$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Спорттан бизнеске бет бұрған Сәпиев АХҚО-да компания ашты

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Астана» халықаралық қаржы орталығында Enzo Ltd. компаниясын тіркеді. Ол компанияның жалғыз акционері әрі басшысы ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) ресми сайтына сілтеме жасап.

Компания немен айналысады

Enzo Ltd. 2026 жылғы 11 қыркүйекте жеке компания ретінде тіркелген. Тізілімдегі мәртебесі – белсенді. Негізгі қызмет бағыты «холдингтік компаниялардың қызметі» деп көрсетілген. Бұл өзге компаниялардың акцияларын немесе қатысу үлестерін иеленумен байланысты.

Компанияның заңды мекенжайы Астананың Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16 мекенжайында орналасқан.

Жалғыз акционер әрі басшы

Ресми дерекке сәйкес, Серік Сәпиев Enzo Ltd. компаниясының директоры және бас атқарушы директоры қызметтерін атқарады. Сондай-ақ оған компания атынан қол қою өкілеттігі берілген.

Компанияның 100 жай акциясы бар. Әрқайсысының құны – 3 мың теңге, жалпы құны – 300 мың теңге. Акционерлер тізімінде тек Серік Сәпиев көрсетілген.

Back to top button