Архивы Қашаған - Tizgin kz

Көмір VS газ: Қазақстанның энергетикалық балансы қалай қалыптасып жатыр
Қазақстанда газдандыру бағдарламасы жалғасып жатқанмен, көмір энергетикасынан бас тарту жоспарда жоқ. Керісінше, Үкімет көмір станцияларын жаңғыртып, отынды терең өңдеу және «таза көмір» технологияларын енгізу жобаларын қолға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұның себебі түсінікті, көмір қоры мол орталық және солтүстік-шығыс өңірлердің энергетикалық қажеттілігін осы ресурстың есебінен қамтамасыз етуге болады. Ал газ инфрақұрылымын дамыту басқа өңірлердің сұранысын өтеуге және энергетикалық теңгерімді сақтауға бағытталған.

Биыл наурызда Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. 2026-2030 жылдарға арналған бағдарлама аясында жалпы қуаты шамамен 7,8 ГВт болатын жобалар іске асырылмақ. Оның ішінде сегіз жаңа энергетикалық нысан салынып, қолданыстағы 11 станция жаңғыртылады.

Жаңа станцияларда жоғары тиімділік беретін технологиялар, түтін газдарын тазарту жүйелері, шаң мен ауыр металдарды ұстайтын сүзгілер қолданылмақ. Жоспар бойынша көмір электр станцияларындағы ластаушы шығарындылар 34 пайыз азаюға тиіс. Бұл көмір ресурсын пайдалана отырып, энергия өндірудің экологиялық жүктемесін төмендетуге бағытталған.

Екінші бағыт – көмірді тек электр энергиясын өндіруге арналған отын ретінде емес, өнеркәсіп шикізаты ретінде пайдалану. Қазір Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель өндіретін екі жоба қарастырылған. Бұдан бөлек, көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіру жобасы әзірлеу сатысында тұр.

Газ саласында да осындай ұзақ мерзімді жоспар бар. 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар тауарлық газ ресурсын ұлғайтуды, газ өңдеу қуатын 5 млрд текше метрге арттыруды және солтүстік пен шығыс өңірлерді газдандыруды көздейді. Дүниежүзілік банк дерегінше, Қазақстанда алауда жағылатын газ көлемі 2012 жылы 4 млрд текше метр болса, 2022 жылы 1 млрд текше метрге дейін қысқарған. «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату деңгейі 2020 жылы 98 пайыз болған. Мысалы, «Маңғыстаумұнайгаз» Қаламқас кен орнында өндірілген газдың 99 пайызын өз қажетіне пайдаланады.

Ал Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынып жатыр Биыл қуаты 2,5 млрд текше метр болатын екінші газ өңдеу зауытының жобасы қолға алынды. Қарашығанақта жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін зауыт салу жобасы әзірленуде.

Бұл ішкі нарыққа қосымша ресурс беріп, газ импортын азайтуға мүмкіндік жасайды. Мұнай-газ сарапшысы Асқар Исмаилов жоғарыда айтылған жобалардың стратегиялық маңызын былай түсіндіреді.

“Қазақстан 30 млрд текше метрге жуық газды жер асты қабатына қайта айдайды. Бұл Қазақстанның ішкі тұтынуынан бір жарым есе көп. Бұл жер қойнауына жыл сайын 30 млрд доллар айдайтынымызды білдіреді. Үш жылда бұл 100 млрд доллар деген сөз. 10 жылда – 300 млрд доллар. Ал 300 млрддоллар деген – Қазақстанның жалпы ішкі өнімі”, – дейді сарапшы.

Қазақстан көмір энергетикасынан бас тартпай, қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңа қуат көздерін салу және экологиялық тиімді технологияларды енгізу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды көздейді. Сонымен қатар көмірді терең өңдеу, газ өндіру мен өңдеу қуаттарын арттыруға бағытталған ірі жобалар ішкі нарықтағы энергия тапшылығын азайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік бермек.

Сообщение Көмір VS газ: Қазақстанның энергетикалық балансы қалай қалыптасып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Қашағанда газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» келісімшартқа қол қойды
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнында жылына 2,5 миллиард текше метр қуаттылығы бар жаңа газ өңдеу зауытын салатын болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатқа қол қойылды

Ресми ақпаратпен компанияның баспасөз қызметі өкілдері бөлісті. Мәлім болғандай, 6 қараша күні «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовтың ҚХР-ға сапары кезінде құжатқа қол қойылды.

Келісім аталған компанияның еншілес құрылымы саналатын «QazaqGaz Processing» ЖШС мен халықаралық консорциум арасында жасалды.

Компания құрамына кімдер кірді

Оның құрамына қытайлық China Wuhuan Engineering мен China National Chemical Engineering Sixth Construction филиалы, сондай-ақ қазақстандық «AVC Production» ЖШС мен «C-NRG» ЖШС сияқты алпауыт компаниялар кірді.

Мамандар жаңа ГӨЗ-ді іске қосу Қашаған кен орнынан өндірілетін газ көлемін игеруді арттырады деп күтіп отыр. Ішкі нарықтағы тауарлық, сонымен қатар өнеркәсіп пен коммуналдық секторды шикізатпен қамтамасыз ету арқылы аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Сообщение Қашағанда газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» келісімшартқа қол қойды появились сначала на Tizgin kz.

Қашаған дауы: Қазақстанның 12 млрд долларлық талабы қанағаттандырылмады – Bloomberg
Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған кен орнын игеруге қатысатын мұнай компанияларына қойған талаптарының шамамен 12 млрд долларға қатысты бөлігін қанағаттандырмады. Бұл жөнінде өз дереккөздеріне сілтеме жасап Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Арбитраж шешімі жайлы не белгілі

Агенттіктің мәліметінше, шешім Қазақстан тарапының Қашағанды игеруге жұмсалған даулы шығындарға қатысты талаптарын қамтиды. Әңгіме North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына қатысушы мұнай компанияларына қойылған талаптар туралы болып отыр. Bloomberg шамамен 12 млрд долларға қатысты талаптардың қанағаттандырылмағанын хабарлады. Алайда бұл Қазақстанның жоба бойынша барлық талабы қабылданбады дегенді білдірмейді. Сөз талаптардың бір бөлігі туралы ғана болып отыр.

Аталған сома Қазақстан инвесторларға 12 млрд доллар төлеуге міндетті дегенді де білдірмейді. Хабарда Қазақстан тарапының өзі қойған және агенттік дереккөздерінің мәліметінше, арбитраж қанағаттандырмаған талаптар туралы айтылған. Агенттік істің мән-жайынан хабардар адамдарға сілтеме жасайды. Яғни шешім туралы мәлімет дереккөздер берген ақпарат негізінде жарияланған.

NCOC неліктен 2,3 трлн теңге төлеуге міндеттелді

Қазақстан билігі Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған 4,9 млрд доллар мөлшеріндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу рәсімін бастағанын бұған дейін жазған едік.  Дау Қашаған кен орнында жүргізілген экологиялық тексеруге байланысты туындаған. 2022 жылғы желтоқсанда Атырау облысының Экология департаменті оператордың, мемлекеттік органдардың нұсқасы бойынша, күкірт сақтаудың рұқсат етілген көлемінен асып кеткенін анықтаған. Әңгіме 1,2 млн тоннадан астам күкірт туралы болып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға шамамен 2,3 трлн теңге көлемінде экологиялық айыппұл салынды.

NCOC тағылған айыппен және өндірілетін қаражат көлемімен келіспеді. 2025 жылы экология ведомствосы нұсқамаларының бірі рәсімдік талаптардың бұзылуына байланысты күшін жойған. Ескертулер түзетілгеннен кейін айыппұл қайта тағайындалды. 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облыстық соты экологиялық айыппұлға қатысты сот актісін күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне еніп, оны ерікті түрде орындау мерзімі 20 шілдеде аяқталды. Осыдан кейін атқарушылық іс жүргізу басталып, оператордың бірқатар мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынды.

Сообщение Қашаған дауы: Қазақстанның 12 млрд долларлық талабы қанағаттандырылмады – Bloomberg появились сначала на Tizgin kz.

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіруге қатысты мәлімдеме жасады
Қашаған кен орнын игеруші North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясына қатысты атқарушылық іс жүргізу соттағы қарау кезеңінде ғана тоқтатылды. Іс материалдары қайтарылғаннан кейін мемлекет қаражатты өндіріп алу жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Қазақстанның Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Атқарушылық іс жүргізу неге тоқтатылды

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралында мемлекет пайдасына NCOC-тан қаражат өндіруге қатысты атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы ақпарат тараған еді. Әділет министрлігі бұл хабарламаларға түсініктеме беру қажет екенін атап өтті.

Компания мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағым түсірген. Осыған байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 42-бабы 13-тармақшасына сәйкес, материалдар сотта қаралып жатқан кезеңде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұруға тиіс. Құжаттар соттан қайтарылғаннан кейін іс жүргізу қайта жалғасады.

Демек, бұл – мемлекеттің қаражатты өндіріп алудан бас тартуы емес, заңда көзделген процестік үзіліс.

«NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіру жұмысы заңда белгіленген тәртіппен жалғасады», – деп мәлімдеді Әділет министрлігі.

NCOC неліктен 2,3 трлн теңге төлеуге міндеттелді

Қазақстан билігі Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған 4,9 млрд доллар мөлшеріндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу рәсімін бастағанын бұған дейін жазған едік.  Дау Қашаған кен орнында жүргізілген экологиялық тексеруге байланысты туындаған. 2022 жылғы желтоқсанда Атырау облысының Экология департаменті оператордың, мемлекеттік органдардың нұсқасы бойынша, күкірт сақтаудың рұқсат етілген көлемінен асып кеткенін анықтаған. Әңгіме 1,2 млн тоннадан астам күкірт туралы болып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға шамамен 2,3 трлн теңге көлемінде экологиялық айыппұл салынды.

NCOC тағылған айыппен және өндірілетін қаражат көлемімен келіспеді. 2025 жылы экология ведомствосы нұсқамаларының бірі рәсімдік талаптардың бұзылуына байланысты күшін жойған. Ескертулер түзетілгеннен кейін айыппұл қайта тағайындалды. 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облыстық соты экологиялық айыппұлға қатысты сот актісін күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне еніп, оны ерікті түрде орындау мерзімі 20 шілдеде аяқталды. Осыдан кейін атқарушылық іс жүргізу басталып, оператордың бірқатар мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынды.

Сообщение Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіруге қатысты мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан NCOC-тың 2,356 трлн теңгелік айыппұлын Exxon мен Shell акцияларына айырбастауы керек – сарапшы
Қазақстанның Каспийдегі Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына салынған 2,356 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды қолма-қол өндіріп алудың орнына, оны халықаралық мұнай-газ компанияларының акцияларына айырбастау қажет деп есептейді «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов. Бұл туралы сарапшы телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Айыппұлды акция түрінде алған тиімдірек»

Сарапшының пікірінше, мұнай өндіруші елдер сыртқы қауіп-қатерден айтарлықтай шығынға ұшырағанымен, халықаралық мұнай компаниялары мұндай тәуекелдерді өздерінің әртараптандырылған жобалары арқылы оңай өтейді.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Парсы шығанағы елдерінен мұнай жеткізілімі қысқарғаннан кейін әлемдік мұнай бағасы өсті. Соның нәтижесінде ірі мұнай компанияларының акциялары да қымбаттап, олардың капитализациясы артқан.

«Мен Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай компанияларының акцияларын үнемі бақылап отырамын. КҚК-ға жасалған шабуылдар, танкерлердің атқылануы немесе Қашағандағы 4,6 млрд долларлық экологиялық айыппұл сияқты оқиғалар олардың акция бағасына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Заңдық әрі корпоративтік тұрғыдан мұндай шешімді жүзеге асыру оңай емес. Дегенмен ұзақ мерзімді перспективада экологиялық айыппұлды ақша күйінде емес, осы компаниялардың акциялары түрінде алған дұрыс болар еді. Алынған активтердің негізгі бөлігін Ұлттық қорда сақтауға болады», – деп жазды Байділдинов.

Мұнай алпауыттарының акциялары қалай қымбаттады

Сарапшы келтірген мәліметке сәйкес, соңғы бір жылда Қазақстандағы ірі жобаларға қатысатын компаниялардың акциялары айтарлықтай өскен:

ExxonMobil – соңғы бір айда 15%-ға, бір жылда 42%-ға өскен;

Chevron – бір айда 14%-ға, бір жылда 26%-ға;

ENI – бір айда 12%-ға, бір жылда 57%-ға;

Shell – бір айда 2%-ға, бір жылда 26%-ға;

TotalEnergies – бір айда 10%-ға, бір жылда 48%-ға қымбаттаған.

Байдильдиновтың айтуынша, Қара теңіздегі ұшқышсыз ұшу аппараттары мен теңіз дрондарының шабуылынан Қазақстан экспорттық табысынан айырылып жатқанымен, халықаралық корпорациялар бұл шығынды басқа елдердегі өндіріс көлемі мен мұнай бағасының өсуі есебінен өтеп отыр.

«Біз КТК-ға жасалған шабуылдар салдарынан валюта түсімі мен салықтан қағылып жатырмыз. Ал шетелдік мұнай компаниялары халықаралық жобаларының арқасында мұндай тәуекелдерді оңай еңсереді. Сондықтан, кем дегенде, Ұлттық қордың инвестициялық стратегиясы арқылы бұл шығындардың орнын толтыруға болатын еді», – дейді ол.

Қашағандағы экологиялық айыппұл дауы қалай басталды

Даудың негізі 2022 жылы жүргізілген экологиялық тексерудің қорытындысына байланысты қалыптасты. Атырау облыстық экология департаменті Қашаған кен орнында рұқсат етілген 773 мың тоннаның орнына 1,7 млн тонна күкірттің артық сақталғанын анықтап, сотқа талап-арыз берген.

2026 жылдың наурыз айында Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов бірінші сатыдағы сот Қазақстанның пайдасына шешім шығарғанын, ал NCOC акционерлері бұл шешімге апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді. Сонымен қатар консорциум құрамындағы компаниялар Қазақстанның Франция және Нидерландпен жасалған инвестициялық келісімдері аясында халықаралық арбитражға жүгінді.

Маусым айында Экология вице-министрі Жомарт Әлиев Жоғарғы соттағы іс аяқталуға жақын екенін айтып, мемлекет жақын арада NCOC-тан 2,356 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алуы мүмкін екенін хабарлады.

Шілде айында Даниэль Ваисов консорциумға айыппұлды 20 шілдеге дейін төлеу талабы қойылғанын, әйтпесе мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатынын мәлімдеген болатын. Кейін NCOC БҰҰ жанындағы UNCITRAL арбитражы Қазақстанның айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу мүмкіндігін уақытша шектегенін хабарлады.

Одан кейін Reuters агенттігі Қазақстан NCOC-тың мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салғанын жазды.

Айта кетейік, Қашаған кен орны North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы арқылы игеріліп жатыр. Оның акционерлері қатарында «ҚазМұнайГаз», Shell, TotalEnergies, ENI, ExxonMobil, CNPC және Inpex бар. Консорциум жобаға шамамен 60 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

Сообщение Қазақстан NCOC-тың 2,356 трлн теңгелік айыппұлын Exxon мен Shell акцияларына айырбастауы керек – сарапшы появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан сотта жеңді: алпауыт мұнай компаниялары 5 млрд доллар төлейді
Bloomberg агенттігі Қашаған жобасының операторлары 5 млрд доллар экологиялық айыппұл төңірегіндегі апелляцияда жеңілгенін хабарлады. Осы ақпаратты Tizgin.kz порталына Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі растады.

“Экология және табиғи ресурстар министрлігі Bloomberg сауалына жолдаған жауапта Астана соты 8 сәуірде Қашаған кен орнында күкіртті шамадан тыс сақтағаны үшін салынған 2,356 трлн теңге айыппұлды күшінде қалдырғанын мәлім етті. North Caspian Operating Company (NCOC) электронды хат арқылы соттың бұл шешімімен келіспейтіндерін, күкірт сақтау әрекеті заңға сәйкес екенін жеткізді. Консорциум мен оның акционерлері «өз құқықтарын қорғау үшін барлық қолжетімді тетіктерді пайдаланатынын» жеткізді, – деп жазады агенттік.

Сондай-ақ, осы даудан хабары бар адамдар Bloomberg-ге анонимдік шартымен пікір білдіріп, операторлар апелляциядан жеңілгенмен, кассациялық шағым түсіре алады.

Биыл ақпанда Қашаған жобасының операторлары аталған экологиялық айыппұлды даулау үшін халықаралық төрелікке жүгінетіндерін мәлім еткен.

Сообщение Қазақстан сотта жеңді: алпауыт мұнай компаниялары 5 млрд доллар төлейді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда әлеуеті жағынан Қашағаннан кем түспейтін кен орыны анықталды
Ел аумағында Қашаған кен орнына тең келетін ірі карбонатты массив анықталғаны жөнінде «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

МАССИВТІҢ РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ

Астанада GECA 2026 халықаралық геологиялық форумы өтіп жатыр. Аталған ақпарат сол жерде сөз етілді. Бірінші орынбасардың айтуынша, геологиялық барлау жұмыстарының негізгі бағыты Қаратон, Қажығали және Жылыой учаскелерін қамтитын Жылыой карбонатты платформасы болып отыр.

Ашылған Қаратон, Қажығали және Жылыой карбонатты массиві Қашаған кен орнының құрылымын қайталайды. Массивтің ресурстық әлеуеті 4,7 млрд тонна (көмірсутектер). Бұл Қашағанның геологиялық әлеуетімен шамалас. Алайда Қашаған таяз теңіз аймағында орналасқандықтан, үлкен капиталдық шығынды талап етеді. Ал бұл массив құрлықта орналасқан. Осылайша, капиталдық шығын едәуір төмендейді, – деді Құрманғазы Есқазиев.

КЕЛІССӨЗ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жалпы алғанда, Жылыой карбонатты массивінің ресурстық әлеуеті 20 млрд тонна шартты отынға бағаланып отыр.

Қаратон учаскесінде қазірдің өзінде тереңдігі 5750 метр болатын ұңғыма бұрғыланып, жұмыстар оң нәтиже берген. Бес перспективалы нысан анықталған.

Компания басшысының бірінші орынбасары Қаратондағы табысты нәтижеден кейін геологиялық барлау жұмыстарын Қажығали учаскесінде кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Қазір жер қойнауын пайдалану келісімшартын алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жаңа жоба қолданыстағы өнімді бөлу туралы келісімдерге әсер етпейді және бөлек әрі басқа компаниялармен, оның ішінде «Татнефтьпен» серіктестікте жүзеге асырылады.

Сообщение Қазақстанда әлеуеті жағынан Қашағаннан кем түспейтін кен орыны анықталды появились сначала на Tizgin kz.

КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz  kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, КҚК-ның теңіз терминалына жасалған шабуылдар мұнай экспортын толық тоқтатпаған. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған порт инфрақұрылымы арқылы жөнелту жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта министрлік жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде Қашаған мұнайының белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды. Ахуал Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында болады, – деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірген еді.

Сообщение КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан Қашағанды игеруден шетел инвесторына қарағанда үш есе аз пайда тапты
Қазақстанның Қашағанда мұнай өндіруден, салықтарды қоса есептегендегі жалпы пайдасы кен орнын игеріп жатқан шетелдік инвесторлардың таза табысынан үш есе төмен болды. Бұл есептерді мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Energy Monitor телеграм-арнасында жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысында Қашағаннан түскен табыстың қомақты бөлігі NCOC-ке кеткен (негізгі инвесторлар — Eni, Shell, Exxon Mobil, TotalEnergies).

Мұнай, газ және күкірт сатудан түскен жалпы түсім 11 миллиард доллардан асқан, оның 80%-ы келісімшарт шарттарына сәйкес NCOC-тің капитальдық және операциялық шығындарын өтеуге жұмсалады. Алайда қалған 20%-дың да басым бөлігі Қазақстанға емес, шетелдік компанияларға тиесілі.

«Бұл 20% “пайдалы мұнай” (Profit Oil) деп саналады, оның 2024 жылғы табысы 2,2 миллиард долларды құрады. Егер республика үлесі Profit Oil-де 10% болса, онда ақша түрінде Қазақстанға 220 миллион доллар тиесілі. Бұл цифр PSA деректерімен дәл сәйкес келеді. NCOC операторы төлеген барлық салықтарды — 2024 жылы 430 миллион доллар — қосайық. Сонда Қазақстан Қашағаннан 650 миллион доллар алса, Қашаған акционерлері екі миллиард доллар пайда тапқан. Логика мен әділдік бойынша керісінше болуы керек емес пе еді?» — деді Жұмағұлов.

11 миллиард долларлық жалпы түсімді есепке алсақ, Қашағаннан Қазақстанның үлесі бар болғаны 6%-ды құрайды. Сарапшының айтуынша, бұл — әлемдегі ең төмен көрсеткіш. Дегенмен, егер Қашаған акционерлерінің бірі болып табылатын «ҚазМұнайГаздың» (үлесі — 16,88%) пайдасын есептесек, сандар жоғарырақ болады. Бірақ соған қарамастан, бұл келісім Қазақстан үшін тиімсіз көрінеді.

«Республика үлесі пайдалы мұнайда үш миллиард баррель қашағандық мұнай өндірілгенге дейін қазіргі деңгейінде қалады. 10 жылда біз тек алғашқы бір миллиард баррельді ғана өндірдік. Үміт акционерлердің жақын арада 30% мөлшеріндегі табыс салығын төлей бастауында. Әзірге ҚМГ Қашағаннан түскен пайдадан корпоративтік табыс салығын төлей бастады, бірақ әзірше бар болғаны 45 миллион доллар», — деп түйіндеді Нұрлан Жұмағұлов.

Бұған дейін Қашағаннан түскен пайданың 98%-ы кен орнын игеріп жатқан шетелдік инвесторларға кететіні туралы жарияланымдар қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қазақстанға тиетін екі пайыз жалпы көлемнің бестен бір бөлігін құрайтын пайдалы мұнайға жатады.

Сообщение Қазақстан Қашағанды игеруден шетел инвесторына қарағанда үш есе аз пайда тапты появились сначала на Tizgin kz.