Архивы Борат - Tizgin kz

«Боратқа мүлде ұқсамайсыздар»: Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрады
Британдық актер әрі комик Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрап, өзі ойлап тапқан Борат бейнесінің шынайы Қазақстанға және оның тұрғындарына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Happy Sad Confused подкастының жүргізушісі Джош Хоровицке берген сұхбатында ол кезінде Қазақстан елшілігінің өзіне жолдаған шағымы орынды болғанын да мойындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Коэн Қазақстан туралы не айтты

Актердің айтуынша, Борат кейіпкерінің шыққан елі оның әртүрлі телеарналардағы көрсетілімдеріне қарай өзгеріп отырған. Алғашқы нұсқаларда кейіпкер Молдова мен Албаниядан шыққан адам ретінде таныстырылған.

Кейін Коэн Қазақстанды таңдаған. Ол сұхбаттасатын адамдардың бұл ел туралы мүлде дерлік ештеңе білмейтініне және сол себепті ойдан шығарылған оқиғаларға сенетініне үміттенген. Қазақстандық дипломаттардың сол кездегі реакциясын еске алған комик олардың наразылығына негіз болғанын мойындады.

«Бораттың рөлін алғаш ойнай бастаған кезімде Қазақстан елшілігінен шағым түсті. Шынын айтқанда, бұл шағым әбден орынды еді», – деді Коэн.

Сұхбат барысында актер өз кейіпкерінің сөйлеу мәнеріне еліктемек болған. Алайда ол қазақстандықтардың шын мәнінде қалай сөйлейтінін білмейтінін алдын ала ескерткен.

«Мені тыңдап отырған барлық қазақстандықтан кешірім сұраймын. Мен сіздердің сөйлеу мәнерлеріңізге еліктей алмаймын, өйткені қандай акцентпен сөйлейтіндеріңізді білмеймін. Сіздер Боратқа мүлде ұқсамайсыздар, солай ғой?» – деді актер.

Коэн өзінің еліктеу әрекетіне ренжімеуді сұрап, қазақстандықтарға құрметпен қарайтынын атап өтті. Ол Борат кейіпкерін ойлап табудағы негізгі мақсаты – өздеріне бейтаныс ел туралы ең қисынсыз әңгімелерге де сене беретін адамдардың надандығын көрсету болғанын түсіндірді.

«Шын мәнінде, мұның Қазақстанға ешқандай қатысы болған жоқ. Бар мәселе мен сөйлескен адамдардың надандығында еді. Олар бұрын-соңды естімеген елде осындай ақылға сыймайтын оқиғалар болып жатқанына сене беретін», – деді Коэн.

«Борат» фильмі неге наразылық тудырды

«Борат» фильмі 2006 жылы жарық көрді. Оның басты кейіпкері – Қазақстаннан АҚШ-қа сапар шегетін ойдан шығарылған журналист Борат Сағдиев.

Комедия арандатушылық сипаттағы әңгімелер мен түрлі жағдайларға құрылған. Фильмде басты кейіпкер нәсілшілдік, антисемиттік және сексистік көзқарастарды ашық көрсетеді. Ал Қазақстан әдейі бұрмаланған, елді кемсітетін сипатта бейнеленген.

Елдің осылай көрсетілуі қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Қазақстан билігі фильмге қарсы шығып, Борат бейнесін ұлттық қадір-қасиетке нұқсан келтіру деп бағалап, құқықтық шаралар қолдану мүмкіндігін мәлімдеген.

2020 жылы дәл осы кейіпкер туралы фильмнің жалғасы жарық көрді. Боратқа қатысты келеңсіз жағдайлар кино әлемімен ғана шектелген жоқ. 2012 жылы Кувейтте өткен нысана көздеуден жарыста қазақстандық спортшы Мария Дмитриенконы марапаттау рәсімі кезінде Қазақстанның мемлекеттік әнұранының орнына фильмдегі пародиялық ән қосылған.

Оқиғадан кейін ұйымдастырушылар кешірім сұрап, марапаттау рәсімін Қазақстанның шынайы мемлекеттік әнұранымен қайта өткізген. Кейін Қазақстанда Борат кейіпкерінің әлемге танымалдығын елдің туристік әлеуетін насихаттауға пайдалану әрекеті жасалды.

2020 жылы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы кейіпкердің «Very nice!» («Өте керемет!») деген танымал тіркесін туристік жарнама науқанына енгізді.  Жарнамалық бейнероликтерде Қазақстанның табиғаты, ұлттық тағамдары мен көрікті жерлері көрсетілді. Осылайша көрермендерге экрандағы әжуалы бейнеден мүлде бөлек, шынайы Қазақстанды таныстыру көзделді.

https://tizgin.kz/wp-content/uploads/2026/10/threadsdownloader.com_fcca81.mp4

Сообщение «Боратқа мүлде ұқсамайсыздар»: Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда жарнама берушілер қазақ тілді ортаның қалауын түсінбейді – Қуаныш Бейсек
Режиссер Қуаныш Бейсек отандық маркетинг саласының қазіргі жағдайы мен соңғы жаңалықтар аясында өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазақтың болмысын түсінбейтін адамдар шешім қабылдайды»

Оның пікірінше, бүгінгі таңда еліміздегі маркетинг саласы қазақы ұлттық ерекшеліктер мен колоритті толық қамти алмай отыр.

«Қазақстанда көп компанияда жұмыс істейтін маркентинг, PR бойынша шешім қабылдайтын адамдар қазақ тілді немесе қазақ ментелитетті емес. Бұрын мен бейнебаян, жарнама түсірген кезде қазақы нақышта, қазақтың болмысын, өнерін көрсететін идеяларым өтпей қалған, себебі қазақтың болмысын түсінбейтін адамдар шешім қабылдайды. Әлі күнге дейін солай. Жақында 7 days жобасы болды. Оны қазбалай беруге болатын еді: 7 ата, 7 қазына дегендей… Оған бюджеттен қаншама қаражат бөлінді. Қазаққа жақын 10-15 режиссер ғана бар. Бюджет құратын маркетолог, PR маманы ретінде қазақ тілді маманды алған дұрыс», – дейді ол.

Блогер Назим Мисанов көпшілік алдында кешірім сұрады

Еске салсақ, Қазақстандық Shoqan бренді мен оның негізін қалаушы Ұлықбек Шәріповке қатысты дау жаңа сипат алып, Әлеуметтік желідегі сыннан кейін кәсіпкерді қолдаған блогер Назим Мисанов көпшілік алдында кешірім сұраған.

Барлығы Shoqan-ның TikTok желісінде бірнеше ай бұрын жарияланған ескі бейнероликтен басталды. Онда жас жігіт Бораттың образында болған. Бейнежазбаны Threads қолданушылары қайта таратып, брендті қатаң түрде сынады.

Пікір жазғандар Борат бейнесі Қазақстан мен қазақ халқын қорлайтын, ел туралы кемсітуші стереотиптерді насихаттайтынын еске салды.

Shoqan негізін қалаушының салық төлемдері

ADATA және ашық дереккөздерде ЖК Sharipov-тың соңғы төрт жылда бюджетке жалпы 131,1 млн теңге салық төлегені көрсетіледі.

Жылдар бойынша берілген мәліметке сенсек, 2022 жылы кәсіпкер 55,5 мың теңге, 2023 жылы 17,5 млн теңге салық төлеген. 2024 жылы төлем көлемі 25,7 млн теңгеге жетсе, 2026 жылы бюджетке 20,6 млн теңге аударылған.

Көрсетілген кезеңдегі ең жоғары төлем 2024 жылға тиесілі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,2 млн теңгеге немесе 46,8%-ға көп. Ал 2026 жылғы салық төлемі 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 млн теңгеге азайған.

Алайда ашық деректердегі сандар өзара сәйкес келмейді. Жылдар бойынша көрсетілген төрт төлемді қосқанда 63,8 млн теңге шығады. Бұл жалпы көрсетілген 131,1 млн теңгеден 67,3 млн теңгеге аз.

Сообщение Қазақстанда жарнама берушілер қазақ тілді ортаның қалауын түсінбейді – Қуаныш Бейсек появились сначала на Tizgin kz.

Борат жарнамасынан кейін сынға қалған SHOQAN иесі қанша салық төлеген
Қазақстандық Shoqan ерлер киімі бренді желіде шыққан бір жарнамадан кейін қызу талқыланды. Бірнеше ай бұрын жарияланған роликте модель Борат бейнесіне еніп, бейнежазбаның қайта таралуы желі қолданушылары наразылығын туғызған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Қателігін мойындады

Аталған роликтің биыл ақпан айында жарияланғаны анықталды. Shoqan негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов видеоны Instagram-нан көргенде өшіруді тапсырғанын, бірақ ол TikTok-та қалып қойып, бірнеше ай өткен соң желілерде қайта тараған.

Жан-жақтан сын көп айтыла бастағанда видео өшіріліп, Шарипов ресми түсініктеме берді. Компания Борат бейнесін хайп үшін пайдалануды, болмаса елге, қазақ халқына, мәдениеті мен тіліне құрметсіздік көрсетуді мақсат етпегенін мәлімдеді. Шарипов роликтің қате болғанын мойындап, сынға жауап беруге дайын екенін, бірақ сын мен жаппай қудалаудың айырмашылығы бар екенін айтты.

Желі қолданушылары жауапқа сенді ме

Дегенмен желі қолданушыларының кейбірі бұл түсініктемеге сен жоқ. Олар жарнамалық ролик идея әзірлеу, түсірілім, монтаж және жариялау сияқты бірнеше кезеңнен өтетіндігін алға тартты. Сол себепті Борат бейнесінің қолданылуын кездейсоқ қателік деп қабылдау қиын десті.

Қанша салық төлеген

ADATA және ашық дереккөздерде ЖК Sharipov-тың соңғы төрт жылда бюджетке жалпы 131,1 млн теңге салық төлегені көрсетіледі.

Жылдар бойынша берілген мәліметке сенсек, 2022 жылы кәсіпкер 55,5 мың теңге, 2023 жылы 17,5 млн теңге салық төлеген. 2024 жылы төлем көлемі 25,7 млн теңгеге жетсе, 2026 жылы бюджетке 20,6 млн теңге аударылған.

Көрсетілген кезеңдегі ең жоғары төлем 2024 жылға тиесілі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,2 млн теңгеге немесе 46,8%-ға көп. Ал 2026 жылғы салық төлемі 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 млн теңгеге азайған.

Алайда ашық деректердегі сандар өзара сәйкес келмейді. Жылдар бойынша көрсетілген төрт төлемді қосқанда 63,8 млн теңге шығады. Бұл жалпы көрсетілген 131,1 млн теңгеден 67,3 млн теңгеге аз.

Сообщение Борат жарнамасынан кейін сынға қалған SHOQAN иесі қанша салық төлеген появились сначала на Tizgin kz.

«Қазақ тілін құрметтейтін ер азаматпын»: Блогер пікірі үшін елден кешірім сұрады
Әлеуметтік желідегі сыннан кейін кәсіпкерді қолдаған блогер Назим Мисанов көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дауға Борат бейнесі себеп болды

Барлығы Shoqan-ның TikTok желісінде бірнеше ай бұрын жарияланған ескі бейнероликтен басталды. Онда жас жігіт Бораттың образында болған. Бейнежазбаны Threads қолданушылары қайта таратып, брендті қатаң түрде сынады.

Пікір жазғандар Борат бейнесі Қазақстан мен қазақ халқын қорлайтын, ел туралы кемсітуші стереотиптерді насихаттайтынын еске салды.

Shokan Suits роликтің бірнеше ай бұрын жарияланғанын және кейін өшірілгенін хабарлады. Компания бейнеролик хайп үшін түсірілмегенін әрі оның мақсаты Қазақстанды, қазақ халқын, ұлттық мәдениетті немесе мемлекеттік тілді қорлау болмағанын мәлімдеді.

Бейнеролик ақпан айында жарияланған

Ұлықбек Шәріповтің айтуынша, бейнеролик ақпан айында жарияланған. Instagram-нан көрген бойда оны өшіруге тапсырма бергенімен, TikTok-та қалып қойғанын білмеген.

«Иә, бұл видео қателік болды. Біз оны мойындадық, өшірдік және қорытынды жасадық. Видео ақпан айында жарияланған еді. Instagram-нан көрген сәтте оны өшіруді тапсырдым. Бірақ TikTok-та қалып қойғанын білмедім», – деді кәсіпкер.

Шәріпов қоғамның сынын қабылдайтынын, бірақ бизнесті жабуға шақырулар мен ұйымдасқан қысымды дұрыс емес деп есептейтінін айтты. Оның сөзінше, компания қазақстандық брендті дамытып, жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді.

Сонымен бірге кәсіпкер өзіне және компаниясына қарсы ұйымдастырылған жаппай сын мен бизнесті жабуға шақыруларды орынсыз деп бағалады. Оның айтуынша, Shoqan жұмыс орындарын ашып, салық төлейді әрі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, компания ашқан мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың шамамен 40 пайызы толық грантпен білім алады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі мұны негізгі мәселеден назарды басқа жаққа аудару әрекеті ретінде қабылдады.

Назим Мисановтың пікірі жаңа дауға ұласты

Фото: Скриншот

Кәсіпкерді қолдаған блогер Назим Мисанов әлеуметтік желіде сын айтқан азаматтарға қатысты ойын жазды. Ол кейбір адамдар ештеңе өндірмесе де, салық төлемесе де өзгелердің жұмысына кедергі келтіруге тырысатыны туралы жазды.

Осы пікірден кейін қоғамның сыны блогердің өзіне бағытталды. Әлеуметтік желілерде Мисановқа қатысы бар жобалар мен мекемелерге бойкот жариялауға шақырған жазбалар тарады.

Блогер кешірім сұрады

https://tizgin.kz/wp-content/uploads/2026/07/whatsapp-video-2026-07-27-at-15.27.07.mp4

Келесі күні Назим Мисанов видеоүндеу жариялап, өзінің жазған пікірін орынсыз болғанын мойындады.

«Қазақ елі, кеше түнде мен өте орынсыз пікір қалдырдым. Мұны толық мойындаймын. Шын жүректен кешірім сұраймын. Мен қазақ халқына, қазақ тіліне ешқашан қарсы болмағанмын. Шаңыраққа қарап, қазақ тілін құрметтейтін ер азаматпын», – деді блогер.

Ол қазақ халқына және қазақ тіліне құрметпен қарайтынын айтып, бірнеше рет кешірім өтінді.

Сообщение «Қазақ тілін құрметтейтін ер азаматпын»: Блогер пікірі үшін елден кешірім сұрады появились сначала на Tizgin kz.

«Борат» болып киінген бельгиялықтар Астанада бес күнге қамалды
“Қайрат-Брюгге” матчына келген бельгиялық жанкүйерлер “Борат” фильміндегі кейіпкердің киімін киіп, стадионда көзге көрінген. Полиция оларды бес тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қайрат» – «Брюгге» матчы кезінде үш шетелдік жанкүйер стадионға көзге оғаш жасыл түсті купальникпен шыққан. Дәл осындай тұрпат мемге айналған «Борат» фильмінің басты кейіпкеріне тән. Жанкүйерлер камераларға бірден түсіп, көпшіліктің назарын аударған еді.

Араға көп уақыт салмай олар ұсталды. Астана қалалық полиция департаменті үш адамның да Бельгия азаматтары екенін хабарлады. Жанкүйерлер кінәсін мойындап, әрекеттерін эмоцияның жетегінде кеткенімен түсіндірген.

Ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Сот ақырында оларға бес тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.

Сообщение «Борат» болып киінген бельгиялықтар Астанада бес күнге қамалды появились сначала на Tizgin kz.