Архивы фото - Tizgin kz

G20 кездесуінде Еуропа министрлері Лавровпен бірге суретке түсуден бас тартты
АҚШ-тың Атланта қаласында өтіп жатқан G20 елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде еуропалық дипломаттар Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірге ортақ суретке түсуден бас тартты. Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль мұндай шешімді Ресейдің Украинаға қарсы соғысының жалғасуымен түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

30 қазанда басталған кездесуде Еуропа елдерінің өкілдері Ресеймен қарым-қатынасты қалыпты деңгейге оралғандай көрсететін дипломатиялық рәсімдерге қатыспайтынын білдірді. Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефульдің айтуынша, еуропалық мемлекеттердің ұстанымына байланысты жиынға қатысушылардың дәстүрлі ортақ фотосуреті түсірілмеуі мүмкін.

«Ресеймен қалыпты қарым-қатынас жоқ», – деді Германияның сыртқы істер министрі.

Вадефуль Ресей тарапымен байланыс орнату және келіспеушіліктерді талқылау қажет екенін мойындады. Алайда мұндай кездесулер Мәскеумен қарым-қатынас бұрынғы қалпына келгендей әсер қалдырмауы тиіс екенін атап өтті. Bloomberg агенттігінің жазуынша, G20 кездесулеріндегі ортақ фотосурет – практикалық маңызы жоқ, негізінен дипломатиялық сипаттағы дәстүрлі рәсім. Дегенмен ол әлемдік державалар өкілдерінің бірлігін көрсетуге арналған символдық қадам саналады.

Сондықтан еуропалық министрлердің ортақ фотосессиядан бас тартуы Ресейге қатысты саяси ұстанымның кезекті көрінісі ретінде бағалануы мүмкін.

Лавровтың өзі бұл әрекетті “басыну” деп бағалады.

АҚШ Лавровты келіссөзге шақырды

Еуропалық дипломаттардың қарсылығына қарамастан, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров G20 кездесуіне АҚШ тарапының шақыруымен қатысты. Биыл «Үлкен жиырмалыққа» төрағалық ететін АҚШ атынан Лавровты мемлекеттік хатшы Марко Рубио шақырған. Америкалық дипломаттың ресейлік әріптесімен екіжақты кездесу өткізуі жоспарланған.

AFP агенттігінің мәліметінше, бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшылығымен диалогты жақсартуға бағытталған саясатына сәйкес келеді. Осылайша, Атлантадағы кездесу Батыс елдерінің Ресейге қатысты ұстанымындағы айырмашылықты тағы бір мәрте көрсетті. Вашингтон Мәскеумен тікелей келіссөз жүргізуге мүдделі болса, еуропалық мемлекеттер Ресеймен дипломатиялық қатынастың қалыпты сипат алғанын көрсететін қадамдардан бас тартып отыр.

Сонымен қатар Германия сыртқы істер министрі Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін де көтерді. Вадефуль Мәскеуді Киевтің атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға шақыратынын мәлімдеді. Оның пікірінше, алғашқы қадам ретінде Қара теңіз акваториясында бітім орнату қажет. Германия дипломаты Ресеймен келіссөздердің маңызын жоққа шығармағанымен, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін Мәскеу тарапынан тиісті шешімдер қабылдануы керектігін жеткізді.

Иран мәселесі де талқыланды

Атлантадағы кездесуде халықаралық қауіпсіздікке қатысты тағы бір маңызды мәселе – Иран төңірегіндегі шиеленіс сөз болды. Йоханн Вадефуль Иранға қатысты дағдарысты әскери жолмен шешу мүмкін емес екенін айтып, дипломатиялық келіссөздерге басымдық беруге шақырды. Бұл мәлімдеме АҚШ-тағы Конгреске аралық сайлаудан кейін Вашингтон мен Израильдің Иранға қайта соққы беруі мүмкін екені туралы ақпарат тараған тұста жасалды.

Германия сыртқы істер министрі Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қойылған шектеулерді тоқтату қажеттігін де атап өтті. Ормуз бұғазы әлемдік энергетика нарығы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл бағыт арқылы мұнай мен басқа да энергетикалық ресурстардың елеулі бөлігі тасымалданады. Осылайша, Атлантадағы G20 кездесуі Украинадағы соғыс, Ресеймен дипломатиялық байланыс және Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық пікір қайшылықтарын айқын көрсетті.

Сообщение G20 кездесуінде Еуропа министрлері Лавровпен бірге суретке түсуден бас тартты появились сначала на Tizgin kz.

“Мыңдаған адам асыға күткен сурет”: Базарбек ауруханадан фото жариялады
Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі тап болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен азаматтың фотосуретін жариялап, дәрігерлерге алғысын айтты, деп жазады Tizgin.kz.

Базарбек не дейді

Экс-депутат Нұржігітті тұрғызған дәрігерлермен фотоға түсіп, оны еліміздің мыңдаған адамы асыға күткен сурет деп атады.

“Нұржігітті тұрғызған дәрігерлер! Бұл — еліміздің мыңдаған адамы асыға күткен сурет. Суретте — өз білімі, ерекше кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігітті ажалдан аман алып қалып, есін жиғызып, қайтадан аяққа тұрғызған Тараз қаласының көпбейінді ауруханасының дәрігерлері. Ортада — Нұржігіт Қошанов. Оң жақта — Тараз қаласы көпбейінді ауруханасының бас дәрігері — Мұрзақасымов Хамит Саттарқұлұлы; Бас дәрігердің орынбасары – Ордабеков Ербол Сағындықұлы; Анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі — Мусин Ғамзат Афендіұлы; дәрігерлер – Джурабаев Д.Т, Еділбаев Е.О, Раимбекова Г.Э, Баяшев Е.Н, Джапсарбаев Б.М, медбикелер – Ермекқали Б.Ж, кіші медбике Сағынтаева П.К. Шыны керек, Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің кәсіби біліктілігі мен деңгейі өте жоғары. Оларды бүкіл Жамбыл облысы медицинасының қаймағы десем, қателеспеспін”, – деді ол.

Нұржігіт жатқан уақыт аралығында бұл дәрігерлер қаншама адамның өмірін аман алып қалған. Жағдайы мүшкіл науқастардың сауығып, қайтадан аяққа тұруына себепші болып келеді.

“Бұлар — заманымыздың нағыз қаһармандары десем, артық айтқаным емес. Өз өмірін өзге адамның өмірін сақтап қалуға арнаған ақ халатты абзал жандарды қадірлей білейік, ағайын! Дәрігерлерге мың алғыс! Еңбектеріңізге мың тағзым!” – дейді Базарбек.

Бақытжан Базарбектің ісі жайлы

Еске салсақ, бұған дейні Жамбыл облысында бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Жол апаты Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылының маңында болған. Бұған дейін осы жол учаскесінде көлік малды қағып, жануардың өлексесі жол үстінде қалып қойған. Бір ер адам оны жолдан алып тастау үшін көліктен түскен. Сол сәтте оны Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі қағып кеткені айтылады.

Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол тергеу жүріп жатқандықтан оқиғаның мән-жайын ашып айта алмайтынын жеткізіп, көпшілікті асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Сообщение “Мыңдаған адам асыға күткен сурет”: Базарбек ауруханадан фото жариялады появились сначала на Tizgin kz.