$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда санитариялық басқарма басшысына 432 500 теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Ол асхана қызметін тоқтату туралы ұйғарым шығарған кезде аудандық прокуратураны хабардар етпеген, деп хабарлайды Tizgin.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Асхана қызметін тоқтату кезінде талап бұзылған

Бөкей ордасы ауданының прокуратурасы Кәсіпкерлік кодексі талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында заң бұзушылықты анықтаған.

Прокуратураның мәліметінше, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру қорытындысы бойынша оның қызметін тоқтату туралы ұйғарым шығарған. Алайда бұл жөнінде аудандық прокуратураға хабарламаған.

Айыппұл толық өндірілген

Осы заң бұзушылық үшін басқарма басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 666-бабы бойынша жауапқа тартылып, оған 432 500 теңге айыппұл салынған.

Прокуратураның хабарлауынша, айыппұл толық көлемде өндірілген. Қадағалау органы мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін ескертті.

Back to top button