Астана көшелерінде неге бронемашиналар қаптап жүр
Бүгін таңертеңнен бері Астана көшелерінде бронемашиналар жүйткіп, жұртшылық олардың фото-видеоларын әлеуметтік желілерге жариялаған. Не себепті олардың аяқ астынан көбейіп кеткенін Мемлекеттік күзет қызметі түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мемлекеттік күзет қызметі Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылы 5-6 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылатынын ескертті.
“Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram