Архивы фейк - Tizgin kz

Құрылтай сайлауы кезінде дипфейктер мен жалған құжаттар таратылғаны анықталды
Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық кеңістікте жалған мәліметтер, дипфейктер мен арандатушылық материалдардың таралуы күшейген. Сайлау науқаны кезінде 200-ден астам анонимді және деструктивті аккаунт арқылы таратылған шамамен 15 сериялы ақпараттық материал тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz JAQ.OrtCom мәліметіне сілтеме жасап.

Фейктер қалай таратылады?

JAQ.OrtCom мәліметінше, жалған ақпарат тарату науқандары алдын ала әзірленген жүйе бойынша жүргізіледі. Алдымен арандатушылық сипаттағы тақырып қалыптастырылып, ақпарат анонимді алаңдарға жарияланады. Кейін оны өзара байланысты бот-аккаунттар бір мезетте жаппай таратады.

Бірдей тезистер мен ұқсас визуалдық безендірудің түрлі платформаларда қатар пайда болуы мұндай жұмыстардың орталықтандырылған әрі ұйымдасқан сипатын көрсетуі мүмкін. Негізгі тарату арналары ретінде анонимді Telegram-арналар, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар мен бот-желілер аталды. Ұйымның мәлімдеуінше, кейбір жағдайларда ақпараттық науқанның шетелден үйлестірілгенін аңғартатын белгілер де байқалған.

Манипуляциялық материалдардың басым бөлігі сайлау процесі, сыртқы саясат және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты болған. Олардың арасында жасанды интеллект көмегімен жасалған аудио, фото және бейнематериалдар, жалған құжаттар, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік танымал тұлғалар мен мемлекеттік орган басшыларының бейнесі қолданылған дипфейктер бар.

JAQ.OrtCom мұндай науқандардың мақсаты мемлекеттік институттар мен лауазымды тұлғалардың беделіне нұқсан келтіру, билікке деген сенімді әлсірету және қоғамда жасанды шиеленіс қалыптастыру екенін мәлімдеді.

Фейктерге қарсы 44 материал жарияланған

Ақпараттық шабуылдардың салдарын азайту мақсатында 44 түсіндіру материалы әзірленіп, жарияланған. Олардың қатарында бейнероликтер, нұсқаулықтар, ақпараттық-ағартушылық постерлер және сайлау науқанына қатысты кең тараған мифтерді жоққа шығаратын жарияланымдар бар.

JAQ.OrtCom азаматтарды эмоциялық және арандатушылық сипаттағы хабарламаларға, әсіресе анонимді дереккөздерден тараған мәліметтерге сын көзбен қарауға шақырды. Бір ақпараттың ондаған арна мен аккаунтта бір мезетте жариялануы оның шынайы екенін білдірмейді.

Ұйым кез келген мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріп, оны мемлекеттік органдардың ресми ақпаратымен және кәсіби бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарымен салыстыруды ұсынды. Шынайылығы расталмаған ақпаратты тарату бот-желілер мен жалған ақпарат науқандарын ұйымдастырушылардың мақсатына қызмет етуі мүмкін.

Сообщение Құрылтай сайлауы кезінде дипфейктер мен жалған құжаттар таратылғаны анықталды появились сначала на Tizgin kz.

Жалған ақпарат: Желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейді
Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жолбарысқа қатысты тараған суретке министрлік түсініктеме берді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фейк фото мен видеоны тарату заңмен жазаланады

Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.

Еске саламыз: көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді.

Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.

Сообщение Жалған ақпарат: Желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейді появились сначала на Tizgin kz.

Дрондардан зейнетақыға дейін: шілдеде тараған жалған ақпараттарға шолу
Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылдың шілде айында теріске шығарылған жалған ақпараттарға шолу дайындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

1. Иранның Бендер-Аббас қаласындағы “қазақстандық портқа” жасалған соққы.

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ:

Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық көліклогистикалық жобаға бөлінген жер учаскесі соққыға ұшыраған жоқ және ешқандай

зақым келмеген. Жоба іске асырудың бастапқы кезеңінде, инфрақұрылым

нысандарының құрылысы әлі басталған жоқ.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл жалған ақпарат ұғымдарды алмастыру әдісі арқылы таратылған.

Жарияланымдарда болашақта іске асырылатын инвестициялық жоба қазірдің өзінде

жұмыс істеп тұрған «қазақстандық порт» ретінде көрсетілген. Соның салдарынан

оқиғаның ауқымы жасанды түрде ұлғайтылып, Қазақстан мүдделеріне нұқсан келді

деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатын көздеген.

2. Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе

кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін

пайдалануға жол бермейді.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл сияқты манипуляциялық хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға

бағытталған. Олардың мақсаты – Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел

ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай

ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін

нақты айғақтардың болмауы тән.

3. Ресей Федерациясы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми сұраныс жолдады.

ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ:

Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Экспорттау мүмкіндігі тек

ресми өтініш болған жағдайда және ішкі нарықтың мүддесіне нұқсан

келтірілмеген жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл манипуляция ықтималдықты нақты факт ретінде көрсету принципіне негізделген.

Теориялық тұрғыда мүмкін болатын сценарий қабылданып қойған шешім ретінде

ұсынылып, оқиғаның алдын алу мүмкін емес деген жалған пікір тудырған.

4. Жанармайды шетелге экспорттау салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының тапшылығы туындады.

ҚР ҮКІМЕТІ:

Ішкі нарық жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу зауыттары

штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша

қосымша шаралар қабылдануда.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Мұндай хабарламалар жанармайға сұраныс артқан кезеңдерде жиі пайда болады.

Олардың мақсаты – жасанды тапшылық күту сезімін қалыптастыру, бұл өз кезегінде

дүрлігуді тудырып, қоғамдық мазасыздықты күшейтуге қауқарлы.

5. Салық органдары азаматтардың жинақтарын тұрақты бақылау үшін олардың банктік шоттары мен депозиттеріне қол жеткізе алады.

ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ:

Салық органдары жеке тұлғалардың банктік және депозиттік шоттарына нақты уақыт

режимінде қол жеткізе алмайды және азаматтардың жинақтарына бақылау

жүргізбейді.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарлама мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін асыра көрсетуге және

азаматтар үшін маңызды болып табылатын жеке қаржы мәселелерін пайдалануға

негізделген. Әдетте заңнаманың жекелеген нормалары немесе талқыланып жатқан

бақылау шаралары толық әрі жаппай бақылау тетігі ретінде бұрмаланып түсіндіріледі.

Мұндай ақпарат негізсіз үрей тудырып, қаржы жүйесіне деген сенімсіздікті

қалыптастырады. Ал шын мәнінде, мемлекеттік органдардың құқықтық өкілеттіктері

қолданыстағы заңнамамен және банк құпиясын сақтау талаптарымен қатаң шектелген.

6. «Қордай» шекаралық өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы талапқа сай емес жағдайда тұр.

ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ:

Тексеру жүргізілді, аталған мәліметтер расталған жоқ.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл жағдайда оқиғаның мән-жайын объективті бағалауға мүмкіндік бермейтін фото

және бейнематериалдар қолданылған (видео фильтр арқылы жасалуы мүмкін).

Мемлекеттік рәміздерге қатысты жарияланымдар аудиторияның эмоциялық

реакциясын тудырып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралады.

7. Жолаушылар орындығындағы пакетке «қауіпсіздік белдігі тағылмағаны» үшін жүргізушіге айыппұл салынды.

АЛМАТЫ Қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Алдыңғы жолаушылар орындығында тұрған пакет заң бұзушылық нысаны болып

табылмаған және ол салынған айыппұл туралы қаулыға ешқандай қатысы жоқ.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Мұнда ақпаратты контекстен бөліп алу арқылы манипуляция жасаудың кең таралған

тәсілі қолданылған. Ресми материалдардың мазмұнын бұрмалау, оқиғаны сенсациялық

түрде түсіндіруге және мемлекеттік институттарға деген сенімсіздікті қалыптастыруға

бағытталған.

8. Ақмола облысындағы дала өртін сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілер толыққанды тамақпен қамтамасыз етілмеген.

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД:

Жеке құрам құрғақ азық-түлік жиынтығымен, ауыз сумен және ыстық тамақпен толық

қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өртті сөндіруге қатысушылар үшін қосымша ыстық

тіскебасарлар мен сусындар ұйымдастырылды.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарламалар мемлекеттік органдардың жұмысы туралы теріс пікір

қалыптастыруға және қоғамдық резонанс тудыруға бағытталған эмоционалды сипаттағы

жазбалар мен фотоларға сүйеніп жасалған.

9. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы өсті.

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ:

Қолданыстағы кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері өзгерген жоқ және

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бұрынғы тәртіппен

қолданылуын жалғастыруда.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Манипуляциялық жарияланымдарда қауесетті нақты бір күнтізбелік күнге таңу әдісі

қолданылған. Нақты күнді («1 шілдеден бастап») көрсету аудиторияның сенімін арттырып,

ақпаратты тексергенге дейін оның жылдам таралуына түрткі болады.

10. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік жойылады.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

2027 жылдан бастап өтемақы төлемдерінің бір түрін жүзеге асыру тетігі ғана өзгереді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік күшін

жоймайды. Өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға және

азаматтардың инвестициялық портфельді басқарушыны өз бетінше таңдау мүмкіндігін

кеңейтуге бағытталған.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарламалар зейнетақы заңнамасындағы жекелеген өзгерістерді қате

түсіндіруден туындайды. Жекелеген өтемақы төлемін жүзеге асыру тетігіндегі өзгеріс

бүкіл мемлекеттік кепілдік жүйесінің жойылуы ретінде көрсетіледі. Нәтижесінде

заңнамадағы техникалық сипаттағы өзгерістер мемлекет салымшылар алдындағы

міндеттемелерінен бас тартқандай әсер қалыптастыратындай етіп бұрмаланады. Мұндай

манипуляцияларда нормативтік өзгерістердің нақты мазмұны эмоциялық сипаттағы

түсіндірмемен алмастырылып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына

қатысты негізсіз алаңдаушылығын күшейту көзделеді.

11. Алматы облысында суармалы судың тапшылығынан 100 гектар егістік алқабы қурап қалды.

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ:

Су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, су ресурстарының тапшылығы

туралы мәліметтер расталған жоқ.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарламалар халықтың құрғақшылық кезеңіне байланысты шынайы қауіпқатерлерін өз мүддесіне пайдаланады. Нақты цифрлар мен жергілікті географиялық

атауларды қолдану, расталған деректердің жоқтығына қарамастан, хабарламаны

анағұрлым сенімді етіп көрсетеді.

12. 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша бюрократиялық рәсімдер енгізіледі.

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ:

Ешқандай жаңа бюрократиялық рәсімдер енгізілмейді. 65 жастан асқан жүргізушілер

мен мүгедектігі бар адамдар екі жылда бір рет жүргізушіге арналған медициналық

тексеруден өтуі тиіс. Тексеру нәтижелері ақпараттық жүйеде автоматты түрде

көрсетіледі, сондықтан азаматтардан қандай да бір қосымша әрекет жасау талап

етілмейді.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарламалар мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасу тәртібіндегі

өзгерістерді қате түсіндіруден туындайды. Ведомствоаралық деректер алмасуды

автоматтандыру азаматтарға жаңа міндеттер мен шектеулер енгізілгендей көрсетілген.

Алайда іс жүзінде енгізілген өзгерістер рәсімдерді жеңілдетуге, қажетті құжаттар санын

қысқартуға және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға бағытталған.

13. ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына талапкерлердің SMSхабарлама арқылы оқуға қабылданғаны туралы.

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы тарап жатқан SMS-хабарламалардың ҚР

ІІМ-не ешқандай қатысы жоқ және шындыққа сәйкес келмейді. Қабылдау науқаны әлі

жалғасып жатыр. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталғаннан кейін қорытынды

нәтижелер талапкерлердің Qyzmet Police ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинеттерінде

жарияланады.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Мұндай алаяқтық схемалар талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау

науқанының нәтижелеріне деген жоғары қызығушылығын пайдаланады.

Мемлекеттік органның атынан жалған хабарламалар тарату арқылы азаматтарды

күмәнді сілтемелерге өтуге, жеке деректерін енгізуге немесе оқуға қабылданғанын

растау сылтауымен өзге де әрекеттер жасауға итермелейді.

14. Жалпы құны шамамен 32 млрд теңгені құрайтын вакциналарды сатып алуға екі тендер негізсіз өткізілді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Вакциналарды сатып алу Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесін қамтамасыз

ету аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Сатып алу көлемі балалар саны,

иммундау кестесі, қолда бар вакцина қорлары, олардың жарамдылық мерзімі және

денсаулық сақтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қажетті резерв

ескеріле отырып айқындалады.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыстарды алмастыруға негізделген

манипуляциялық тәсіл қолданылған. Вакцина сатып алу көлемі тек бала туу

көрсеткішімен қате байланыстырылған. Алайда жоспарлы иммундау жүйесі бірнеше

жас санатын қамтиды және вакциналарға қажеттілік медициналық көрсеткіштердің

жиынтығы негізінде есептеледі. Мұндай жарияланымдар мамандандырылған

ақпаратты біржақты әрі үстірт түсіндіру арқылы денсаулық сақтау жүйесіне деген

сенімге нұқсан келтіреді.

15. Тараз қаласында автокөлікке атыс қаруынан оқ атылды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Автокөліктің зақымдануы спорттық рогатканы қолдану салдарынан болған. Мүлікті

зақымдау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған хабарламалар ресми тексеру аяқталмағанға дейін тексерілмеген ақпаратты

тарату салдарынан туындайды. «Атыс» немесе «қару қолдану» сияқты сөздерді

пайдалану оқиғаның эмоционалды қабылдануын арттырады. Ал, іс жүзінде жағдай

хабарламада айтылғандай қорқынышты немесе драмалық емес, әлдеқайда

қарапайым болып шығады.

16. Петропавл ЖЭО-2-де ірі апат болып, электр энергиясының ұзақ уақытқа өшірілу қаупі туындады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ:

Станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр, апаттық жағдайлар тіркелген жоқ, жабдық

өндірістік кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Бұл жағдайда «анонимді ақпарат берушілер» тәсілі қолданылған, бұл аудиторияда

«жақын адамдардан алынған сенімді ақпарат» деген жаңсақ пікір қалыптастырады.

Хабарламалар жеке чаттар арқылы жылдам тарап, халық арасында негізсіз

дүрбелең мен алаңдаушылық туғызуға есептелген.

17. Саяси партияны қолдағаны және бұқаралық іс-шараға қатысқаны үшін ақшалай сыйақы төленеді.

JAQ.ORTCOM:

Жарияланымда бейнесі пайдаланылған азамат бұл ақпаратты ресми түрде жоққа

шығарып, оның шындыққа сәйкес келмейтінін өз оқырмандарына хабарлады.

JAQ.ORTCOM ТҮСІНДІРМЕСІ:

Жалған жарияланымдар ақпараттық манипуляцияның бірнеше белгісін қатар

қамтиды: танымал тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдалану,

материалдық сыйақы уәде ету және азаматтарды шұғыл әрекет етуге итермелейтін

мазмұн қалыптастыру. Мұндай тәсілдер аудиторияның эмоциясына әсер етіп,

ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілетін төмендетуге бағытталған.

Сообщение Дрондардан зейнетақыға дейін: шілдеде тараған жалған ақпараттарға шолу появились сначала на Tizgin kz.

Жалған саяси жарнама: Азаматтарға тек ресми ақпаратқа сену ұсынылды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт науқаны кезеңінде жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралу қаупі артуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандық танымал тұлғаның бейнесі пайдаланылған жалған жарияланымның таралып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Онда азаматтар саяси партиялардың бірін қолдауға және бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырылады. Сонымен қатар, аталған тұлғаның атынан саяси партияны қолдағаны үшін ақшалай сыйақы берілетіні туралы жалған уәделер таратылуда.

Танымал тұлға ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланымда аты аталған тұлғаның өзі бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарып, оқырмандарына оның жалған екенін мәлімдеді.

Орталық азаматтардың сайлау заңнамасының негізгі талаптарын білуінің маңыздылығына назар аударады. Көп жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы осындай манипуляцияларды бірден тануға мүмкіндік береді.

Азаматтың бейнесін рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады

Сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтың бейнесін оның жазбаша келісімінсіз үгіт материалдарында пайдалануға тыйым салынады.

Сайлаушыларды материалдық игілікпен қызықтыру – заңсыз

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес кандидатты немесе саяси партияны қолдау үшін ақшалай төлемдер, тауарлар, қызметтер, қайырымдылық көмек, лотереялар не өзге де материалдық игіліктерді уәде ету арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

Расталмаған бұқаралық іс-шараларға шақыру қауіпті

Сондай-ақ, таралып жатқан жарияланымда өткізілуі ресми түрде расталмаған бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырулар бар. Рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Үгіт-насихатты тек уәкілетті субъектілер жүргізе алады

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және тек уәкілетті субъектілер арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды

Орталық азаматтарды мұндай жарияланымдарға сын тұрғысынан қарауға шақырады. Егер таратылып жатқан ақпарат заң талаптарына анық қайшы келсе, саяси қолдау үшін ақшалай сыйақы уәде етсе немесе танымал тұлғалардың бейнесін олардың келісімінсіз пайдаланса, оның шынайылығына күмәндануға толық негіз бар.

Сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алып, тексерілмеген хабарламаларды таратпау ұсынылады.

Сообщение Жалған саяси жарнама: Азаматтарға тек ресми ақпаратқа сену ұсынылды появились сначала на Tizgin kz.

«Үстінен іс қозғалды» деген журналист Асхат Садырбай мәлімдеме жасады
Белгілі журналист Асхат Садырбай “үстінен қылмыстық іс қозғалды” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Tizgin.kz.

“Достар, бүгін мен тағы бір ақпараттық шабуылға тап болдым. Біраз адам алаңдап хабарласып жатыр. Маған 4 ай бұрын “қылмыстық іс” қозғалыпты-мыс. Ең қызығы мен одан мүлдем хабарсызбын және оны мен құзырлы орган өкілдерінен емес мемлекеттен тендер алып, трафиктерін тексерілмеген “өсек аяңдармен” көтеретін , фактчекингті білмейтін бейшара сайттардан білдім. Бұл сайттардың артында кім тұрғанын және олар кімнің тапсырмасымен жазып отырғанын жақсы білемін. Көп ұзамай оларға да беташар жасармыз”, – дейді ол.

Асхат Садырбай бұл сайттардың тірлігі оның ар жағында отырған суға кеткен пенделердің тал қармауы деп санайды.

“Бұл айыптауларға қатысты былтыр сот болған. Оның барлық сатысынан өтіп, менің мұндай әрекет жасамағаным заңмен дәлелденген. Сот шешімі шыққан. Бірақ айыптаушы тарап сот шешімін орындамай жүргеніне жарты жыл болды. Сәл сабыр етіңіздер. Ешқандай жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Қолдауларыңызға рахмет!” – дейді ол.

Бұған дейін БАҚ-та Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызының арызы негізінде қылмыстық іс тіркелгені туралы ақпарат тараған. Бірнеше ақпараттық сайт “бұл жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Астана қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады” деп ақпарат таратқан.

Сообщение «Үстінен іс қозғалды» деген журналист Асхат Садырбай мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

Балаева “министр Нұртілеу ұсталды” деген ақпаратты жоққа шығарды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жөнінде ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz

Жауапты тұлға фейсбук желісінде кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралып жатқанын жазады.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.

Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.

Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, – деді министр.

Еске сала кетейік, оның алдында Орда.кз басылымы “Мұрат Нұртілеу пен бизнесмен Гаджи Гаджиев ұсталды” деген ақпаратты таратқан еді. Бұл ақпараттың жалған екенін Орталық коммуникациялар қызметінің жалған ақпараттарға қарсы күрес орталығы да жоққа шығарды.

Сообщение Балаева “министр Нұртілеу ұсталды” деген ақпаратты жоққа шығарды появились сначала на Tizgin kz.