Жаңалықтар

Боранбаев Лондондағы қымбат үйін сатты

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев Лондон маңындағы Вирджиния-Уотер ауылында орналасқан қымбат үйін сатқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҮЙДІ КІМ САТЫП АЛДЫ

Аталған ақпара «Выход к морю» телеграм-арнасында жарияланды. Ұлыбритания жылжымайтын мүліктер тізіміне сәйкес, зәулім үйді Мира Анафина есімді Қазақстанда туған кәсіпкер сатып алған. Келісім 2024 жылдың аяғында жасалды.  Бірақ жылжымайтын мүліктің қаншаға саудаланғаны белгісіз.

Мира Анафина – «Казкоммерцбанктің» бұрынғы директоры, Meridian Capital инвестиция холдингінің негізін қалаушылардың бірі Азат Әбішевтің әйелі.

САРАПШЫЛАР ҮЙДІ ҚАНШАҒА БАҒАЛАДЫ

Анықталғандай, Боранбаев баспасөз «миллиардерлер ауылы» деп аталатын елдімекендегі үйді 2016 жылы сатып алған. Жылжымайтын мүлік үшін қанша төленгені белгісіз, алайда құжаттарда оның 1 млн фунт стрелингтен қымбат екені айтылған. Сарапшылар зәулім сарай құнын 10-15 млн фунт стерлинг аралығында деп бағалапты.

Боранбаевтың Ұлыбританияда басқа да жылжымайтын мүлкі бар. Лондон орталығынан 30 минут жерде орын тепкен шағын ауылдағы актив 25,5 млн фунт стерлинг. Ауданы 2 мың шаршы метрлік сарайда кинотеатр, бассейн, тренажер залы, сауна және спорт алаңы бар.

Ақпараттарға зер салсақ, кәсіпкердің Лондон қаласының өзінде тұрғын үй апартаменті бар. Мұндағы пәтерлер 155 млн фунт стрелингке бағаланған.

 

Back to top button