Архивы Елжас Отыншиев - Tizgin kz

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары сот шешімімен қамауға алынды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев сот шешімімен қамауға алынды. Екі басшы да сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҰҚК жауабы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tizgin.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевке қатысты сот шешімін жариялады.

Ведомство мәліметінше, олар 12 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен екі басшыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

«12 қарашада аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК жауабында.

Комитет қылмыстық істің мән-жайын әзірге жариялаған жоқ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұлттық компания басшысы қызметіне тағайындалғанына төрт ай да толмай жатып ұсталды.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы

Еске салайық, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған.

Кейбір ақпарат көздері ақшаның ұлттық компаниялар басшыларына қатысты тергеумен байланысы болуы мүмкін екенін жазды. Сондай-ақ ұсталғандардың бірінің жұбайы тінту кезінде ақша салынған сөмкелер мен чемодандарды терезеден лақтырып жіберген деген болжам айтылды. Алайда бұл ақпараттар ресми түрде расталған жоқ.

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесін өткізіп, ұлттық компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Тоқаев бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің күрделілігін көрсететін оқиға деп бағалады. Президент Үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын азайту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сообщение «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары сот шешімімен қамауға алынды появились сначала на Tizgin kz.

Басшысы ұсталған соң үш күннен кейін ҚТЖ компаниясы мәлімдеме жасады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы КТЖ мен «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағаларының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Компания құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын және басшысының ұсталуына қарамастан, қызметін қалыпты режимде жалғастыратынын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

КТЖ тергеу органдарына қажетті ақпаратты ұсынып жатыр

Ұлттық компания 2026 жылғы 12 қарашада КТЖ мен «Самұрық-Қазына» қоры басшыларының сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғаны туралы жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. КТЖ мәліметінше, компания құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, тергеу барысында сұратылған құжаттар мен материалдарды Қазақстан заңнамасына сәйкес ұсынып жатыр.

Сонымен қатар ұлттық компания өкілдері басшылардың ұсталуына қатысты көпшілікке жарияланған мәліметтерден басқа қосымша ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. КТЖ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге болмайтынын еске салды. Осыған байланысты компания әзірге тергеу барысына қатысты қосымша түсініктеме бере алмайтынын жеткізді.

Басшысының ұсталуына қарамастан, КТЖ жұмысын жалғастырады

Ұлттық компания басшылығының айналасындағы жағдай кәсіпорынның күнделікті қызметіне әсер етпегенін мәлімдеді. КТЖ мен оның құрамына кіретін еншілес компаниялар қалыпты жұмыс режимінде қызметін жалғастырып жатыр. Сондай-ақ компания инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелердің күшінде қалатынын растады. Олардың барлығы қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталғанын растаған болатын. ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада ведомствоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары екі ұлттық компанияның басшыларын ұстаған. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Сообщение Басшысы ұсталған соң үш күннен кейін ҚТЖ компаниясы мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

Қарызы 5 трлн теңгеге жуықтаған ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып Елжас Отыншиев тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңа қызметке дейін ол «Самұрық-Қазына» қорының стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі болып жұмыс істеп, экономиканың негізгі салаларындағы портфельдік компаниялардың қызметіне жетекшілік еткен.

Елжас Отыншиев жайлы

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған. Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бастап, бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінде кеңесші қызметін атқарған.

2009-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Ал 2021–2023 жылдары Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) қорында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті. 2023 жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен өнеркәсібі және экономиканың өзге де салаларындағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылдың ақпан айынан бері Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ҚТЖ-ның қарызы туралы не белгілі

Осыған дейін ұлттық компанияны Талғат Алдыбергенов басқарған.

Бұған дейін 4,7 трлн теңге берешегі бар ҚТЖ тағы 260 млн доллар қарыз тартқан болатын. ҚТЖ 1,18 млрд юань көлемінде облигация орналастырса, «ҚТЖ Express» тағы екі транш аясында 610 млн юань тартты. Осылайша, «Самұрық-Қазына» тартқан қарыздың басым бөлігі ҚТЖ-ға бағытталып отыр. Барлық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылына 4,2% деңгейінде белгіленген. Өтеу мерзімі 2028 жылдың желтоқсанынан 2029 жылдың сәуіріне дейінгі аралықты қамтиды.

Барлық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылына 4,2% деңгейінде белгіленген. Өтеу мерзімі 2028 жылдың желтоқсанынан 2029 жылдың сәуіріне дейінгі аралықты қамтиды.

Нарық сарапшылары бұл мәмілені «Самұрық-Қазына» қорының Қытайдың ішкі нарығында орналастырған панда-бондтарды ұлттық компаниялар арасында қайта бөлуі деп бағалады. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» алғаш рет Қытайдың ішкі нарығында 3 млрд юань көлемінде панда-бонд шығарып, AIX биржасы оны Орталық Азияға берілген ең арзан қарыз деп сипаттаған.

Сообщение Қарызы 5 трлн теңгеге жуықтаған ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.