Архивы Кеңес Рақышев - Tizgin kz

Кеңес Рақышев Украинадағы БТА банкті ақыры сатты
Қазақстандық миллионер Кеңес Рақышев иелік еткен БТА банкті Украинаның Nova компаниялар тобы сатып алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Банкті біріктіру не береді

Мәлім болғандай, банкті NovaPay төлем жүйесімен біріктіріп, NovaBank брендімен жұмыс істеуге дайындау басшылыққа алынды.

Forbes Ukraine ақпаратынша, БТА банктің банк лицензиясы мен NovaPay-дің технологиялық инфрақұрылымын біріктіру жеке тұлғалар мен бизнеске көрсетілетін қаржылық қызметтер аясын кеңейтуге жол ашады. Бастапқы кезеңде қызметтер цифрлық форматта ұсынылатын көрінеді. Интеграция барысында қазіргі клиенттерге қызмет көрсету шарттары өзгермейді. Олардың қолданыстағы келісімшарттары сақталмақ.

Алты жылдан бері сата алмаған

БТА банктің жарғылық капиталының 100%-ы кәсіпкер Кеңес Рақышевқа тиесілі болған. Ол банкке жанама түрде иелік етті. Биыл 12 қараша күні Украина Ұлттық банкі Nova тобы иелері Вячеслав Климов пен Владимир Поперешнюкке БТА Банктің 100% жарғылық капиталын бірлесіп сатып алуға рұқсат берген.

Мұның алдында банкті сатып алуға украиналық «Е Гроши» қаржы компаниясының тең иелері Вячеслав Мишалов пен Дмитрий Шевчук те қолқа салған. Дегенмен 2 қараша күні олар мәміледен бас тартып, Украина Ұлттық банкіндегі келісу рәсімін тоқтатқан. Бұдан соң Nova тобы банкті сатып алуға үміткер жалғыз тарап болып қалған. Кәсіпкер БТА банкті 2020 жылдан бері сатуға әрекеттенген. Бірақ бұған дейін әлеуетті сатып алушылармен жасалған келісімдер банктің меншік иесінің ауысуына байланысты аяқталмаған.

Сообщение Кеңес Рақышев Украинадағы БТА банкті ақыры сатты появились сначала на Tizgin kz.

Кеңес Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесті сатты
Кәсіпкерге тиесілі Fincraft Group компаниясы «Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің» (Shoqan School) акционерлері қатарынан шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Депозитарийдегі дерек

Ресми дерек қаржы есептілі депозитариіндегі хабарламада жарияланған. Аталған мектеп көпшілік арасында Shoqan School деп аталады.

Рақышев мұның алдында Fincraft Group компаниясы арқылы оқу ордасының 91 пайыз үлесін иеленетін. Енді бұл акцияларды мектептің бас директоры Әсел Тасмағамбетоваға сатты.

Хабарламада не жазылған

«Серіктестік қатысушылары құрамынан «Fincraft Group» ЖШС-ны шығару және Серіктестіктің жарғылық капиталындағы 91% үлесін азаматша Тасмағамбетова Әсел Имангалиевнаға сатуына байланысты азаматша Тасмағамбетова Әсел Имангалиевнаны Серіктестік қатысушыларының құрамына енгізу», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Тасмағамбетованың бас директор ретіндегі өкілеттілігі тағы 5 жылға ұзарған.

Сообщение Кеңес Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесті сатты появились сначала на Tizgin kz.

Кеңес Рақышев АХҚО-да жаңа компаниясын тіркеді
Кәсіпкер Кеңес Рақышев АХҚО юрисдикциясында тіркелген жаңа Fincraft Minerals Ltd. компаниясының жалғыз акционері атанды. Компания 2026 жылы 1 қыркүйекте тіркелген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АХҚО реестрінде не көрсетілген

АХҚО-ның ашық реестріндегі мәліметке сәйкес, Fincraft Minerals Ltd. жеке компания ретінде тіркелген. Қазіргі мәртебесі – белсенді, яғни жұмысын бастаған. Компанияның заңды мекенжайы Астана қаласының Есіл ауданында деп көрсетілген.

Fincraft Minerals атауында минералдық ресурстарға қатысты сөз болғанымен, реестрде оның негізгі қызметі тау-кен өндірісі ретінде көрсетілмеген. Компанияның ресми қызмет түрі – холдингтік компаниялардың қызметі.

Жалғыз акционері – Кеңес Рақышев

Компанияның капиталы әрқайсысының құны 1 мың теңге болатын 1 мың жай акцияға бөлінген. Акциялардың жиынтық құны 1 млн теңгені құрайды. АХҚО реестрінде Fincraft Minerals компаниясының жалғыз белсенді акционері ретінде Кеңес Рақышев көрсетілген. Компанияның акциялары кепілге қойылмаған.

Әзірге ашық реестрде жаңа құрылымның нақты қандай активтерді басқаратыны немесе қандай жобалармен айналысатыны туралы қосымша ақпарат жарияланбаған.

Сообщение Кеңес Рақышев АХҚО-да жаңа компаниясын тіркеді появились сначала на Tizgin kz.

Рақышевтың компаниясы 393 млн теңгеге жуық дивиденд төлейтін болды
Кеңес Рақышевтың иелігіндегі «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы артықшылығы бар акция иелеріне дивиденд төлейтін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаражатты қашан шотқа аударады

Қазақстан қор биржасының (KASE) баламалы алаңында SATCp кодымен саудаланатын әрбір артықшылықты акцияға 1 теңгеден дивиденд есептелген.

Қаражатты акционерлердің ағымдағы шоттарына аудару 24-шілдеден басталады. Төлем алатын бағалы қағаз иелерінің тізімі өткен жылғы 23 шілдедегі сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасақталған.

Ескере кететін жайт, «Fincraft Resources» 2024-2025 жылдары жай акциялар бойынша дивиденд бөлген жоқ болатын. Компанияның 78,85% үлесі «Fincraft Group» холдингіне, ал 15,72% үлесі «БТА Банкіне» тиесілі. Кеңес Рақыше осы акционерлік қоғамның түпкі иесі саналады.

Рақышевтың дәулеті қаншаға бағаланды

Екі жыл бұрын Fincraft Resources бірнеше активін иеліктен шығарды. Өткен жылы маусым айының соңында Nomad west oil мұнай компаниясының 50 пайыздық үлесінен құтылса, Батыс Қазақстан облысында гипс өндіретін «Индергипс» компаниясындағы үлесін сатты. Сондай-ақ, жұмысы тоқтаған «Орталық Азия инвестиция-консалтинг» деген еншілес мекемесін жапты.

Кеңес Рақышев Forbes журналының дерегіне сәйкес елдегі ең дәулетті 50 кәсіпкер тізімінде 27-орында. Байлығы 402 миллион АҚШ долларына бағаланды.

Сообщение Рақышевтың компаниясы 393 млн теңгеге жуық дивиденд төлейтін болды появились сначала на Tizgin kz.

Кеңес Рақышев жаңа мұнай-газ холдингін құрып жатыр
Кеңес Рақышевке тиесілі Fincraft Group компаниялар тобы өзіне қарасты мұнай-газ активтерін жаңа компания – Fincraft Energy Holding Limited-ке өткізуде. Кәсіпкер көмірсутектерді барлау, өндіру және өңдеу саласындағы жаңа жобаларға қатысуға бағытталған жаңа холдинг құруды көздеп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Fincraft Group-тың баспасөз қызметі «Курсивке» берген мәліметінде топ құрамындағы халықаралық мұнай компаниясы Tethys Petroleum Limited-тің 30,9 млн акциясы, яғни 26,95 пайызы 100 пайыздық еншілес құрылым – FG Limited жеке компаниясының пайдасына берілгенін хабарлады.

Жалпы алғанда, компаниялар тобы мұнай-газ активтерін басқаруды шоғырландыру және оңтайландыру үдерісінде. Осы мақсатта барлық актив өзге жеке құрылым  Fincraft Energy Holding Limited-тің қарамағына өткізіледі.

Жаңа мұнай-газ холдингі капитал нарығында жұмыс істейді және қолданыстағы әрі болашақ мұнай-газ жобаларына ұзақ мерзімді инвестициялар тартумен айналысады. Негізгі міндет – қазіргі активтерді дамыту және көмірсутектерді барлау, өндіру мен өңдеу саласындағы жаңа жобаларға қатысу. Fincraft Energy Holding Limited-тің жалғыз акционері – Fincraft Group ЖШС-нің иесі Кеңес Рақышев, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Fincraft-та атап өткендей, жаңа компанияның құрылуы энергетика бағыты бойынша инвестицияларды басқару құрылымын оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

АРАЛДА ТІРКЕЛГЕН КОМПАНИЯ

Сондай-ақ компания Tethys Petroleum Limited-тің 100 пайыз акциясын сатып алу жоспарының күшінде екенін растады.

Бұған дейін Кеңес Рақышевтің барлық активін біріктіретін Fincraft Group холдингі Tethys Petroleum Limited компаниясындағы үлеске иелік етуді тоқтатқаны хабарланған болатын. 2025 жылдың қазан айында Fincraft Group мұнай-газ компаниясының 100 пайыз акциясын сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Tethys Petroleum Кайман аралдарында тіркелген. Компания Қазақстанның Ақтөбе облысындағы мұнай мен газ кен орындарын барлау және игеру жұмыстарымен айналысады. Газ жобаларына Аққұлқа мен Қызылой кен орындары, ал мұнай жобасына Ақтөбе облысындағы Құл-Бас кен орны кіреді.

Сообщение Кеңес Рақышев жаңа мұнай-газ холдингін құрып жатыр появились сначала на Tizgin kz.