Архивы жылу - Tizgin kz

Бүгін Астанада жылу, жарық және ыстық су өшіріледі: мекенжайлар тізімі
13 қарашада Астананың бірқатар көшесінде электр энергиясы, жылу және ыстық су уақытша өшіріледі. Коммуналдық қызметтердің берілуіне жөндеу және техникалық жұмыстарға байланысты шектеу қойылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жылу мен ыстық су қай мекенжайларда өшіріледі

Елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы iKomek109 мәліметінше, 13 қарашада бірқатар тұрғын үйге жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Сағат 04:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайларда шектеу енгізіледі:

Әл-Фараби көшесі – 2, 4А, 4Б, 6, 8, 10, 12;

Е-871 көшесі – 1, 1/1, 1/2, 3, 5, 6, 7;

Е-913 көшесі – 4;

Е-872 көшесі – 2, 4, 6, 8, 10, 12;

№39 көше – 2/9–2/17, 2/20–2/23, 2/29–2/33, 4.

Аталған мекенжайларда жылу мен ыстық су беру 13 сағатқа дейін тоқтатылуы мүмкін.

Сонымен қатар сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін Күйші Дина көшесіндегі 42/1 және 44/1 үйлерге жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Электр энергиясы қай көшелерде болмайды

13 қарашада елорданың бірнеше көшесінде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады. Жарықтың өшу уақыты мекенжайға байланысты әртүрлі.

Сағат 13:30-дан 16:30-ға дейін:

Қосалқа, Аманат, Көкпар, Талғар, Жанкент, Ошақты, Сырымбет, Бағаналы, Қызылқұм, Ақсұңқар, Зеренді, М. Жұмабаев, Обаған, Нұрлы тұйық көшесі, Құндызды, Балқантау, Ақсу-Аюлы, Ақберен тұйық көшесі, Көкорай тұйық көшесі, Кемел және Көкпар тұйық көшесі.

Сондай-ақ Қ. Сәтбаев көшесіндегі 26/1–26/11 мекенжайлары қамтылады.

Сағат 08:30-дан 17:00-ге дейін:

Сарыарқа көшесі – 46, 48;

Жеңіс көшесі – 43/2, 43/3, 43/4, 45/3, 71;

Бестерек көшесі.

Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін:

Ж. Жабаев, Орбұлақ және Н. Төреқұлұлы көшелері.

Сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін:

Дегелең көшесі – 1–16;

Ертіс көшесі – 31–70;

Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі – 31, 31/1, 34;

Бурабай көшесі – 44;

Бұқтырма көшесі.

Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін:

Сүйінбай ақын, Ж. Сейдалин, Келешек тұйық көшесі, Сұлутал, Дәулеткерей, Байынқөл, Қызылкеніш, Садовая, Жоламан тұйық көшесі, Қараменді би, Шақаұлы, Н. Тілендиев, Ақбиік, Малыбай, В. Радлов, Жайылма және Бозбиік көшелері.

Коммуналдық қызметтер уақытында қосылмаса – қайда хабарласу керек

Егер электр энергиясы, жылу немесе ыстық су белгіленген уақытта қайта берілмесе, тұрғындар 109 нөмірі арқылы iKomek қалалық байланыс орталығына хабарласа алады.

Сондай-ақ өтініштер Telegram желісіндегі @ikomek109_astanabot боты арқылы қабылданады.

iKomek109 қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Тұрғындардан түскен өтініштер тиісті коммуналдық мекемелерге жолданады.

Сообщение Бүгін Астанада жылу, жарық және ыстық су өшіріледі: мекенжайлар тізімі появились сначала на Tizgin kz.

Ресейдің соққысынан кейін Украинада 600 мыңнан астам адам жарықсыз қалды
Ресей әскерінің Украинаның энергетика инфрақұрылымына жасаған кезекті шабуылынан кейін Днепропетровск облысында 600 мыңнан астам тұрғын электр қуатынсыз қалды. Өңірдегі ауруханалар мен стратегиялық маңызы бар нысандар генераторларға көшірілді. Ал үздіксіз жалғасып жатқан шабуылдар апат салдарын жою жұмыстарын қиындатып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Ауруханалар генераторға көшірілді

8 қарашада Украинаның ДТЭК энергетикалық компаниясы мен Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Ганджа Ресейдің соққыларынан кейін өңірде электр қуаты жаппай өшкенін хабарлады. ДТЭК мәліметінше, электр энергиясының берілуі Павлоград, Самар, Каменское және Днепр аудандарында, сондай-ақ Днепр қаласында үзілген.

Облыстық әскери әкімшілік басшысы Александр Ганджаның айтуынша, ауруханалар мен тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым нысандары автономды электрмен жабдықтау жүйесіне көшірілген. Қазір олардың жұмысы генераторлар арқылы қамтамасыз етіліп отыр.

Апаттық-қалпына келтіру бригадалары зақымданған электр желілерін жөндеуге кіріскен. Алайда Ресей әскерінің шабуылдары жалғасып жатқандықтан, мамандардың қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік болмай отыр. Бұған дейін, 7 қарашада Днепр қаласындағы энергетикалық нысандарға жасалған кезекті соққылардан кейін 60 мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалған еді. Ганджа жөндеу жұмыстары қауіпсіздік жағдайы мүмкіндік берген кезде ғана толық көлемде жүргізілетінін мәлімдеді.

Ресей дрондармен шабуыл жасады

8 қарашаға қараған түні Ресей әскері Днепропетровск облысына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен бірнеше мәрте шабуыл жасаған. Украина тарапының мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері өңір аспанында Ресейдің 13 дронын атып түсірген. Соған қарамастан, Ресей әскері облыстың төрт ауданына ұшқышсыз аппараттармен оннан астам соққы жасаған. Соның салдарынан Днепр және Каменское аудандарындағы инфрақұрылым нысандары зақымданды.

Никополь ауданында аудан орталығы мен Покровская аумақтық қауымдастығы шабуылға ұшыраған. Нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйге зақым келген. Ал Синельниково ауданындағы Дубовиковка қауымдастығында жеке тұрғын үй бүлініп, өрт шыққан. Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымға бағытталған шабуылдары салдарынан Днепропетровск облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысы бұзылды. Өңір билігі электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі қауіпсіздік жағдайына байланысты екенін мәлімдеп отыр.

Сообщение Ресейдің соққысынан кейін Украинада 600 мыңнан астам адам жарықсыз қалды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда 2029 жылға қарай коммуналдық қызметтер төлемі 2 есе өседі
Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтер бағасын ұзақ мерзімді арттыру жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаевтың айтуынша, бағаның күрт өсуі болмайды: тарифтер бірнеше жылға бөлініп біртіндеп көтеріледі, ал түскен қаражат коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады.

Ең көп қымбаттайтын қызметтер: су құбыры және кәріз жүйесі. Болжам бойынша, тарифтер жылына орта есеппен 20% өседі, ал 2029 жылға қарай су бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін. Қосымбаевтың айтуынша, қазіргі тарифтер суды тазалау және жеткізу шығындарын толық жаппайды.

Электр энергиясы да қымбаттайды. 2026 жылы тарифтер 11%-ға, 2027 жылы 14%-ға, 2028 жылы 15%-ға, ал 2029 жылы тағы 16%-ға өседі. Нәтижесінде электр энергиясының жалпы құны шамамен 70%-ға қымбаттауы мүмкін.

Жылу энергиясы тарифтері де өседі: 2026 жылы — 10%, 2027 жылы — 17%, 2029 жылы — 11%. Жалпы есеп бойынша, жылу бағасы кезең соңына қарай шамамен 65%-ға көтерілуі мүмкін.

Министрлік әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй көмегі механизмі сақталатынын атап өтті. Егер коммуналдық шығындар отбасы табысының белгіленген үлесінен асып кетсе, айырмасы жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Соған қарамастан, ведомство өкілдері Қазақстанда коммуналдық қызметтер бағасы көптеген елдермен салыстырғанда әлі де қолжетімді деңгейде екенін айтты.

Сообщение Қазақстанда 2029 жылға қарай коммуналдық қызметтер төлемі 2 есе өседі появились сначала на Tizgin kz.

Батыс Қазақстандағы тың жобалар: өңірдің су және жылу жүйелері қалай жаңғыртылып жатыр
Батыс Қазақстан облысында «МЭКС» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жылу, су және электр желілері саласындағы негізгі жобалардың жүзеге асу барысын Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тексерді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өңірде коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жылумен жабдықтау, электрмен қамту, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы жобалар іске асырылып жатыр.

Жаңғыртылып жатқан негізгі нысандардың бірі – Орал қаласын жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін «ЖайықТеплоЭнерго» АҚ. Қазіргі таңда кәсіпорын тәуекел деңгейі бойынша «қызыл аймақта» тұр. Жаңғырту аясында 2029 жылға дейін тозу деңгейін 83%-дан 60%-ға дейін төмендетіп, нысанды «сары аймаққа» шығару жоспарланған.

Сонымен қатар тозу деңгейі 65%-ды құрайтын ұзындығы 1,8 шақырым болатын №7 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қанат Бозымбаев құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. ЖЭО 24 бюджеттік мекеме мен 130 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру желілердің тозуын азайтып, жүйенің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Келесі нысан ретінде вице-премьер Зачаганск кентіндегі №29 кәріз-сорғы станциясына барды. Қазіргі уақытта мұнда құрылыс-монтаж жұмыстарының 40%-ы орындалған. Жобаның құны — 1,7 млрд теңге. Жаңғырту аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың соңына қарай станция тәулігіне 14 700 текше метрге дейін ағынды суды айдай алады. Бұл су бұру жүйесінің сенімділігін арттырып, жаңа абоненттерді қосуға мүмкіндік береді.

Бұдан кейін вице-премьер «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС-нің қалалық электр желілері кешеніне барды. Мұнда ұзындығы 138 шақырым электр желілерін жаңғыртуға бағытталған үш кезеңнен тұратын жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта алғашқы екі кезең аяқталған, үшінші кезең бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Қанат Бозымбаев жаңғырту жұмыстарының қазіргі қарқыны сақталса, өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымның жүйелі мәселелерін шешуге және энергиямен қамту сенімділігін арттыруға болатынын атап өтті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде облыстағы электр желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға дейін төмендеген.

Сапар барысында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылды. Жобаларда қазақстандық темірбетон бағандары, кабель-сым өнімдері, металл конструкциялар, трансформаторлық қосалқы станциялар, полиэтилен құбырлар және өзге де жабдықтар пайдаланылуда. Кейбір нысандар бойынша қазақстандық қамту үлесі 80–99%-ға дейін жетеді. 29 мамырдағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша МЭКС электронды платформасында жалпы сомасы 113,7 млрд теңгені құрайтын 38 жоба тіркелген. Қазіргі таңда жалпы құны 21,9 млрд теңге болатын 10 пилоттық жоба белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

Сообщение Батыс Қазақстандағы тың жобалар: өңірдің су және жылу жүйелері қалай жаңғыртылып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Газ тартылып бітпеген Ақтөбе тұрғындары жылусыз қалды
Мұғалжар ауданына қарасты Қожасай ауылында газ магистралі тартылғанымен, тұрғындар биыл қосыла алмады. Үйдегі пештерін бұзып, «көгілдір отынға» көшеміз деп қамданғандар қазір жаурап отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

“ҚЫС АУЫР БОЛҒАЛЫ ТҰР”

Ауыл тұрғындары күн әжептәуір суытқан қараша айында үйде жылусыз отырғандарын айтып, көмек сұрауда.

Ауылымызға газ құбыры тартылды. Барлық техникалық жұмыс аяқталғанымен, газ әлі қосылған жоқ. Алдағы қыс біз үшін ауыр болғалы тұр. Отын мен көмір бағасы аспандап, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға үлкен салмақ түсіруде. Бізге газды наурыз айында қосамыз деген, алайда қараша болды – нәтиже жоқ. Газ нақты қашан беріледі, соны білгіміз келеді, – дейді ауыл тұрғындары.

Қожасай ауылында 50 үй бар, яғни 200-ден астам адам тұрады. Газ беру желтоқсан айына жоспарланған.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ облыстық филиалының инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданының Қожасай ауылын газдандыру жұмыстары басталған. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазір автоматтандырылған газ тарату станциясын іске қосуға дайындық және реттеу шаралары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмысты аяқтап, газды осы жылдың 1 желтоқсанында беруді жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ

Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, жоба құны 1,8 миллиард теңгені құрайды.

Қазір инженерлік-техникалық құжаттар рәсімделіп жатыр. Сол құжаттар тапсырылған соң газ қосылады. Газ құбыры сынақтан сәтті өтті. «QazaqGaz Aimaq» АҚ аудандық филиалы жеке үйлерге арналған барлық құжаттарды дайындап қойды. Біз енді тек магистральға газ жіберілуін күтіп отырмыз. Биыл ауылдағы үйлерге газ беріледі, ал келесі жылы әлеуметтік нысандар қосылады. Мұның алдында тұрғындарға газ толық тартылып бітпей, пештерін бұзбау керектігі ескертілген еді. Газ құбыры жобасының тапсырыс берушісі мен мердігері – «Интергаз» акционерлік қоғамы. Бұл жоба олардың инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе мен Қостанай облыстары арасында жаңа магистральдық газ құбыры тартылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Сондай-ақ, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қашаған кен орнында салынатын газ өңдеу зауытының жобасы қандай кезеңде тұрғанын баяндаған еді.

Сообщение Газ тартылып бітпеген Ақтөбе тұрғындары жылусыз қалды появились сначала на Tizgin kz.