Жаңалықтар

Киберспортшы Данил Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

2026 жыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған.

Киберспортшының бұл бастамаға қосылуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениет пен құндылықтарды ілгерілетуге тың серпін бермек.

Back to top button