Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронттар әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Тұман түсуі мүмкін
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері бірқатар аймақта жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді. Кей өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
«Түнде және таңертең кейбір жерде тұман түсуі болжанады. Солтүстік өңірлерде 25-26 қыркүйекте 1-2°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі», – делінген ақпаратта.
Батыста күн ысиды
Күндіз ауа температурасы елдің батысында +20…+28°С-қа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С-қа дейін төмендейді.
Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°С аралығында құбылады. Ал елдің орталығы мен шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.