Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлауға жеті саяси партияны жіберді. Олардың қатарында «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы және Respublica бар, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сайлауға қай партиялар қатысады
ОСК шешімімен аталған жеті партия мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндік алды.
Ал Amanat партиясы бұл сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген. Бұған дейін саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдаған еді.
Кім мәслихат депутаты бола алады
Мәслихат депутаттығына жасы 20-ға толған Қазақстан азаматы үміткер бола алады.
Кандидаттарды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы. Азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға түсе алады.
Сайлау аралас жүйе бойынша өтеді. Бұл депутаттарды партиялық тізімдер және бірмандатты аумақтық сайлау округтері арқылы сайлауды көздейді. Өзін-өзі ұсынған азаматтар бірмандатты округтерде бақ сынайды.