Жаңалықтар

БҚО-да жеке сот орындаушысы 9,8 млн теңгені үшінші тұлғаға заңсыз аударған

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz..

Ресми мәліметке сәйкес, жеке сот орындаушысы заңды өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңгені аудармаған. Сонымен қатар ол 9,8 миллион теңгені ешқандай заңды негізсіз үшінші тұлғаның есепшотына аударған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы – «Жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалануы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық істің тергелу барысы прокуратураның бақылауында. Іске қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Back to top button