TOP-2Жаңалықтар
Бірнеше өңірде қар жауады – Қазавтожол жолда абай болуға шақырды
Қазавтожол компаниясы бірнеше өңірде қар жауатынын ескертіп, азаматтарға жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Бүгін Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін. Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз”, – делінген хабарламада.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласуға болады.