БілімЖаңалықтар
Қазтест тапсыруға өтінімдер қабылдау мерзімі жарияланды: өтінішті қалай беруге болады
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған Қазтест сынағына қатысуға өтініш қабылдау ертең, 30 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Өтініштер 7 қазанға дейін қабылданады. Ал тестілеу 9 қазанға жоспарланған.
Тестілеу 19 қалада өтеді
Қазтест сынағы Қазақстанның 19 қаласында бір мезгілде ұйымдастырылады.
Олар: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан және Тараз.
Өтінішті қалай беруге болады
Қазтест емтиханына қатысуға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты арқылы беруге болады.
Тест төрт блоктан тұрады
Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт бөлімнен тұрады:
- Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы, 20 минут;
- Оқылым – 40 тест тапсырмасы, 50 минут;
- Жазылым – 2 тапсырма, 50 минут;
- Айтылым – 2 тапсырма, 7 минут.
Қатысу құны қанша?
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.