Құрылтай депутаттары армияны келісімшарт бойынша жүйеге көшіруді ұсынды
Respublica партиясынан сайланған Құрылтай депутаты Олжас Құспеков Қазақстанның Қарулы күштерін толықтай келісімшарт негізінде жасақтауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі ұсыныстарын Қорғаныс министрлігіне жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Келісімшарттық армияға көшу ұсынылды
Ұсыныстар Қарулы күштерді реформалау жөніндегі комиссияға да жазбаша жолданды.
Келісімшарттық армияға көшу Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген. Олжас Құспеков қорғаныс саласындағы мәселелермен Мәжілістің VIII шақырылымында да айналысты. Ол әскери бөлімдерді аралап, әскери қызметшілердің қызмет жағдайларын зерделеді.
«18 жастағы жасөспірім әскерге дайын болмауы мүмкін»
Депутат өз ұсыныстарында реформаны кезең-кезеңімен жүргізуге, әскер қажеттіліктерін ескеруге және жұмылдыру резервін сақтауға басымдық береді.
«Әр азамат әскери дайындықтан өтуі керек, бірақ кішкене форматын өзгертуіміз керек. 18 жастағы бала – жасөспірім бала. Ол әскери қызметке физикалық, психологиялық тұрғыдан дайын емес шығар. Бұл жерде әсери келісімшарт арқылы ересек және өз еркімен келген адамды әскер қатарына қоса аламыз. Келісімшарттық әскери қызметке ауысу туралы өткен шақырылымда да менен бірінші рет ұсыныс жасалған. Оны біз сайлауалды бағдарламамызға қостық. Бұл ұсыныс бойынша қазір заңнамалық негіз дайындалып жатыр. Әскер қатарына жұмысқа барғандай қызмет ететін азаматтармен толықтыруды біз дұрыс деп санаймыз. Әскери реформа бойынша мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Соған соған жазбаша түрде ұсыныс енгізілген болатын», – дейді Құрылтай депутаты Олжас Құспеков.
Келісімшарттық әскерге 40 мыңнан астам адам тартуға болады
Оның айтуынша, әскер қатарына барып, келісімшарт арқылы жұмыс істейтін болса – ол жерде оның жалақысын реттеу керек.
«Жалақысы дұрыс болса адам өзінің бір жылдық келісімшарттық мерзімде қызметін атқарып және дұрыс жалақы алатын болса – онда 40 мыңнан көп адам тартуға болады. Оларды байқау арқылы іріктеуге боладықорғаныс саласына бөлінген қаражат есебінен мұны ұйымдастыруға болады. Әскери реформа болатын комиссия жұмысына атсалысып жатырмыз. Өзім жеке сол комиссия құрамына ұсыныстарымды жібердім. Еі бастысы жас сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек», – дейді ол.