Архивы кандидаттар - Tizgin kz

Әлем чемпионы, жайдарманшы мен асаба: мәслихат сайлауына кімдер түскелі отыр
Биыл 29 қарашада өтетін кезектен тыс мәслихат сайлауына Қазақстан бойынша 10 971 кандидат тіркелді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы. Tizgin.kz редакциясы мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынғандар тізімін саралап, олардың ішінде елге белгілі адамдар да сайлауға түскелі отырғанын анықтап білді.

Сайлауға әлем чемпионы мен асаба тіркелді

Аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне «Сұңқар» деген лақап атпен таныс Арман Оспановты «Әділет» партиясы Шымкент қалалық мәслихатының №3 округінен ұсынған. Ол жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы PFL, ACA және Alash Pride турнирлерінде өнер көрсеткен. Сайлау комиссиясының тізімінде Оспанов қалалық күрес федерациясының вице-президенті ретінде көрсетілген. Арман Оспанов мәслихат депутаты болуды көздеп отырғанын бұған дейін Tizgin.kz порталына берген сұхбатында айтқан еді.

Одан бөлек спортшылардың арасынан белгілі боксшы Бекзат Нұрдаулетов өз кандидатурасын ұсынып отыр. 2019 жылы әлем, ал 2024 жылы Азия чемпионы атанған спортшы енді саясатқа бет бұруды көздесе керек. Ол Маңғыстау облысы мәслихатына депутат болу үшін сайлауға барады.

Тізімде әзілкеш, актер Мансар Орынханның да есімі аталады. Орынхан көрерменге «Жайдармандағы» «Миллион» командасы арқылы танылған. Биыл ол Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті атанған болатын.

Депутаттыққа үміткерлер қатарында Елдос Үшкемпіров бой көрсетті. Жақсылық Үшкемпіровтың ұлы «Мыңбай» шаруа қожалығын басқарады. Ол Алматы облыстық мәслихатының №6 округінің атынан ұсынылған.

Сонымен қатар биыл үміткерлер арасында асаба Нұрқасым Хасенов бар. Ол сайлауға Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар аудандық мәслихатының атынан түседі.

Спорт саласынан тізімде Данияр Қасқарауов пен Мұрат Аханов та бар. Қасқарауов бұған дейін Alash Pride FC промоушенін, ал Аханов оның Түркістандағы клубын басқарған. Бірмандатты жүйеде болған Данияр Қасқарауов Мәжілістен кеткен кезде Парламентке қайтадан бармайтынын мәлім еткен еді. Ол қазір «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшысы болып, жұртшылықпен кездесіп,

Мәслихат сайлауы

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау жергілікті өкілді органдардың жаңа құрамын жасақтауға бағытталған. Дауыс беру барысында азаматтар өз өңіріндегі мәслихат депутаттарын таңдайды. Мәслихаттар жергілікті бюджетті бекіту, өңірлік даму бағдарламаларын қарау және олардың орындалуын бақылау сияқты маңызды өкілеттіктерге ие.

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау аралас жүйе бойынша өткізіледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың мәслихаттарында депутаттардың 50 пайызы партиялық тізімдер арқылы, қалған 50 пайызы бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты округтер арқылы сынға түседі. Мұндай округтерде саяси партиялар ұсынған кандидаттармен қатар өзін-өзі ұсынған азаматтар да сайлауға түсе алады. Депутаттық мандат дауыс беру нәтижесіне сай бөлінеді.

Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партия бар. Олар: «Әділет», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ» пен Respublica партиясы.

Сайлаушылар дауыс беру күні өздері тіркелген сайлау учаскесіне барып, жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі керек. Дауыс беру жалпы тәртіп бойынша жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сайлау қорытындысы дауыстар саналып, тиісті сайлау комиссияларының хаттамалары рәсімделгеннен кейін жарияланады.

Авторы Дария Гумарова

Сообщение Әлем чемпионы, жайдарманшы мен асаба: мәслихат сайлауына кімдер түскелі отыр появились сначала на Tizgin kz.

Алғашқы дебат көрермен даусымен «Әділет» пайдасында. Партия елге не ұсынады
Саяси партиялар арасында өткен теледебатта Құрылтай депутаттығына кандидат, «Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тұстарын жіктеп берді. Сонымен қатар, бәсекелестер арасында болған өткір сұрақ-жауап айқасында денсаулық сақтау, жастар және жасанды интеллект тақырыптарында нық жауап беріп, партия жоспарынан хабардар етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көрермендердің көбі «Әділет» кандидатына «сенді»

Теледебат барысында көрермендер экрандағы QR-код арқылы пікірсайысқа қатысушылардың сөзін бағалап, онлайн сауалнамаға қатысты. Сауалнаманы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізді.

Осы сауалнамада «Әділет» кандидатының айтқан сөзі мен позициясы көпке ұнаған болу керек, 21 334 адамның  67,1% «Әділет» кандидатына жауап берген. Сауалнамада ЖСДП – 2,2%, «Байтақ» – 2.1%, ҚХП – 8,2%,  «Ауыл» – 5.4%, «Ақ жол» – 9.9%, Reslublica – 4.3%, ешқайсысы ұнамады  – 0,8% жинадыү

«Әділет» қандай ұсыныстарын айтты

«Ақжол» партиясы өкілі жасанды интеллектке қатысты сауал қойып, мемлекеттік құрылымға енгізудегі қауіп-қатеріне назар аудартты. Мұның арты жас мамандардың жұмыссыздығына әкелуі мүмкін деген күдігін жасырмады.

Ал Ренат Бектұровтың айтуынша, жасанды интеллектінің өмірімізге, соның ішінде мемлекеттік қызметтерге енуінен қорықпау керек. Өйткені оның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметті тиімді жолмен алуына жағдай жасау. Сонымен қатар, мемлекеттің барлығымыздың өмірімізге әсер ететін шешімдерді аналитикалық тұрғыда тез қабылдауына жол ашады.

«Бір мысал айтайын. Барлығымыз болмаса да біразымыз цифрландыруға дейінгі мемлекеттік қызметтерді еске түсірелік. БТИ, паспорттық үстел деген мекемелер болатын. Сол құжаттарды алу үшін неше күн сабылатынбыз. Қазір цифрландыру арқылы барлық құжатты, құжат тұрмақ, көлігімізді де бір күннің ішінде ешқайда бармай-ақ рәсімдеп аламыз. Одан жұмыссыз мемлекеттік қызметкерлер көбейді ме? Жоқ! Керісінше, қазір Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бар. Талай министрлікте цифрландыру бойынша вице-министрлер бар. Мемлекеттік қызметтің өзінде де осындай жаңа жұмыстар пайда болды. Бірақ ең маңыздысы – бұл азаматтарға ыңғайлы», – деп түйді.

Оның сөзінше, ертеңгі күні жасанды интеллект те дәл солай болады. Ол тек қағазбен жұмыс істейтін сарапшылар сияқты мамандарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Бірақ олардың орнына «промпт-инженер», «жасанды интеллект архитекторы» сияқты жаңа мамандықтар пайда болады. Ең бастысы – олар адам үшін қызмет етеді. Адамға осы қызметтің тиімділігін арттыруға және өнімділігін көбейтуге жәрдемдеседі. Оның арты экономиканың өнімділігі артады.

«Сондықтан жасанды интеллектен қорқудың қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметкер жұмыссыз қалады деп алаңдамау керек. Керісінше, жасанды интеллект арқылы жастарымыз жаңа мамандықтарды меңгеріп, кәсіпкер болуы да мүмкін», – деп қорытты ол.

Еске салайық, «Әділет» партиясы 23 шілдеде еліміздегі басқа саяси күштермен қатар сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Республикалық сайлауалды штаб іске кіріскен сәттен бастап партияның Құрылтай депутаттығына кандидаттары өңірлерді аралауға шықты. Бүгінде олар Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстарында болып, жергілікті жұртшылықпен бірқатар кездесу өткізді.

Өңірлік сапарлар барысында партия өкілдері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен, студенттермен және қоғам белсенділерімен жүздесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, жергілікті жұртшылықпен ашық әңгіме өрбітіп келеді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Сообщение Алғашқы дебат көрермен даусымен «Әділет» пайдасында. Партия елге не ұсынады появились сначала на Tizgin kz.

ОСК «Байтақ» жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ОСК қандай шешім қабылдады

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, партияның партиялық тізімі ресми тіркеуден өтті.

Сондай-ақ партиялық тізім бойынша ұсынылған Құрылтай депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер беріледі.

Ары қарай не болады

Қаулыға сәйкес:

ОСК аппараты партиялық тізімнің тіркелгені туралы мәліметтерді арнайы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жолдайды;

партиялық тізімнің тіркелгені туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жарияланады;

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» атауы сайлау бюллетеніне енгізіледі.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін бірқатар саяси партиялардың партиялық тізімдерін кезең-кезеңімен тіркеп жатыр.

Бұған дейін “Байтақ” партиясының Құрылтайға қатысты бірінші съезі шумен өткен еді.

Сообщение ОСК «Байтақ» жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеді появились сначала на Tizgin kz.

Дания Еспаева «Ақ жолдың» сайлау алдындағы партиялық тізімін таныстырды
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына ұсынған партиялық тізіміне қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Партия төрағасы Дания Еспаеваның айтуынша, партиялық тізімге барлығы 63 кандидат енгізілген. Олардың қатарында 19 жас, 10 әйел және мүгедектігі бар 6 азамат бар.

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Дания Еспаева тізімге енгізілген үміткерлердің барлығы партияда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мүшелер екенін айтты.

«Тізімдегі кандидаттардың барлығы – партия құрамында ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әріптестеріміз. Олар партияға жуырда ғана қосылған адамдар емес. Бұл азаматтардың өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесі мол», – дейді партия төрағасы.

Сонымен қатар, ол «Ақ жол» партиясының Қазақстанның барлық өңірінде өкілдігі бар екенін атап өтті.

Партия төрағасының сөзінше, партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат заңнамада белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі:

АРЫСТАНОВА Айгерім Атығайқызы – «Ақ жол» Демократиялық партиясының жастар кәсіпкерлігін қолдау қызметінің басшысы;

АХМЕТЖАЕВ Дәурен Хайруллаұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Даниял құрылыс дизайн» ЖШС директоры;

ӘБІЛДИН Ермек Төлеуұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты;

ӘУЕС Жоламан Бейсеханұлы – Шу аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, кәсіпкер;

БАРЛЫБАЕВ Ерлан Хайланұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

БЕЙСЕНБАЕВ Ержан Алмабекұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің VIІI шақырылым депутаты;

БЕЛШЕР Нұрлан Түкмағанбетұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жаңаөзен қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «KazPetroDrilling» АҚ президенті;

БИБАЕВ Бақтыбек Сәлбекұлы – Атырау облысындағы Texol компаниялар тобының GR-директоры;

БИСЕНОВ Бекнұр Амантайұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық мәслихатының VIІI шақырылым депутаты, «KMG EP-Catering» ЖШС Атырау филиалының директоры;

ДҮЙСЕМБИНОВ Берік Сәлімжанұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің мәслихаттармен жұмыс жөніндегі хатшысы;

ЕГІНБАЕВ Ермек Молдақұлұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, Жетісу облыстық мәслихатының VIІI шақырылым депутаты;

ЕЛУБАЕВА Марал Қуандыққызы – «П.М. Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Педиатрия мектебінің деканы;

ЕРУБАЕВ Серік Сәрсенұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

ЕСПАЕВА Дания Мәдиқызы –      ​«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым Вице спикері, ҚР тарихындағы Президенттікке кандидат болған алғашқы әйел (2019 ж.);

ЖАЛМҰҚАНОВА Ләззат Жұмағұлқызы – Петропавл қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты;

ЖАМПИИСОВ Рамазан Көпесбайұлы – ЖШС «EcoSolutions Group» Бас директоры;

ЖАУКЕБАЕВ Бек-Мұхамед Мейірбекұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жастар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Жастар дебаттық лигасының негізін қалаушы;

ЖҰМАҒАЛИЕВ Рустам Айсұлтанұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің құқықтық жұмыс жөніндегі хатшысы.

ЖҰТАЕВ Махаббат Сағынбайұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қостанай облыстық  филиалының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының VIІI шақырылым депутаты;

ИБАТУЛЛИНА Эльмира – «First Legal Consulting Group» ЖШС басқарушы серіктесі;

ИСА Қазыбек Жарылқасынұлы – ​«Ақ жол» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

ИСИН Әлібек Ерлікұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, «SAMADI» ЖШС бас директоры;

ҚАБДЫҒАЛИЕВА Мейрамгүл Кенжеғалиқызы – Астана қалалық мәслихатының VIІI шақырылым депутаты, «Қазақстан магнезит бұйымдары зауыты» ЖШС-нің басқарушы директоры;

ҚАЙРКАН Азат Серікжанұлы –   ​«Best Product Pavlodar» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы;

КАЛИНКИН Анатолий Дмитриевич – Депутат VIII созыва городского маслихата г. Семей, Директор, соучредитель ТОО «Discovery Coffee Semey»;

КИНСФАТЕР Артур Сергеевич – Заместитель председателя Карагандинского областного филиала партии «Ак жол»;

КИНЦЕЛЬ Евгений Юрьевич – Председатель Партийной комиссии Демократической партии «Ак жол», Депутат Северо-Казахстанского областного маслихата VIII созыва;

ҚОЖАХМЕТОВ Асылхан Төлепбергенұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің хатшысы, «Ақ жол» Демократиялық партиясы Орталық аппаратының жетекшісі;

ҚОРҒАНБАЕВ Батыржан – Маңғыстау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «KMG – SECURITY» ЖШС Жаңаөзен қаласындағы филиалының директоры;

ҚОЗЫБАҚОВ Ұлан Ермекұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, «Astana Energo Hub» ЖШС директорының орынбасары;

ЛИ Юрий Виссарионович – Член Астанинского городского совета Демократической партии «Ак жол», Председатель фонда «Финансовая культура»;

ЛИННИК Андрей Григорьевич – Директор ТОО «Aspara Munay», Президент Федерации велоспорта г. Алматы;

ЛОГУТОВ Константин Николаевич – Учредитель ТОО «Terra Invest Group», Генеральный Директор ТОО «Bilboards Empire»;

МӘЛІМОВ  Бақдәулет Әлиақбарұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Шымкент қалалық кеңесінің мүшесі, «SMART-Energy» ЖШС директоры;

МЕНДЫХАНОВ Әлім Болатұлы – «Encos Group» ЖШС бас директоры;

МЕРҒАЛИЕВ Асқар Серікұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық кеңесінің мүшесі, «УРАЛПРОМЭНЕРГО» ЖШС директоры;

МИКРЮКОВ Виктор Николаевич – Член Астанинского городского совета Демократической партии «Ак жол», Президент ОЮЛ «Ассоциация Застройщиков Казахстана»;

МҰСАПАРБЕКОВ Қанат Жантұяқұлы – Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облыстық Экология департаментінің басшысы;

НАЙЗАҚҰЛОВ Бауыржан Онланбекұлы – Тараз қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «Тараз былғары зауыты» ЖШС директоры;

НҰРАЛДИНОВ Олжас Елтайұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;

ӨМІРҒАЛИ Ерлік Қайдарұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің VIІI шақырылым депутаты;

РАКИШЕВА  Әлия Болатқызы – «Отбасы банкі» АҚ Есеп жөніндегі Басқарма бастығы;

РАМАНҚҰЛОВ Мақсат Базаралыұлы – «Түркістан» корпоративтік қорының директоры, Түркістан облысы әкімінің инвестициялар жөніндегі кеңесшісі;

САҒЫМБЕКҰЛЫ Абзалбек – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Гаухар-Тас 07» ЖШС директоры;

САЛЫҚБАЕВ Абзал Мырзаханұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы;

САРТБАЕВ Сәкен Сатвалдыұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы кеңесінің мүшесі, «ГазТерминал» ЖШС бас директорының орынбасары;

СЕРҒАЗИНОВА Александра Қабдоллақызы – Қостанай облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «Наш Костанай» газеті» ЖШС директорының орынбасары;

СМАҒҰЛОВ Асқар Сайлаубекұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты және тұрақты комиссияның төрағасы;

СМАҒҰЛОВ Рүстем Сағадатұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, «StroygroupPVL» ЖШС директоры;

СЫЗДЫҚОВ Саят Төлегенұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақмола облыстық  филиалының төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының VIІI шақырылым  депутаты;

ТАСТЕКЕЕВ Дулат Тұрсынұлы – Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «TAS GROUP» компаниясының негізін қалаушысы;

ТІЛЕУЖАНОВ Ержан Хамитұлы – Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;

ТӨЛЕГЕНОВА Ақманат Мұратқызы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қызылорда қалалық кеңесінің мүшесі, «Арал Газ» ЖШС директорының орынбасары;

ТҮЛЕБАЕВ Исламбек Насруллаұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Шымкент қалалық кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы;

УТКИН Сергей Геннадьевич – Член Алматинского городского совета Демократической партии «Ак жол», адвокат;

ХАМЗИН Ғани Болатұлы – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС стратегия департаменті директорының орынбасары;

ХАСАНОВ Ержан Қайржанұлы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «Мағжан» ЖК директоры;

ШАҒИМОЛДИН Ержан Өмірханұлы – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;

ШАРДИНОВ Бахтияр Ахметжанович – «Жаркент» ЖШС бас директоры;

ШИМИРОВ Мұхтар Асқарұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасы, «BIOMAK» кооперативінің директоры;

ШЫНАСИЛОВА Мейраш Қалиқызы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, «Мамандандырылған тас өңдеу кәсіпорны» ЖШС директорының орынбасары;

ЮСУПОВ Ермекқалий Төлепқалиұлы – «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиал төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

Сообщение Дания Еспаева «Ақ жолдың» сайлау алдындағы партиялық тізімін таныстырды появились сначала на Tizgin kz.

Баршаға жәрдемақы тарату мәселені шешпейді: «Ауыл» партиясы мемлекет есебінен өмір сүруді насихаттайтын оппоненттеріне жауап берді
Астанада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXVI съезінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Партия Құрылтай депутаттығына барлығы 69 кандидатты ұсынды. Олардың 71%-ы ер азаматтар, 29%-ы әйелдер. Сонымен қатар тізімге мүгедектігі бар 6 азамат енгізілген. Бұл жалпы кандидаттар санының 8,7%-ын құрайды.

Жас құрамы бойынша үміткерлердің басым бөлігі – 35 пен 55 жас аралығындағы азаматтар. Олардың үлесі 56,5% болса, 25-35 жас аралығындағы жастардың үлесі 14,5% болды. Партия мәліметінше, кандидаттар еліміздің әр өңірі мен түрлі сала өкілдерінен жасақталған.

Съезде партия төрағасы Қайрат Айтуғанов форумға қатысу үшін барлық өңірде өткен партиялық конференцияларда 150 делегат сайланғанын айтты.

Партия төрағасының айтуынша, съезде партияның алдағы бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданады. Оның сөзінше, алда елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең – кезекті электоралдық науқан тұр. “Баршаға жәрдемақы тарату мәселені шешпейді” деп «Ауыл» партиясы мемлекет есебінен өмір сүруді насихаттайтын оппоненттеріне жауап берді.

Кезектен тыс XXVI съезде партияның сайлауалды бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі және Саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Сообщение Баршаға жәрдемақы тарату мәселені шешпейді: «Ауыл» партиясы мемлекет есебінен өмір сүруді насихаттайтын оппоненттеріне жауап берді появились сначала на Tizgin kz.