Жаңалықтар

Атырау облысында күйеуі ұрып-соққан жүкті әйел ауруханаға түсті

Атырау облысының Индер ауданында төртінші сәбиіне жүкті 32 жастағы әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға жеткізілді. Үш баланың анасы бұған дейін де отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Атырау Тудей басылымына сілтеме жасап.

Әйел көршілерінің үйін паналаған

Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі бұған дейін де оған бірнеше рет қол көтерген. Бұл жолы әйел үйінен қашып шығып, көршілерін паналауға мәжбүр болған. Сол жерден жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер жүкті әйелге ми шайқалуы және денесінің көптеген жерінен соғылу жарақатын алған деген диагноз қойған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Әйел ауруханада ем қабылдап жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қайта қамалды

Жәбірленушінің туыстары күдіктінің оқиғадан кейін небәрі 24 сағатқа ұсталып, кейін босатылғанын айтады. Олардың сөзінше, ер адам бостандыққа шыққан соң әйел жатқан ауруханаға қайта барған.

Полиция күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қайта қамалғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Back to top button