$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48
Жаңалықтар

Астана әуежайында биометриялық жүйе енгізіледі

Жоба авторлары биометриялық сәйкестендіру жолаушыларды тексеруге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді деп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрлік дайындаған жоба

Көлік министрлігі «Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Құжат Қазақстанның Цифрлық кодексінің 48-бабы 4-тармағына сәйкес дайындалған.

Жоба аясында Астана әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект көмегімен биометриялық сәйкестендіру жүйесін сынақтан өткізу көзделіп отыр.

Жаңа жүйені енгізудегі мақсат не

Оны енгізудегі негізгі мақсат – әуежайдағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Жоба авторлары биометриялық сәйкестендіру жолаушыларды тексеруге кететін уақытты қысқартып, ұшу алдындағы рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Дегенмен жүйенің нақты қалай жұмыс істеп, оны іске асырудың өзге де тетігі туралы ақпарат жобада нақтыланбаған.

Жоба талқыға шығарылды

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Құжатты талқылау 4 қарашаға дейін жалғасады.

Back to top button