Архивы қысым - Tizgin kz

Мектептегі жанжалдар мен мұғалімдерге қысым: нормативтік актілер жетілдіріледі
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерге қысым көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру жағдайларын зерделейді. Сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жанжалдар талданады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әрбір өтініш қаралады

Министрдің айтуынша, мұндай жағдайларға қатысты әрбір өтінішті объективті әрі жан-жақты қарауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.

Нормативтік актілер жетілдіріледі

Сүлейменова зерделеу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер жетілдірілетінін айтты. Әзірге нақты қандай құжаттарға өзгеріс енгізілетіні және бұл жұмыстың мерзімі нақтыланған жоқ. Министрдің мәлімдемесіне сәйкес, өзгерістер жағдайларды талдау қорытындысына сүйеніп әзірленбек.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесі, цифрлық есептіліктің көбеюі және мектептерде ұстаздарға қысым көрсету мәселесін көтерді.

Бүгін Жұлдыз Сүлейменова педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар саны 25-тен 5-ке дейін қысқаратынын мәлімдеді.

Сообщение Мектептегі жанжалдар мен мұғалімдерге қысым: нормативтік актілер жетілдіріледі появились сначала на Tizgin kz.

Трамп Иранға қарсы «бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыс» жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы бұрын-соңды ешбір мемлекетке қолданылмаған ауқымды экономикалық операция басталғанын мәлімдеді. Бұдан былай Тегеранға қандай да бір көмек көрсеткен елдердің өзі ауыр экономикалық зардапқа тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Трамп бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Иранға келісімге келу үшін тиімді мүмкіндік берілгенімен, Тегеран оны пайдаланбаған.

«Ешкім Иранға мен ұсынғаннан тиімді келісім жасау мүмкіндігін берген жоқ. Өкінішке қарай, олар оны пайдаланбады. Сондықтан бүгін мен қандай да бір мемлекетке қарсы бұрын-соңды болмаған ең жойқын экономикалық операцияның басталғанын жариялаймын. Бұл – теңдессіз ауқымдағы экономикалық соғыс және оқшаулау болады», – деді АҚШ президенті.

Иранға көмектескен елдер де жауапқа тартылмақ

Ақ үй басшысының сөзінше, енді Иранға кез келген сипатта көмек көрсеткен мемлекет АҚШ тарапынан қатаң экономикалық шараларға тап болады.

Трамп Вашингтонның барлық одақтасын Иранды халықаралық деңгейде оқшаулауға үндеді.

«Бұл экономикалық D күні болады. Иран тарапынан төнген қатерді оқшаулап, жеңу үшін барлық одақтасымыз Америка Құрама Штаттарымен иық тіресе әрекет етуі керек», – деп жазды ол.

АҚШ президенті Иранның мұнайды жасырын сату арналары, ақша аударымдары, айырбастау орындары, кеме тізілімдері мен делдал компанияларының қызметі дереу тоқтатылуға керектігін айтты.

«Мұнай контрабандасы, жасырын желілер, ақша аударымдары, айырбастау орындары, кеме тізілімдері мен жалған компаниялар – мұның бәрі дереу тоқтатылуы керек. Бұл тарихи шаралар олардың әлемге террор тарату мүмкіндігін тұралатады. Иранның ешқашан ядролық қаруы болмайды», – деді Трамп.

Вашингтон келіссөзден қысым саясатына көшті

Бұған дейін CNN АҚШ-тың ресми өкіліне сілтеме жасап, Трамптың Иранға қатысты ұстанымын өзгерткенін хабарлаған еді. Телеарна мәліметінше, Вашингтон келіссөздерді жалғастырудан бас тартып, Тегеранға қысымды кезең-кезеңімен күшейтуге ден қойған.

18 тамызда Трамп Truth Social парақшасында Ормуз бұғазының картасын жариялап, оған «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазба қалдырған.

Бұған жауап ретінде Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади АҚШ президентінің Ормуз бұғазын Америка аумағы деп атауы қате екенін мәлімдеді. Ол Иранның бұл мәлімдемеге жуық арада тиісті жауап беретінін айтты.

Сообщение Трамп Иранға қарсы «бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыс» жариялады появились сначала на Tizgin kz.

Сарбазды тепкілеген әскери қызметкерге үкім шықты
Ақтөбе гарнизоны әскери соты ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде қызмет ететін старшинаға билікті асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Tizgin.kz ult.kz-ке сілтеме жасап.

СОТТАЛУШЫ АЙЫБЫН МОЙЫНДАМАДЫ

Қылмыстық іс Ақтөбе гарнизоны әскери сотында қаралды. ҚР Ұлттық ұланы 5548 әскери бөлімінің екінші жедел мақсаттағы батальоны 5 жедел мақсаттағы ротасының старшинасына Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігімен айып тағылды. Яғни билікті асыра пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалына сүйенсек, оқиға биыл қаңтар айында болады.

Сотталушы С.Қасымов Жаңаөзен қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Ұланы 5548 әскери бөлімінің төртінші ротасы орналасқан ғимарат ішінде жеке құрамды сапқа тұрғызады. Кейін “шайқас” пәрменін беріп, балағат сөздер айтып, жаттығу жасап жатқан мерзімді әскери қызметшінің қабырға тұсынан үш рет тебеді. Сол кезде әскери қызметшінің жетінші қабырғасы сынған.

Сотталушы тағылған айыпты мойындамады. Ол бесінші рота әскери қызметшілерінің өзара дауласып, таласып жатқанын көріп, сапқа тұрғызғанын, өзінің ұрмағанын айтты. Тіпті жәбірленуші жала жауып отырғанын жеткізді. Ал жәбірленуші болса, алғашында бәрін жасырған, арада екі апта өткенде қан түкірген. Терең демалғанда қабырғасы ауырып, фельдшерге барады. Анасына да хабар берген. Осы аралықта бұл жайт әскери бөлім командиріне жетіп, әскери-тергеу басқармасы қызметкерлері тергеу жүргізеді.

ЖАЗАСЫН ҚАЙДА ӨТЕЙДІ

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, оқиға болған бөлменің кіреберісіне бейнебақылау камерасы орнатылғанымен, жазба жүргізілмеген. Себебі бірер ай бұрын өзге қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп, жазбаны алуға мүмкіндік болмады.

Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сонымен бірге жәбірленушінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 700 000 теңге моралдық зиян, 900 000 теңге өкіл қызметіне жұмсалған сот шығыны өндірілді.

Сообщение Сарбазды тепкілеген әскери қызметкерге үкім шықты появились сначала на Tizgin kz.