ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстанда жаңа мереке күні белгіленді

Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылған. Бұл күннің таңдалуы маңызды тарихи оқиғамен байланысты: 2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды. Ол кәсіпкерлік, инвестициялар, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау салаларындағы негізгі заңнамалық актілерді біріктіріп, бизнесті қолдаудың бірыңғай мемлекеттік саясатының негізгі қағидаттарын қалыптастырды.

Қазақстанда бүгінде 2,3 миллионнан астам бизнес субъектілері тіркелген. ҰЭМ деректеріне сүйенсек, бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Цифрлық бизнес картасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «100-ден астам қолдау шарасын қамтитын тізілім бекітілді» делінген хабарламада.

Back to top button