныңызды қалай түсініп, дер кезінде қалай көмек көрсетуге болатыны туралы мамандар пікір білдірді. Мамандардың айтуынша, жасөспірім суицидке әрекет жасаған кезде жақындарының “Ештеңе байқамадық” немесе “Ойымызға да келмеді” деуі – жиі кездесетін жағдай.

Психоанализ бағытындағы психолог Назерке Көкебаева жасөспірімдер ересектер сияқты емес екендігін айтты.

«70%-дан астам жағдайда суицидке түрткі болған нақты бір жағдай болады: жанжал, сәтсіздік, әшкерелену қорқынышы немесе ұят деп қабылданған оқиға. Жасөспірімдер ересектерден өзгеше ойлайды. Суицид жасаған адам өзін-өзі сақтау инстинктін елемегендей болады. Бұл – негізгі инстинкт, оны жеңу – үлкен жұмбақ», – дейді ол.

Дін қызметкері ата-аналарға қалай көмектесе алады?

Суицидтен баласын жоғалтқан ата-аналар кейде мешітке барудан қорқады, бірақ жасөспірімдердің жағдайында суицид жасау – олардың саналы түрде өмірден кетуді таңдағандығын білдірмейді. Көп жағдайда жасөспірім ересек адамдар өзіне назар аударып, құтқарып қалғанын қалайды.

Нұрлан қажы Асанов

«Алла тағала адамға жан мен денсаулықты аманат етіп берді. Жан Алланың үкімімен ғана алынуы керек. Алла тағала өзіне құл жұмсаған пендесі туралы «Бұл құлым менімен жарысты, маған бір нәрсені дәлелдегісі келді» деп ескертеді. «Менің жолым болмай қалды», «Қарыз болып қалдым», «ҰБТ-дан төмен балл алып қалдым», «Мен ұятқа қалдым» деп өз-өзіңе қол жұмсау дұрыс емес. Біріншіден, мұндай жағдайда басыңызға түскен азап өлген кезде азаймайды, екіншіден туған-туыстарыңыз «Бұлардың қанында өз-өзіне қол жұмсау бар» деп есептейді. Бұл күнәдан шама келгенше алыс болуымыз керек» дейді «Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы Нұрлан қажы Асанов.

Суицидтік белгілерді қалай тануға болады

Өзін-өзі өлтіруге ниеті бар бала көп жағдайда алдын ала белгілер береді. Оларды тану – өмірді сақтап қалудың ең маңызды қадамы. Бұл белгілер айқын немесе өте жасырын болуы мүмкін.

«Жасөспірімдер кейде агрессивті немесе демонстративті әрекет етеді. Сондықтан олардың шынымен қауіпте екенін немесе жай ғана назар аудартқысы келетінін ажырату қиын. Кейбір балалар өз құндылығын шарттарға байланысты деп қабылдайды: жақсы оқыса ғана, тәртіпті болса ғана бағалы. Ал ондай болмаса – өзін қажетсіз сезінеді. Балалармен бәрі туралы сөйлесу керек, тіпті қорқынышты тақырыптар туралы да. Баламен ашық сөйлесу – өте маңызды», – дейді психолог Назерке Көкебаева.

Психологтың айтуынша, суицид туралы ойлап жүрген немесе одан аман қалған баланы жалғыз қалдыруға болмайды.

Психолог Назерке Көкебаева

«Қазіргі өмір ырғағы бізге өз талаптарын, өз заңдылықтарын қояды, біз соған бейімделуге мәжбүрміз. Біз, ересектер, күнделікті мәселелерімізді шешіп, өмірдің күрделі жауапкершіліктерін көтеріп жүреміз. Жұмысымызды, қаржылық тұрақтылығымызды жоғалтып алудан қорқамыз, өйткені өмір сапамыз соған байланысты. Барлығына үлгеруге тырысамыз…

Көпшілігіміздің отбасымыз бар, жасөспірім балаларымыз бар. Біз олардың бақытты болғанын қатты қалаймыз. Бірақ көбінесе өз мәселелеріне батып кеткен ересектер ретінде, біз шын мәнінде не үшін «тынымсыз жүгіріп жүргенімізді» ұмытып кетеміз. Үйге шаршап келіп, балаларымызға жиі былай дейміз:

«Мен қатты шаршадым, күні бойы тыным таппай жұмыс істедім, ал сен болсаң…» – әрі қарай әркім өз сөзін жалғастырады.

Әрине, біз шаршаймыз, демалуға құқылымыз, бірақ күн сайын, біртіндеп өз балаларымызды өзімізден алыстатып бара жатқанымызды байқамай қаламыз. Біз олардың мәселелерін елемейміз, олардың маңыздылығын түсінбейміз. Айтатын сөзіміз: «Қойшы, уайымдама! Бұл түк емес!», «Жай ғана жігітіңмен ұрысып қалдың ғой, татуласып кетесіңдер!», «Әлі талай қыз болады, балам, уайымдама!», «Осы да мәселе ме? Міне, нағыз мәселе менде…!» Бұл – таныс жағдай ма?

Осылайша балаларымыз біздің осындай реакциямызға үйреніп кетеді. Олар өздерін маңызды емес сезінеді, олардың сөзін ешкім шындап қабылдамайтынын түсінеді. «Сонда ата-анамен бөлісудің қажеті бар ма?» деген сұраққа бір күні өздері «Жоқ» деп жауап береді. Ал біз, ересектер, көбіне бұған мән де бермейміз. “Қарны тоқ, киімі бүтін, бәрі бар – тағы не керек?» деп ойлаймыз», – дейді психолог.

Ал шын мәнінде, балаларға тек материалдық дүниелер жеткіліксіз. Оларға біздің жылуымыз керек! Оларға ата-ана керек. Оларға ата-анасымен сезімдерін бөлісу маңызды, кеңес сұрау, сырын ашу маңызды. Кейде оларға анасының немесе әкесінің иығына басын қойып жылап алу, қолдау сөздерін есту, махаббатты сезіну өте қажет.

Сообщение Балалардың өз-өзіне қол салуы: оны қалай түсініп, дер кезінде көмектесуге болады появились сначала на Tizgin kz.

Бала суицид жасағысы келсе де, бейсаналы түрде өзін тоқтатар кісіні іздейді – психоаналитик
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық – Қазақстандағы маңызды әлеуметтік және психологиялық мәселелердің бірі. Соңғы жылдары мамандар бұл мәселенің алдын алу үшін кешенді шараларды күшейту және балаларға, жасөспірімдерге, сондай-ақ олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету жүйесін дамыту қажеттігін жиі атап өтуде. Психоаналитик Анна Құдиярова Tizgin.kz порталына балалар мен жасөспірімдердің суицид жасау себептерін және оның алдын алу жолдарын айтты.

Суицидтің алдын алу жолы – психотерапия

Психоаналитик Анна Құдиярованың айтуынша, суицид кенеттен пайда болмайды. Көп жағдайда суицид жасалмас бұрын балада ұзақ уақытқа созылған психологиялық қиындықтар, эмоционалдық оқшаулану және уақытылы қолдаудың болмауы байқалады.

– Ата- анасымен қарым-қатынасы жақсы бала ешқашан өз-өзіне қол жұмсамайды. Жұма күні Сіздің тісіңіз ауырса және барлық тіс емханасы дүйсенбіге дейін жабық болса – 2-3 күн шыдап жүру қаншалықты қиын екенін елестете аласыз ба? Ал жан ауруы дененің дертке ұшырауына қарағанда 100 есе ауыр деп айтуға болады. “Тығырықтан шығу жолы тек қана суицид” деп ойлайтын балаға психологиялық сауат жетпейді деген сөз. Қазір ауылдың өзінде психолог бар, әр мектепте кемі 1-2 психолог бар. Осындай тығырыққа тірелген сәтте міндетті түрде маманға жүгіну керек.

Психоаналитиктің айтуынша, суицидке дейін бірнеше саты бар.

– Бастапқыда суицид туралы ой пайда болады. Бала “Бұлай қиындыққа шыдап жүре бергенше – өле салғаным артық” деп ойлайды. Мен мектептегі бір сыныпқа өткізген кездесудегі тәжірибеммен бөлісейін. Сыныптағы оқушыларға “Суицид туралы ой болған кез болды ма?” дегенде сыныптағы оқушының 95%-ы “Иә” деп жауап берді. Бұл – шынайы пікір. Бойында жаны бар кез келген адамда өмірінде бір рет болса да “Бәрінен шаршадым, өле салайын ба?” деген ой келеді. Ойдан кейін ниет пайда болады. Бала “Терезеден секіріп кетсем бе екен?”, “Дәрі ішсем бе, әлде арқан керек пе?” деп суицид жасау жолдарын іздей бастайды. Осы жолдарды іздеп жүрген баланың әрекеттерінде қандайда бір белгілер болады. Мысалы, бала өлімге қатысты фильмдерді көре бастайды. Ол саналы түрде суицид жасағысы келгенмен, бейсаналы түрде әлдекім өзін тоқтатқанын, бір адам болсын өзін түсінгенін қалайды. Өкінішке қарай, баланың жанында жүрген ересек адамдар да психологиялық тұрғыда сауатты емес, сондықтан баланың суицид туралы беріп жатқан белгілеріне назар аудармайды, сөйтіп баладан айырылып қалады. Көп жағдайда жасөспірім шынымен өмірмен қош айтысам деп ойламайды. Оның мақсаты — ата-анасын қорқыту арқылы қалағанын алдырып алу, назарды өзіне аударту, бірақ биіктікте аяғы тайып кетуі мүмкін екенін, ішкен дәрісі расымен өміріне қауіп төндіретіні туралы ойламайды.

Көптен бері хабарласпай кеткен досыңыз болса – хабарласыңыз.

– Егер досыңыз 2-3 ай тұйықталып, хабарласпай кетсе – оған өзіңіз хабарласып, қалын сұраңыз. “Ол хабарласпай кетті” деп Сіз оған ренжіп жүрген кезде ол іштей өмір мен өлім арасында күресіп жүрген болуы мүмкін. Ол үйінен шыққысы келмесе — күйзелістің белгісі. Күйзелген бала ешқайда шыққысы келмейді. Оқушының киімінің түсіне де мән беріңіз. Күйзеліске дейін ол қызыл, жасыл, сары түсті ашық-жарқын киім кисе, күйзеліс кезінде қара, сұр киімді киеді.

Анна Құдиярова ата-анасынан махаббат алмаған, үнемі қорланып өскен бала ересек өмірінде аутоагрессияға бейім болатынын айтты.

– Аутоагрессия – өз-өзіңе зиян келтіру, өзіңе бағытталған қастандық. Менталды тұрғыда өз-өзін кінәлі сезіну тұрғысынан көрініс тапса, физикалық тұрғыда өзіңе зиян келтіру: суицид, анорексия, денені тіліп тастау түрінде көрініс табады. “Аутоагрессия” латын тілінен аударғанда “өз-өзіңе шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Аутоагрессияның ең қауіпті формасы: суицид, нашақорлық және маскүнемдік. Бала кезде қорлық көріп өскен адамның өз ағзасында дефомин, яғни бақыт, қуаныш гормоны аз бөлінеді, сол себепті ол оны сырттан: ішімдіктен, есірткіден іздейді. Балаға шамасынан тыс жоғары талап қоюға, жиі кінәлап, жұрттың баласымен салыстырып, жаза ретінде сөйлеспей қоюға болмайды. Жаны қатты ауырып, күйзеліске түскен және өзін дәрменсіз сезінген бала аутоагрессияға ұшырайды. Аутоагрессияның ең соңғы деңгейі – суицид.

Жасөспірім суицид жасау арқылы өзін емес, өз ішіндегі ата-анасын өлтіреді

Психоаналитиктің айтуынша, жасөспірімдер суицидті демонстративті түрде қолданады, яғни мақсат — өмірден өту емес, ата-анасының назарын өзіне аударып, жан айқайын жеткізу.

–  Суицид жасайтын бала, жоғарыда айтып өткенімдей, бұл туралы ашық не астарлы түрде, әзіл түрінде болсын айтады. Ондай баланың миында қандайда бір тығырықтан шығудың бірнеше жолы болмайды, тек бір жол бар, ол — өзіне қол салу. Суицид жасайтын бала еңсесі түскен күйде жүргенмен, аяқ асты эмоциялық түрде көңілі көтеріліп қалатын кезеңге келеді. Демек, ойша өмірден қалай озатынын жоспарлап қояды, одан кейін “жақында қиналуымның нүктесі қойылады, өмірмен қоштасуыма, қиналуымның аяқталуына аз қалды” деген оймен жүріп, көңілі көтеріледі. Жақыныңыздың бойынан осындай күй байқасаңыз — назар аударып, сөйлесіңіз.

Тағы бір мысал, өзін жазалаушы, менсінбеуші, кемсітуші ата-анамен күресу балаға қиын, сол себепті бала сол ата-ананы символикалық тұрғыда өз ішіне кіргізіп алып, үнемі іштей дау-дамайда жүреді. Күндердің бір күнінде сол іштегі ата-ананы “өлтіру” үшін суицид жасайды. Ол өзі ғана өмірден өтпей, ата-анасын солай жазалап кетеді. Баласы өмірден озған ата-ана бір-бірін кінәлап, өмірден озғанша өмірден озып кеткен баласын ойлап, “тірі өлікке” айналады. Осындай жағдайға тап болмас үшін әр ата-ана баласының қалауына құлақ түріп, ақылдасып, жиі әңгімелесіп, сезімдерін сұрап, рухани байланыста болып отыруы керек.

Сообщение Бала суицид жасағысы келсе де, бейсаналы түрде өзін тоқтатар кісіні іздейді – психоаналитик появились сначала на Tizgin kz.

Ақтөбе облысында әкім өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің өліміне байланысты суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

НЕДЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дүйсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, оқиғаның мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін бұл туралы «ГосАрхив» Telegram-арнасы хабарлаған.

«Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесі 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйінен табылған. Марқұм 46 жаста болды. Бейресми мәліметтерге сәйкес, сол күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі қайғылы хабарды растады. Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарды», — делінген хабарламада.

Сообщение Ақтөбе облысында әкім өзіне қол жұмсады появились сначала на Tizgin kz.