Бес күн бұрын жоғалған қойшы табылды
Ер адам 2 мамыр күні Жамбыл облысына қарасты Тәтті ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан құмды аймақта жоғалып кеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.
МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) баспасөз қызметі хабарсыз кеткен 1982 жылы туған қойшыны іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Анықталғандай, құтқарушылар Меркі ауданы аумағын мұқият сүзіп, ер адамды тауып алған.
“Азамат 2 мамыр күні Тәтті ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан құмды аймақтағы қыстақтан мал бағуға шығып, жоғалып кеткен. Іздестіру жұмысына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), орман шаруашылығы мамандары, ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) және “Қазавиаспас” АҚ авиациясы тартылды”, – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
ДӘРІГЕРЛЕР КӨМЕГІ ҚАЖЕТ БОЛМАДЫ
Қойшы өзі із-түзсіз жоғалған орыннан 35 шақырым қашықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылған. Одан бөлек, жоғалып кеткен мал да табылғаны хабарланды.
ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері оған медициналық көмек қажет болмағанын жеткізді.