$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48
Жаңалықтар

Қар, боран және 6 градус аяз: 23 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

23 қазан, жұма күні еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидромет» РМК болжамына сілтеме жасап.

Қай өңірлерде қар жауып, боран соғады

Синоптиктердің мәліметінше, 23 қазанда Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қалың қар жауады деп болжанып отыр. Еліміздің шығыс бөлігінде боран соғып, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Ал республиканың қалған аумағында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді. Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі. Күндіз елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы төмендеп, 1–6 градус үсік күтіледі.

Атап айтқанда:

  • Жетісу облысында;
  • Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және шығысында;
  • Алматы және Түркістан облыстарының солтүстігінде;
  • Қызылорда облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде.

Осылайша, 23 қазанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қарлы ауа райы қалыптасса, оңтүстік өңірлердің бір бөлігінде үсік жүруі мүмкін.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button