TOP-2ЖаңалықтарОқиға

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай шламы өртенді

Зардап шеккендер жоқ, кәсіпорын штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өрт 25 тамыз күні сағат 12:35-те жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында басталған. Оның ішінде орналасқан мұнай шламы жанған.

Кәсіпорын мәліметінше, оқиға болған сәтте нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

Зауыт жұмысына әсер еткен жоқ

Мамандар өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Атырау мұнай өңдеу зауытының мәліметінше, оқиға кәсіпорынның өндірістік қызметіне әсер етпеген, зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түтін туралы хабарлама 25 тамыз күні сағат 12:55-те түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары шақырту дәрежесі бойынша жіберілді.

Өрт сағат 13:42-де оқшауланып, кейін толық сөндірілді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Back to top button