Архивы көші-қон - Tizgin kz

2050 жылға қарай қазақстандықтардың 75%-дан астамы қалада тұруы мүмкін
Республика көлемінде қалаға көшіп жатқан үлесі артып келеді. Қыркүйек вйындағы мәліметке сенсек, мемлекет халқының 64,2%-ы қалада тұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыдағы жағдай

Ұлттық статистика бюросы ақпаратынша, республикада қала халқының үлесі әсіресе 2024-2026 жылдары тез өсті. Шамамен 15 жыл бұрын бұл көрсеткіш жыл сайын 0,2-0,3 пайыздық тармаққа артса, былтыр 0,6 пайыздық тармаққа жеткен.

Республикалық маңызы бар үш қаланы былай қойғанда, қала халқы үлесі бойынша Қарағанды облысы бірінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 82,8%-ы қалада тұрады. Биыл 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, облыста тоғыз қала бар. Аталған көрсеткіш аймақта өнеркәсіптің ерте дамуымен байланысты. Бір жылдары ірі кен орындары маңында кеншілер кенттері пайда болып, кейінірек қалаларға айналған.

Қала халқының үлесі жоғары бес облыс қатарына Ұлытау (79,7%), Ақтөбе (76,7%), Павлодар (71,7%) және Шығыс Қазақстан (67,9%) өңірлері кіреді. Бұл аймақтарда экономикалық көрсеткіш өнеркәсіппен байланысты.

Қала халқы көбейіп келе жатқан өңірлер

2010 жылғы және 2026 жылғы қыркүйек айының басындағы деректерге көз жүгіртсек, қала тұрғындары үлесі солтүстік, батыс өңірлердегі кейбір облыста едәуір артқан. Айталық, Қостанай облысында аталған көрсеткіш 11,6 пайыздық тармаққа өсіп, 64,2%-ға жетті. Батыс Қазақстанда өсім 11,3, Ақмола облысында 10,7 пайыздық тармақты құраған.

Тұрғындар саны әсіресе, елдің үш ірі қаласында едәуір көбейген. Астанада тұрғындар саны 2,5 есе, Алматыда 60,2%, Шымкентте 75,3% артты. Бұл халықтың ірі қалаларға шоғырланып, олардың экономикалық маңызы артып келе жатқандығының бір көрінісі деуге болады

Ауыл халқы азайып келеді

2010 жылдан бері Қазақстанның 20 өңірінің онында қала тұрғындарының саны көбейіп, ауыл халқы азайған. Бұл үрдіс әсіресе солтүстік өңірлерде айқын байқалады. Мәселен, Қостанай облысында ауыл тұрғындарының саны 29,5%-ға қысқарса, қала халқы 13%-ға өскен. Осындай өзгеріс Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында да тіркелген.

Ауылдардағы халықтың кемуіне әсер етер себептердің бірі сол, тұрғындардың ірі өнеркәсіп орталықтары мен мегаполистерге қоныс аударуы. Экономикалық мүмкіндіктер мен инфрақұрылымның даму деңгейіндегі айырмашылықтар да ықпал етіп отыр мұндай өзгеріске.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінде осы жылдың алғашқы жартысында республикалық маңызы бар үш қаланы қоспағанда, 17 облыстың екеуінде ғана көшіп келгендер саны көшіп кеткендерден көп болғаны жазылды. Олар – Алматы және Ақмола облыстары.

Департамент болжамы

2022 жылы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның болжау және зерттеу департаменті Қазақстандағы демографиялық өзгерістерге болжам жасаған. Сондағы есепке сәйкес, қала тұрғындарының үлесі 2026 жылы 63%-ға, ал 2029 жылы 63,9%-ға жетуі тиіс еді. Алайда бұл көрсеткіш болжанғаннан жылдам өсіп, 2026 жылғы қыркүйекте 64,2%-ға жетті. Жалпы, қазіргі үрдістер ескерілген жаңа болжамға сәйкес, 2035 жылы Қазақстан халқының 68,3%-ы, 2040 жылы 70,6%-ы, ал 2050 жылы 75,2%-ы қалада тұруы ықтимал.

Сообщение 2050 жылға қарай қазақстандықтардың 75%-дан астамы қалада тұруы мүмкін появились сначала на Tizgin kz.

Жезөкшелікке қатысы бар деген қазақстандық Балиде ұсталды
Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен 13 шетелдік ұсталды. Оларды анықтау бойынша рейд үш ауданда қолға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz Antara-ға сілтеме жасап.

Рейд қашан жүргізілді

Рейд қыркүйектің 17-күні кешкі уақытта Семиньяк, Чангу және Умалас аудандарында жүргізілген. Қазақстан азаматы Умаластағы вилладан үш Ресей азаматымен бірге қолға түсті. Көші-қон қызметкерлері бұл мекенжай туралы ақпаратты Telegram желісінен жинаған.

Ұзын-саны 12 әйел мен бір ер адам ұсталды. Арасында Қазақстан, Нигерия, Украина және Ресей азаматтары бар.

Кіруге тыйым салынуы мүмкін

Ведомство ақпаратынша, тұрғындардан түскен хабарламалардан соң операция басталды. Қызметкерлер ақпаратты онлайн-платформалар арқылы тексеріп, бақылауға алды.

Сөйтіп, шетелдіктер Индонезияның көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінді. Көші-қон қызметі өкілдері қолға түскендерге депортация жасалып, Индонезияға бес жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Сообщение Жезөкшелікке қатысы бар деген қазақстандық Балиде ұсталды появились сначала на Tizgin kz.

Астана көші-қон қызметі бұрынғы бастығының ұсталғаны рас па – ҰҚҚ жауап берді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталуы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Махметов пен Мақаева қылмысының байланысы бар ма

Әлеуметтік желілерде Астана Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығының қолға түскені туралы ақпарат тарады. БАҚ беттерінде оның Астана қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысы болуы мүмкіндігі хабарланды. Мұның алдында Мақаеваның ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

ҰҚК не деді

Дегенмен ҰҚК Махметовтің қолға түсуі мен Мақаеваға қатысты қылмыстық істің өзара байланысы бар-жоғын әзірге нақтылаған жоқ.

ҰҚК баспасөз қызметі Махметовтің ұсталуы бойынша сұраққа берген жауабында қазірг сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сообщение Астана көші-қон қызметі бұрынғы бастығының ұсталғаны рас па – ҰҚҚ жауап берді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанның қай өңірлерінен халық көбірек көшіп кетіп жатыр
Уақыт өткен сайын ірі қалаларға қоныс аударып жатқандар саны артып келеді. Кей аймақта демографиялық ахуал нашарлап, тақырып өз алдына жеке мәселеге айналып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Статистика не дейді

Билік өкілдері аймақтарды дамытуға түрлі талпыныс жасап жатқанымен, облыстар халықты тұрақты түрде «беріп» келеді. Бұл үрдіс қатарынан үшінші жыл жалғасып отыр.

Ұлттық статистика бюросының деректерінше, соңғы үш жылға жуық уақытта өңірлер арасында шамамен 1,93 миллион көші-қон фактісі тіркелген. Бірақ бұл демографиялыөқ өзгеріс барлық өңірде тіркелді дегенді білдірмейді.

Бұл жерде таза көші-қон сальдосын есепке аламыз. Яғни белгілі бір өңірге басқа аймақтардан қанша адам келіп, қанша адамның кеткені салыстырылады. Егер көшіп кеткендер саны келгендерден көп болса, өңір халық жоғалтады.

Бір облыстар тұрғындарын жылдан жылға шығарып салып жатса, бірнеше ірі қала, керісінше, халықты өзіне тартып отыр. 30 айдың қорытындысын жинақтасақ, көші-қон сальдосы оң болған небәрі төрт аймақ бар. Олар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысы.

Қалған өңірдің барлығы осы кезеңде тұрғындарынан айырылған.

Тұрғындарын ең көп жоғалтқан өңірлер

2024 жылдан 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына дейінгі 2,5 жылда Түркістан облысынан 100 мыңға жуық адам көшіп кеткен. 2024 жылы облыстан басқа өңірлерге 31 966 адам қоныс аударса, 2025 жылы бұл көрсеткіш тағы 42 649 адамды құрады. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында өңірден 19 620 адам кеткен.

Осылайша, 2,5 жылдағы жалпы шығын 94 235 адамға жетті. Бұл – халқы шағын бір қазақстандық қала тұрғындарымен салыстыруға болатын көрсеткіш.

Көші-қонның негізгі бағыты да түсінікті. Түркістан облысы тұрғындары көбінде Шымкентке қоныс аударған. Тағы 21 283 адам Астанаға, 14 013 адам Алматыға, 8 733 адам Алматы облысына кеткен.

Жамбылдағы жағдай

Тұрғындарының сыртқа көшуі бойынша екінші орында – Жамбыл облысы. 2,5 жыл ішінде облыс 47 034 адамнан айырылған.

Аталған облыс тұрғындарының көші-қон бағыттары да негізінен бірнеше ірі орталықпен шектеледі. Бәрін тартып тұрған жер – Алматы. Қалаға кеткендер мен келгендер арасындағы таза айырма облыс үшін 19 112 адамды құрады. Бұдан бөлек, Жамбыл облысы Астанаға 15 329 адамды, Алматы облысына 8 314 адамды жоғалтты.

Жылдар бойынша қарасақ, көші-қон қарқыны да күшейіп келеді. 2024 жылы облыс 16,7 мың адам жоғалтса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 21,2 мыңға жеткен. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында тағы 9,2 мың адам кеткен.

Ал Жетісу облысы 30 айда 29 636 тұрғыннан айырылды. Оның ішінде Алматыға кеткендердің таза сальдосы – 14 786 адам. Тағы 10 897 адам Алматы облысының пайдасына кеткен.

Яғни Жетісу облысының өңіраралық көші-қон нәтижесінде жоғалтқан тұрғындарының он адамның тоғызына жуығы Алматы мен оның агломерациясы бағытына кеткен. Қызылорда облысы жұртының көбі Астанаға жол тартқан. 2,5 жылда өңір 27 098 адамынан айырылды. Оның 12 297-сі Астанаға қоныс аударған.

Алматыға кеткендердің таза айырмасы тағы 5 651 адамды құрады. Ал Абай облысының 30 айдағы жалпы көші-қон сальдосы – 22 144 адам көшкенін көрсетті.

Батыс Қазақстандағы ахуал

Қызықты мысалдардың бірі – Батыс Қазақстан облысын қамтыды. 2,5 жыл ішінде өңір Қазақстанның басқа облыстары мен қалаларымен ішкі көші-қон алмасу кезінде 10 742 адамынан айырылған.

Батыс Қазақстан – Ресеймен шекаралас облыс. Сондықтан бұл өңірден көшіп жатқандардың негізгі бағыты Ресей болуы мүмкін деген болжам жасауға болады. Алайда ішкі көші-қон статистикасы мүлде басқа көріністі көрсетеді.

Облыстың негізгі «қабылдаушысы» – Астана. Елордамен көші-қон алмасуында Батыс Қазақстан облысы 8 331 адамнан айырылған. Тағы 1 690 адам Алматыға кеткен.

Тағы қай өңірлер тұрғындарын жоғалтып жатыр

2,5 жылдағы ішкі көші-қон нәтижесі бойынша Қазақстанның өзге өңірлеріндегі халық шығыны мынадай:

Павлодар облысы – 15 237 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы – 12 998;

Қарағанды облысы – 12 983;

Атырау облысы – 12 748;

Қостанай облысы – 11 735;

Шығыс Қазақстан облысы – 9 004 адам;

Ұлытау облысы – 8 220 адам;

Маңғыстау облысы – 5 787 адам.

Ақмолада өсім байқалады

Маңыздысы сол, бұл өңірлердің басым бөлігі әр жыл сайын көші-қон бойынша минус көрсеткішінде болған. Бұл халықтың сыртқа ағылуы уақытша құбылыс емес, тұрақты қалыптасқан көші-қон үрдісі екенін көрсетеді.

Жалпы картинадан тек Ақмола облысы ерекшеленеді. 2024 жылы өңір 4 150 адамынан айырылса, 2025 жылы керісінше 292 адамға көбейді. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында облыс тағы 2 576 тұрғын қосты.

Соған қарамастан, 30 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы әлі де аздаған минуста – 1 282 адам. Дегенмен соңғы көрсеткіштер көші-қон бағытының оң арнаға бет бұрғанын аңғартады.

Ауылдан қалаға ауғандар

Қазақстандағы көші-қонның тағы бір айқын бағыты – халықтың ауылдық жерлерден қалаларға қарай ығысуы.

Яғни қазақстандықтар тек бір өңірден екіншісіне көшіп жатқан жоқ. Ел ішінде халықтың бір бөлігі ауылдан қалаға қарай біртіндеп қоныс аударып жатыр. Мәселен, Түркістан облысындағы 94 235 адамдық жалпы көші-қон шығынының 81 624-сі ауыл тұрғындарына тиесілі. Ал облыс қалаларындағы халық саны 12 611 адамға азайған.

Жамбыл облысында жалпы 47 034 адамдық шығынның 40 582-сі ауылдық жерлерге тиесілі. Абай облысында ауыл тұрғындарының саны 18 460 адамға кемісе, қала халқы 3 684 адамға азайған. Кейбір өңірде ауылдан қалаға ауысу одан да анық байқалады. Мысалы, Ақтөбе облысында қала халқының саны 15 255 адамға артқан, ал ауыл халқы дәл осы мөлшерге азайған.

Қостанай облысында ауылдан қалаға ауған халық саны 13 926 адам. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш – 12 413, Батыс Қазақстан облысында – 10 971, ал Шығыс Қазақстан облысында 9 226 адамға жеткен.

Сообщение Қазақстанның қай өңірлерінен халық көбірек көшіп кетіп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

ҰҚК Астанада көші-қон саласының бұрынғы шенеунігі ұсталғанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tizgin.kz порталына Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын ресми түрде растады.

Тергеу басталды

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және шетел азаматтарына құжаттарды рәсімдеу кезінде заңбұзушылықтарға жол беру фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деген комитет бұдан өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлады.

Әлия Мақаева деген кім

Әлия Мақаева ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарған. Ол еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Есіл аудандық көші-қон полициясы бөлімінде, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінде қызмет еткен. Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаментінің азаматтық және иммиграция бөлімін басқарған, кейін көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Сообщение ҰҚК Астанада көші-қон саласының бұрынғы шенеунігі ұсталғанын растады появились сначала на Tizgin kz.

«Алтын виза» мен жеңіл рәсімдер: Қазақстан көші-қон жүйесін қалай өзгертеді
Қазақстанда көші-қон саясаты түбегейлі трансформациядан өтіп, әкімшілік сипаттағы құралдан экономикалық дамудың маңызды тетігіне айналады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министр Президент Жарлығын іске асыру аясындағы Үкіметтің негізгі тәсілдері мен басым бағыттарын кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, бұл құжат көші-қон саясатын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам және оны жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын талап етеді.

«Қарапайым тілмен айтқанда, біз бұрынғы күрделі әрі шектеулерге толы жүйеден біртіндеп бас тартып, ашық әрі икемді модельге көшіп жатырмыз. Басты мақсат – отандық экономикаға қажетті мамандар үшін қолайлы көші-қон жүйесін қалыптастыру», деп атап өтті Аида Балаева.

Көші-қон саясатындағы төрт негізгі бағыт:

1. Сервистік мемлекет қалыптастыру:

Бұл бағыт мемлекеттік қызметтердің қарапайым әрі қолжетімді болуын көздейді. «Бір терезе» қағидатын кеңейту, процестерді толық цифрландыру және ведомствоаралық келісімдерді қысқарту арқылы мәртебе рәсімдеу мен жұмысқа рұқсат алу біртұтас жүйе арқылы жүзеге асырылады.

2. Бюрократиядан арылту:

Әкімшілік процестердің тиімділігін арттыру мақсатында өтініштерді қарау мерзімдері қысқарып, рәсімдер оңтайландырылады. Цифрлық бақылау құралдарын енгізу азаматтар мен мемлекет үшін уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

3. «Алтын виза» және адами капиталды тарту:

Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін «Алтын виза» тетігі енгізіледі. Бұл өндіріс немесе инфрақұрылым саласындағы инвесторларға ұзақ мерзімді тұрақты қызмет ету мүмкіндігін береді. Сондай-ақ инженерия, IT және медицина саласындағы мамандардың еңбек нарығына шығуы жеңілдетілмек.

4. Еңбек нарығының икемділігі:

Кадр тапшылығы бар және жоғары технологиялық салаларда кәсіби біліктілікті тану рәсімдері жеңілдетіледі. Кей жағдайларда біліктілікті растау мерзімдері айтарлықтай қысқартылып, бұл ретте сапа мен қауіпсіздік талаптары толық сақталады.

Министрдің айтуынша, мемлекет реттеуді әлсіретпейді, керісінше оны нақты, дәл және технологиялық тұрғыдан тиімді етеді. Стратегиялық тұрғыдан бұл реформалар Қазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін жаһандық бәсекедегі орнын күшейтуге бағытталған. Бұл білімге негізделген экономиканы дамыту мен сапалы өсуді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.

Сообщение «Алтын виза» мен жеңіл рәсімдер: Қазақстан көші-қон жүйесін қалай өзгертеді появились сначала на Tizgin kz.