$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Астанада үш бала көз жұмған өрттің себебі айтылып, қылмыстық іс тоқтатылды

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде үш баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, тұтануға балалардың абайсыз ойыны себеп болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның мәліметінше, өрт пәтердің ішінде шыққан. Қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Қайғылы оқиға сәуірде болған

Өрт 12 сәуірге қараған түні Астанадағы тұрғын үй кешенінің 15-қабатында болған. Тілсіз жаудан үш бала көз жұмлы. Олардың анасы құтқарылып, денесін күйік шалған күйі ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін Tizgin.kz өрттен аман қалған әйелдің есін жиғанын хабарлаған. Сондай-ақ портал оқиғадан кейін өрт сөндірушілердің жұмысына қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерді тексеріп, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми түсініктемесін жариялаған еді. Ведомство өкілдері құтқарушылардың өртті сөндіруге бірден кіріскенін айтқан.

Back to top button