Архивы сапа - Tizgin kz

«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: белгілі актер ауруханадағы жағдайға шағымданды
Қазақстандық актер Санжар Мәди әкесінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлады. Өнер иесі медициналық мекемедегі тамақтың сапасы мен науқастарға жасалған тұрмыстық жағдайға көңілі толмайтынын айтып, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты өткір сұрақ көтерді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, өзге қазақстандықтар да ауруханалардағы жағдай туралы пікір білдірді.

«Әр жолы министрге дейін хабарласуым керек пе»

Санжар Мәди әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің жағдайы кенеттен нашарлап, жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына (БСМП) жатқызылғанын жазды. Актердің айтуынша, әкесі ауруханадағы тамақ пен шайдың суық берілетінін, сондай-ақ дәретхана қағазы мен сүлгі секілді ең қажетті тұрмыстық заттардың жоқ екенін жеткізген.

Өнер иесі мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отырмағанын атап өтті. Оның сөзінше, былтыр да әкесінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен кезде медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін жоғары лауазымды тұлғаларға жүгінуге мәжбүр болған.

«Әкемнің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Бүгін тамақтың да, шайдың да суық екенін, дәретхана қағазы мен сүлгі сияқты қарапайым заттардың жоқ екенін жазды. Былтыр да жағдайы ауырлап, ауруханаға түскенде қызмет сапасын жақсарту үшін Денсаулық сақтау министріне дейін хабарласуға тура келді. Одан кейін министрдің орынбасары, бас дәрігер арқылы мәселені шешуге тырыстық, бірақ бұлай болмауы керек», – деп жазды актер.

Санжар Мәди әр жолы медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін басшылармен байланыс іздеуге мәжбүр болғысы келмейтінін айтты.

«Мен әр жолы қандай да бір басшылардың, жетекшілердің байланысын іздегім келмейді. Қаланың орталығындағы ауруханада осындай жағдай болса, басқа ауруханаларда не болып жатқанын елестете алмаймын. Мен төлеп жүрген салықтар мен аударымдар қайда кетіп жатыр?» – деп сұрақ қойды ол.

Актердің бұл жазбасы медициналық мекемелердегі қызмет көрсету сапасы мен науқастарға жасалатын жағдай мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

«Танысы жоқ қарапайым адамдар қайтеді»

Санжар Мәдидің жазбасына пікір қалдырған желі қолданушыларының бір бөлігі актердің шағымын қолдады. Олар көпшілікке танымал адамдардың жоғары лауазымды тұлғаларға хабарласуға мүмкіндігі болғанымен, қарапайым азаматтар үшін мұндай мәселені шешу әлдеқайда қиын екенін жазды.

«Санжар, сіз танымал адамсыз. Қаншалықты қиын болса да, жоғары лауазымды адамдарға хабарласуға мүмкіндігіңіз бар. Ал ешқандай танысы жоқ, басшыларға шыға алмайтын қарапайым адамдар мұндай жағдайда не істейді? Біздің елде кейбір мәселелердің тек таныс арқылы шешілетіні өте өкінішті», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман онкологиялық ауруханада ем қабылдап жатқан әкесінің жағдайын мысалға келтірді. Оның айтуынша, анасы әкесінің жанында күтуші ретінде қалып, бірге жатқанымен, ауруханадағы тамақтың сапасына көңілдері толмайды.

«Әкем онкологиялық ауруханада жатыр. Анам жанында күтуші болып жүр. Бір күні кешкі ас әкелді, бірақ оны жеу мүмкін емес еді. Қантты шамадан тыс қосып жіберген. Сондықтан тамақты өзіміз апарамыз. Меніңше, көп адам ондай асты жемей, қоқысқа тастайтын шығар. Қаншама қаражаттың босқа жұмсалып жатқаны өкінішті», – деді ол.

Ал кейбір желі қолданушылары мәселенің түп-төркіні мемлекет тарапынан қаражаттың жеткіліксіз бөлінуінде емес, бөлінген қаржының қаншалықты тиімді жұмсалатынында болуы мүмкін деген пікір айтты.

«Мемлекет ауруханаларға ақша үнемдейді деген пікірлермен келіспеймін. Біздің мемлекет медициналық мекемелерге, ауруханаларға, емханалар мен перзентханаларға қомақты қаржы бөледі, бірақ сол қаражаттың ақыр соңында қайда жұмсалатыны – бөлек мәселе», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

Ауруханалардағы қызмет сапасы мен қаражаттың жұмсалуы сұрақ туғызды

Актердің шағымынан кейін әлеуметтік желідегі талқылау ауруханалардағы тұрмыстық жағдаймен шектелмей, медициналық мекемелердің қаржыландырылуы мен қызмет сапасына қатысты мәселелерге ұласты.

Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландыру тетіктері аясында стационарлық қызмет тарифтеріне науқастардың тамақтануы, медициналық қызметкерлердің еңбекақысы, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар және басқа да шығындар кіреді. Қаржыландыру жүйесінде мұндай шығындардың қарастырылуы әрбір медициналық мекемеде қызметтің тиісті деңгейде көрсетіліп отырғанын білдірмейді.

Санжар Мәдидің жазбасында айтылған жағдайлар әзірге актердің мәлімдемесіне негізделген. Аурухана тарапынан түсініктеме берілгені туралы ақпарат ұсынылған жоқ. Сондай-ақ нақты медициналық мекемедегі қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын растайтын деректер келтірілмеген.

Дегенмен бұл оқиға қоғамда маңызды сұрақ туғызды: медициналық көмектің сапасы науқастың танымалдығына немесе жоғары лауазымды тұлғалармен байланысына тәуелді болмауы үшін не өзгеруі керек?

Сообщение «Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: белгілі актер ауруханадағы жағдайға шағымданды появились сначала на Tizgin kz.

Жұрттың шағымынан кейін Sinoil, QazaqOil және Helios бензиндерінің сапасы тексеріліп жатыр
Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың шағымынан кейін автомобиль бензинінің сапасын жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде тексеріп жатыр. Павлодар мұнай-химия зауытынан және еліміздің бірнеше өңіріндегі 17 жанармай құю станциясынан алынған сынамалар зертханаға жіберілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ПМХЗ бензині тәуелсіз зертханада тексеріледі

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар мұнай-химия зауытынан тікелей алынған бензиннің арбитраждық сынамаларын өндірушіге тәуелсіз зертханаға тапсырды.

Сонымен қатар Sinoil, QazaqOil және Helios қоспалары қосылған отын үлгілері де бөлек зерттеліп жатыр. Зерттеу қорытындысы бір апта ішінде белгілі болады.

Қазір министрлік бензин сапасына қатысты азаматтардан түскен 12 өтінішті қарап жатыр. Оның тоғызы Астана тұрғындарынан келіп түскен. Тағы бір шағым Павлодардан, екеуі Солтүстік Қазақстан облысынан жолданған.

17 АЖҚС-дан бензин сынамасы алынды

Тексеру аясында еліміздің төрт өңіріндегі 17 жанармай құю станциясында бақылау сатып алуы жүргізілді. Алматы қаласы мен Алматы облысында бес-бестен, Абай облысында алты, Жамбыл облысында бір АЖҚС тексерілген. Алынған отын үлгілері қазір зертханалық сынақтан өтіп жатыр.

Министрлік тексеру жұмыстары тек өндіріс орнымен шектелмейтінін мәлімдеді. Бензиннің сапасы зауыттан бастап, мұнай базалары мен жанармай құю станцияларына дейінгі бүкіл жеткізу тізбегі бойынша бағаланады.

Егер автомобиль бензинінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, заңнамада көзделген шаралар қабылданады. Атап айтқанда, сапасыз жанар-жағармайды сатуға тыйым салынып, мұндай өнімдер айналымнан алынады.

Сауда және интеграция министрлігі зертханалық тексерулердің нәтижесін қосымша жариялайтынын хабарлады.

Сообщение Жұрттың шағымынан кейін Sinoil, QazaqOil және Helios бензиндерінің сапасы тексеріліп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстандағы жекеменшік мектептердің табысы баяулай бастады
Қазақстандағы жеке мектептердің табысы кейінгі төрт жылда тұрақты өскен. Дегенмен уақыт өткен сайын табыстың өсімі тежеліп келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жұмақтай болған жылдар

Қазақстандағы жекеменшік мектептердің табысы 2022 жылы табыс 134,9 млрд теңге болса, 2023 жылы 207,1 млрд, 2024 жылы 271,9 млрд, 2025 жылы 333,2 млрд теңгеге жеткен. Осылайша төрт жылда жеке мектептердің табысы 2,5 есеге жуық артқан. Олардың барлық мектептердің табысындағы үлесі де 2022 жылғы 5%-дан 2025 жылы 8,7%-ға дейін өскен.

Десе де, өсім қарқыны жыл сайын бәсеңдеген. 2023 жылы жеке мектептердің табысы 53,5%-ға артса, 2024 жылы 31,3%, 2025 жылы 22,5% өсім көрсеткен. Яғни нарықтың көлемі жыл сайын ұлғайғанымен, алғашқы жылдардағыдай жоғары қарқын сақталмаған.

Жеке мектептердің табысындағы мемлекет пен халықтың үлесі де әр жылда әртүрлі өзгерген. 2022 жылы 134,9 млрд теңге табыстың 54,9 млрд теңгесі бюджеттен, 20 млрд теңгеге жуығы халықтан түскен. 2023 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 90,7 млрд және 34,9 млрд теңге, 2024 жылы 133,6 млрд және 45,3 млрд теңге болды. 2025 жылы бюджеттен түскен қаражат 137,6 млрд теңгеге дейін ғана өскен, ал халықтың оқу ақысы ретінде төлеген сомасы 22,2 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Осылайша 2022-2025 жылдары жеке мектептерге бюджеттен түсетін қаражат 2,5 есеге жуық өскен. Бірақ оның өсімі негізінен 2022-2024 жылдары қалыптасқан: 2022 жылдан 2023 жылға дейін бюджет қаражаты 35,8 млрд теңгеге, 2024 жылы тағы 42,9 млрд теңгеге артқан. Ал 2025 жылы өсім 4 млрд теңгеге де жетпеген.

Халықтың жеке мектептерге оқу ақысы ретінде төлеген қаражаты басқа бағытта өзгерген. 2022-2024 жылдары ол 20 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін, яғни екі еседен астам өскен. Алайда 2025 жылы бұл көрсеткіш 22,2 млрд теңгеге дейін түскен. Яғни бір жылда ата-аналардың оқу ақысы бойынша шығыны шамамен жартысына қысқарған.

Шетелдік меншікке тиесілі білім беру ұйымдарының табысы да өскен. 2024 жылы олардың жалпы табысы 30,5 млрд теңге болса, 2025 жылы 40,7 млрд теңгеге жетіп, 33,5% артқан. Алайда негізгі және жалпы орта білім беру бойынша бюджеттен түскен ағымдағы трансферттер 936,1 млн теңгеден 364 млн теңгеге дейін, яғни 61,1% азайған. Керісінше, халықтан оқу үшін түскен төлем 735,4 млн теңгеден 4,2 млрд теңгеге дейін өсіп, 5,7 есе өскен.

Жеке мектептердің табысы оқу ақысына ғана тәуелді емес

Соған қарамастан жеке мектептердің жалпы табысы 2025 жылы төмендеген жоқ. Керісінше, 271,9 млрд теңгеден 333,2 млрд теңгеге дейін, яғни 61,3 млрд теңгеге өсті. Бұл жерде екі көрсеткіштің арасындағы айырмашылық анық көрінеді: 2025 жылы мемлекеттен түскен қаражат сәл өсті, халықтың оқу ақысы азайды, ал жеке мектептердің жалпы табысы айтарлықтай көбейді. Демек, жеке мектептердің табысы тек ата-аналардың оқу ақысына тәуелді емес. 2025 жылғы жалпы табыстың өсуі халықтан түскен оқу ақысының артуымен емес, басқа табыс көздерінің есебінен жүрген. Ресми статистика осы басқа түсімдердің нақты құрылымын толық ашпайды.

Жеке мектептер нарығындағы өзгеріс олардың жалпы табысынан ғана емес, мемлекеттік қаржының салмағынан да көрінеді. 2022 жылы бюджеттен түскен 54,9 млрд теңге жеке мектептердің 134,9 млрд теңге табысының шамамен 41%-ына тең болса, 2025 жылы 137,6 млрд теңге 333,2 млрд теңгенің шамамен 41%-ын берген. Яғни төрт жыл ішінде бюджет қаражатының абсолюттік көлемі қатты өскенмен, оның жеке мектептердің жалпы табысындағы үлесі шамамен сол деңгейде қалған.

Ал халықтан түскен оқу ақысының үлесі керісінше өзгерген: 2022 жылы шамамен 15%, 2023 жылы 17%, 2024 жылы 17%, 2025 жылы небәрі 6,7% болған. Сондықтан 2025 жылы ата-аналар төлемінің үлесі күрт төмендеп, жалпы табыстың өсуі басқа түсімдер есебінен қалыптсқан.

Айта кету керек, мемлекет былтырдан бері жеке меншік мектептерді қаржыландыру ісіне баса мән беріп қарай бастады. Әуелі Оқу-ағарту министрлігі жеке меншік мектептерді қаржыландыру тетігін жергілікті бюджеттерге ауыстырған. Кейін осы іске жауапты ведомство жанындағы Қаржы орталығын Қаржы министрлігінің бақылауына берді.

Жыл басында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізілетінін айтқан болатын.

Аида Балаева/primeminister.kz

“Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілік бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр.

Білім саласына жекеменшік инвестицияны тарту үшін мемлекеттік тапсырыссыз, тек инвестициялық шығынды өтеу механизмі сақталды. Осы шаралармен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылау жүргізеді. Бақылау аясында білім беру сапасының сақталуына, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударамыз, – деген Аида Балаева.

Осы салаға тексеру жүргізген Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келгенін мәлім еткен. Оның айтуынша, саланы цифрландыру енді мұндай бассыздықтарға тосқауыл қойған.

Ержан Біржанов/inform.kz

“Бұрын бір оқушыны бірнеше мектепке тіркеп жіберуге мүмкін болса, жоқ оқушыны бар деп жазу мүмкін болса, цифрландыру мұндай тәуекелдерді жойды. Біз өтінімде көрсетілген оқушыны басқа деректер базасы арқылы қандай жеке мектепке тіркелгенін тексере аламыз. Мысалы, мектептің жобалық қуаты 60 оқушыға арналғанымен, іс жүзінде 600 оқушы бекітіп жіберген жағдайлар болды. Осының салдарынан 600 оқушыға ақша бөлініп келген. Цифрландыру қаржы үнемдеп, тәртіп орнатуға көмектесті”, – деген Е.Біржанов.

Сообщение Қазақстандағы жекеменшік мектептердің табысы баяулай бастады появились сначала на Tizgin kz.

+40 градуста бетон жолдардың көтерілуі қалыпты құбылыс па
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасының +40°С-тан асуына байланысты цементбетон жолдарда температуралық деформациялар тіркелуі мүмкін. Осыған байланысты Көлік министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ресми түсініктеме жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Температураның көтерілуі жол жамылғысына қалай әсер етеді

Орталықтың мәліметінше, аптап ыстық кезінде жол жамылғысының температурасы ауа температурасынан әлдеқайда жоғарылап, +65…+75°С-қа дейін жетуі ықтимал. Соның салдарынан цементбетон плиталары табиғи түрде кеңейіп, олардың ішінде ішкі кернеулер жиналады. Белгілі бір шекке жеткенде бұл құбылыс жол плиталарының көтерілуіне немесе қисаюына әкелуі мүмкін.

Мекеме бұл жағдайдың құрылыс технологиясының бұзылғанын немесе қолданылған материалдардың сапасыз екенін білдірмейтінін атап өтті. Мұндай құбылыс цементбетон жолдары кеңінен пайдаланылатын АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Австралия және басқа да елдерде бірнеше рет тіркелген.

Қазақстанда жолдарға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі

Ведомствоның мәліметінше, әлемдік тәжірибеде аптап ыстық кезеңдерінде жолдардың жай-күйіне күшейтілген мониторинг жүргізіліп, профилактикалық жұмыстар атқарылады және анықталған ақаулар жедел түрде жойылады.

Қазір Қазақстандағы цементбетон жамылғысы бар автомобиль жолдары тәулік бойы бақылауға алынған. Жол қызметтері анықталған барлық ақауларды қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес жедел жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Көлік министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдық екенін атап өтіп, жолдардың техникалық жай-күйіне ғылыми және техникалық мониторинг күшейтілген режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сообщение +40 градуста бетон жолдардың көтерілуі қалыпты құбылыс па появились сначала на Tizgin kz.