Архивы Снежанна Имашева - Tizgin kz

Қазақстанда қылмыс құрбандарына өтемақы көбейе ме: Қорда 8,5 млрд теңге бар
Қазақстанда қылмыстан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу жүйесін қайта қарау ұсынылды. Құрылтай депутаты Снежанна Имашева сегіз жыл ішінде арнайы қордан небәрі 5,5 мың адамға 855 миллион теңгеден астам қаражат төленгенін, ал шотта шамамен 8,5 миллиард теңге қалғанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Өтемақы алуға құқылы болғандар әлдеқайда көп еді»

Қазақстанда Жәбірленушілерге өтемақы қоры 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – қылмыстан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы төлеу.

Құрылтай депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, қор жұмыс істеген сегіз жыл ішінде шамамен 5,5 мың адамға өтемақы берілген. Төленген қаражаттың жалпы көлемі 855 миллион теңгеден сәл ғана асқан.

Ал қор шотында шамамен 8,5 миллиард теңге сақтаулы тұр.

Депутат мұндай айырмашылық себебін анықтау қажет деп есептейді. Оның пікірінше, өтемақы алуға құқығы бар азаматтардың барлығы бірдей өз мүмкіндіктерін біле бермеуі мүмкін. Бұған қоса, төлем рәсімінің күрделілігі де жәбірленушілерге кедергі келтіруі ықтимал.

«Сегіз жыл ішінде шамамен 5,5 мың жәбірленушіге жалпы сомасы 855 миллион теңгеден сәл асатын өтемақы төленген. Демек, қор шотында шамамен 8,5 миллиард теңге қалды. Осындай қаражат бола тұра, төлем көлемінің салыстырмалы түрде аз болуы заңды сұрақ туғызады. Өйткені осы жылдар ішінде өтемақы алуға құқығы болған жәбірленушілер әлдеқайда көп еді», – деді Снежанна Имашева.

Осыған байланысты депутат уәкілетті органдардан азаматтардың өтемақы алу құқығы туралы қаншалықты хабардар екенін анықтауды талап етті.

Төлем мерзімі қысқаруы мүмкін

Снежанна Имашева қолданыстағы өтемақы төлеу тетігін жетілдіру қажет деп санайды. Ол бірнеше ұсыныс білдірді.

Атап айтқанда, депутат базалық өтемақы мөлшерін қазіргі 30-50 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) жоғары көтеруді ұсынды. Сонымен қатар қаржылай көмек алуға құқығы бар азаматтар санатын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, өтемақы төлеу мерзімін бірнеше айдан бірнеше күнге дейін қысқарту ұсынылды. Депутат пікірінше, қылмыстан зардап шеккен азаматтар қаражатты ұзақ күтпеуі керек.

Тағы бір бастама – сотталған қылмыскерлерден қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алу жүйесін қайта қарау. Бұл қордың тұрақты түрде толықтырылып, төлемдердің үздіксіз жүргізілуіне мүмкіндік беруі тиіс.

Осылайша, ұсынылып отырған өзгерістер өтемақы көлемін арттыруға, оны алу рәсімін жеңілдетіп, жәбірленушілерге қаражатты жедел жеткізуге бағытталған.

Сообщение Қазақстанда қылмыс құрбандарына өтемақы көбейе ме: Қорда 8,5 млрд теңге бар появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан азаматтарының миллиардтаған айыппұлы кешіріледі
Мәжіліс депутаттары жаңа Конституцияның қабылдануына сәйкес рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕПУТАТ НЕ АЙТТТЫ

Бұдан бөлек, Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК), сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң жобасы бойынша ілеспе түзетулерді қарастырмақ. Барлығы елде жарияланған ауқымды рақымшылыққа байланысты.

“Аталған заң жобалары Парламент депутаттары бастамасымен әзірленді. Заң жобалары Мемлекет басшысының республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына сәйкес қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жариялауына орай дайындалды. Жобалар аясында қылмыстық теріс қылықтар мен зиян келтірмеген немесе зияны толық өтелген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін жауаптылықтан босату, сонымен қатар зиян толық өтелген жағдайда ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімдерін қысқарту ұсынылады”, – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

РАҚЫМШЫЛЫҚ КІМДЕРГЕ ЖАСАЛАДЫ

Әкімшілік рақымшылық аясында жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар тұлғалар және жалпы Қазақстан азаматы саналатын өзге тұлғалар айыппұлдан босатылатын көрінеді.

“Рақымшылық азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге бағытталған. Заң жобаларын жұмысқа алуды ұсынамыз және қолдауларыңызды сұраймыз”, – деді депутат.

Сообщение Қазақстан азаматтарының миллиардтаған айыппұлы кешіріледі появились сначала на Tizgin kz.

Депутат Снежанна Имашева қызметке тағайындалды
Ақпаратты Ақорда жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Снежанна Имашева 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Банк Тұран Әлем» АҚ Ақсай филиалында бөлшек несиелеу жөніндегі маман болып бастаған. Кейін нотариустың көмекшісі, заң кеңесшісі және Батыс Қазақстан облысындағы түрлі компанияларда өткізу қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.

2011–2016 жылдары «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланған. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған.

2021 жылы VII шақырылым депутаты болып қайта сайланып, осы комитеттің хатшысы қызметін атқарды, ал 2023 жылдан бастап — комитет төрағасы.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болып табылады.

Сообщение Депутат Снежанна Имашева қызметке тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.