ЕрекшеЖаңалықтар

Питер Фостер Air Astana компаниясының директоры қызметінен кетеді

Air Astana әуе компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында қызметінен кетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ақпаратты мұның алдында әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірақ Фостер атқарушы қызметтен кеткен соң, директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастыра бермек.

Компанияның жаңа бас директоры болып қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалмақ. Ол “Air Astana”-да 2003 жылдан бері еңбектенуде және 2017 жылдан бастап қаржы саласын басқарып келеді.

Питер Фостер Air Astana-ны 2005 жылы бері тізгіндеген. Оның басшы болып тұрғанда компания:

⏺ әуе кемелер паркін айтарлықтай ұлғайтты

⏺ ондаған жаңа бағытты іске қосты

⏺ FlyArystan бюджеттік әуе тасымалдаушысын құрды.

2024 жылы Air Astana тобы Лондон және Қазақстан қор биржаларында бастапқы акция орналастыруды (IPO) сәтті жүзеге асырды.

Back to top button