“Біреуі де көңіл айтпады”: Нұрай Серікбайдың ағасы күдіктінің туыстарының жауабы ауыр тигенін жеткізді
Шымкентте кісі қолынан өлген Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай бүгінгі сотта күдіктінің жеті туысы сотта жауап бергенін айтты. Сөзінше, сот барысында бірде-бірі сөзін Нұрайдың туыстарына көңіл айтып бастамаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сұлтан Серікбай не дейді
Сұлтан Серікбайдың сөзінше, бүгінгі сотта күдіктінің жеті туысы сотта жауап берген.
«Сотталушының туған-туыстары Нұрай жайлы аузынан келгенін айтты. Бір өкініштісі, сотқа келген жеті тусының бірде-біреуі көңіл айтқан жоқ. Бірден осылай болды деген сияқты шындыққа жанаспайтын сөздер айтылды. Жеті адамның да сөздері жаттанды. Көрініп тұр. Сұрақтар қойғанда ойланып қалып жатты. Соттағы қырық адамның бәрі моральдық тұрғыда шаршады», – дейді ол.
Нұрай ісі
Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған.
16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы жұмысынан босатылып, бірқатар қызметкерге салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұрайды өлтірді деген күдікті бірнеше күн қашып жүріп, ұсталған. Күдіктіге үш айып тағылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram