$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады

Қасым-жомарт Тоқаев Мұрат Баймұқашевті Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында тағы бірнеше тағайындау болды.

Нұржан Каджиақбаров – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат төрағасының орынбасарлары болды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button