Архивы серіктестік - Tizgin kz

Түркияның халықаралық қоры Астана мен Алматыда мектептер ашады
Түркия 2025 жылы шамамен 64 миллион туристі, оның ішінде 763 мыңға жуық Қазақстан азаматын қабылдады. Бұл туралы 3 қараша күні Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына арналған салтанатты шарада Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу айтты, деп хабарлайды Қазақстандағы Түркия елшілігінің коммуникация басқармасына сілтеме жасап.

«1923 жылы 12,5 миллион халқы бар Түркия ұзаққа созылған соғыстардың салдарынан күйзеліске ұшырап, экономикалық қиындықтарды бастан өткеріп жатқан еді. Бүгінде Түркия халқының саны 87 миллионға жуықтап, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы, өңірдегі қуатты өнеркәсіптік әлеуеті және дамыған көлік инфрақұрылымы арқасында әлемнің 16 ірі экономикасының қатарына енді», – деді елші.

Дипломат атап өткендей, Түркия туризм саласында да әлемнің көшбасшы елдерінің қатарында. «2025 жылы шамамен 64 миллион туристі, оның ішінде 763 мыңға жуық Қазақстан азаматын қабылдадық», – деді ол.

Қазақстандағы Түркия елшілігі

«Türkiye Bursları» гранттық бағдарламасы аясында 1992 жылдан бері Қазақстаннан барған 7 мыңға жуық студентке қолдау көрсетілген. Жыл сайын 300-ге жуық қазақстандыққа білім гранттары ұсынылады. Түркияның жоғары оқу орындарында бүгінде еліміздің 13 мың азаматы білім алып жатыр.

Қазақстандағы Түркия елшілігі

Бұдан бөлек, Түркияның «Маариф» қоры Астана мен Алматы қалаларында мектептер ашу жұмыстарын жалғастыруда.

М.Капуджу сондай-ақ, мемлекеттер басшылары деңгейіндегі бауырластық қарым-қатынастар туралы айта келе, кейінгі бір жылда жүзеге асырылған өзара сапарлар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін бергенін тілге тиек етті.

Қазақстандағы Түркия елшілігі

Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сәуір айында Анталия дипломатиялық форумына қатысса, Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған мамыр айында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына және Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Астана мен Түркістанға сапарлады. Кездесулер нәтижесінде «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға» қол қойылды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Түркияға ресми сапар жасап, Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысты. ҚР Президентінің COP31 көшбасшылар саммитіне орай Түркияға тағы бір мәрте сапар жасауы күтілуде.

Қазақстандағы Түркия елшілігі

«2027 жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын атап өтетін боламыз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы тауар айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жетті.

Мемлекет басшыларымыз айқындаған 15 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі межені алдағы бірнеше жылда еңсеретінімізге сеніміміз мол.

Бүгінде Қазақстанда 5 мыңнан астам түрік компаниясы жұмыс істейді, ал еліміздің тікелей инвестицияларының көлемі 6 миллиард АҚШ долларынан асты.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы жобалар өз жалғасын табуда.

Қазақстандық компаниялар да елімізге инвестиция құюда», – деді Түркия елшісі.

Қазақстан Үкіметі атынан құттықтау сөз сөйлеген Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып мойындағаны қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасындағы айрықша оқиға екенін атап өтті.

Ведомство басшысы екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Фото: Ажар Лаубаева

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауы мен түркі интеграциясын дамытудағы ортақ ұстанымына тоқталды. Айтуынша, Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті түркі елдерінің бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Фото: Ажар Лаубаева

Айта кетейік, салтанатты шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды тұлғалары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, түрік іскерлік қауымдастығының мүшелері, Қазақстанда тұратын Түркия азаматтары, мәдениет, өнер және ғылым салаларының көрнекті қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер қатысты.

Сообщение Түркияның халықаралық қоры Астана мен Алматыда мектептер ашады появились сначала на Tizgin kz.

Атом энергетикасынан ядролық медицинаға дейін: Қазақстан мен АЭХА әріптестікті кеңейтіп жатыр
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға, ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және мамандар даярлауға қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын. Бұл туралы агенттіктің Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Венада Қазақстанның ұлттық стендінің ашылуында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық стенд 15 қыркүйекте АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы аясында ашылды. Рәсімге Қазақстан делегациясын бастап барған Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Гұмар Серғазин қатысты.

Он жылдық әріптестік: энергетика, қауіпсіздік және медицина

Гұмар Серғазин Қазақстан мен АЭХА арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, Рафаэль Гроссиге елдің атом саласын дамытуға көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Қазақстан мен АЭХА арасындағы ынтымақтастық одан әрі кеңейіп, жыл сайын практикалық әрі мазмұнды сипат алып келеді», – деді Гұмар Серғазин.

Оның айтуынша, Гроссидің биыл мамырда Қазақстанға жасаған сапары екіжақты байланысқа жаңа серпін берген. Сол сапар барысында тараптар 2026–2036 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойған.

Құжат атом энергетикасын, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ғылым мен білім беруді, ядролық медицинаны және кадрлар даярлауды қамтиды.

Рафаэль Гросси Қазақстанның атом саласындағы әлеуетін жоғары бағалап, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағытындағы ынтымақтастық жүйелі дамып келе жатқанын айтты. Ол АЭХА-ның Қазақстанның басым бағыттарын іске асыруға, соның ішінде ядролық технологияларды қолдануға және ғылымды дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстанның төрт ұйымы өз мүмкіндіктерін таныстырды

Ұлттық стендте «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты ұсынылған.

Экспозиция Қазақстанның ядролық отын циклі, атом энергетикасы, ядролық ғылым мен технологиялар салаларындағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін таныстырады.

Стенд аясында жаңа іскерлік және ғылыми байланыстар орнатып, бірлескен жобалар мен зерттеулердің, сондай-ақ инвестиция тартудың келешегін талқылау көзделген.

АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы Венада 14–18 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Сообщение Атом энергетикасынан ядролық медицинаға дейін: Қазақстан мен АЭХА әріптестікті кеңейтіп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны мен «KITAP» платформасы цифрлық серіктестік орнатты
Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының цифрлық мүмкіндіктері кеңейеді. Осы мақсатта «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен «Bilim Group Ltd» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының Төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков пен «Bilim Group Ltd» ЖШС Бас директоры Александр Савченко қол қойды.

Меморандум аясында KITAP цифрлық оқырмандық платформасы «Кітап оқитын ұлт» марафонының цифрлық серіктесі ретінде жоба қатысушыларының электрондық және аудиокітаптарға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған бірқатар бастаманы қолдайды.

Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – дәстүрлі кітап оқуды заманауи цифрлық мүмкіндіктермен ұштастырып, Қазақстан тұрғындары үшін кітапты әртүрлі форматта қолжетімді ету және тұрақты оқу мәдениетін дамыту.

«Біздің мақсатымыз – кітап оқуды жекелеген адамдардың жеке әдеті деңгейінен көтеріп, қоғамның ортақ мәдени құндылығына айналдыру. Ол үшін оқырманға кітапты өзіне ыңғайлы форматта оқуға мүмкіндік беру маңызды. KITAP платформасымен серіктестік “Кітап оқитын ұлт” марафонының осы бағытын күшейтіп, электрондық және аудиокітаптарға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының Төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Ынтымақтастық аясында марафон қатысушыларына KITAP платформасындағы электронды кітаптар, аудиокітаптар және басқа да цифрлық контенттер қолжетімді болады. Оқу және тыңдаумен қатар, платформа мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған құралдарды да ұсынады. Атап айтқанда, кітап мәтінінің ішінде сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасы мен мағынасын түсіндіретін қазақша-орысша кіріктірілген сөздік бар.

Сонымен қатар, кіріктірілген жасанды интеллект чаты оқылған кітапты талқылауға, оның мазмұны бойынша сұрақтар қоюға және кітапты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл құралды, соның ішінде, білім беру мақсатында да пайдалануға болады. Жекелендірілген ұсыныстар жүйесі оқырманның қызығушылықтары мен талғамына қарай кітаптарды іріктеп ұсынады. Ал оқу статистикасы оқырманға өз прогресін бақылауға және тұрақты оқу әдетін қалыптастыруға көмектеседі.

Сондай-ақ тараптар жоба қатысушыларына арналған арнайы кітап топтамалары мен цифрлық ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігін қарастыруда.

«Цифрлық технологиялар кітапты оқырманға жақындатудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр. KITAP платформасының “Кітап оқитын ұлт” марафонына қосылуы арқылы біз оқырмандарға электрондық және аудиокітаптарды пайдаланудың қолайлы мүмкіндіктерін ұсынуға және кітап оқу тәжірибесін заманауи форматтармен толықтыруға үлес қосамыз. Біз үшін ең маңыздысы – кітап оқуға ниетті адамға қажетті контентті ыңғайлы әрі қолжетімді түрде ұсыну», – деді «Bilim Group Ltd» ЖШС Бас директоры Александр Савченко.

«Кітап оқитын ұлт» – Қазақстанда кітап оқу мәдениетін насихаттауға, азаматтардың тұрақты оқу дағдысын қалыптастыруға және кітапқа қызығушылықты арттыруға бағытталған республикалық марафон.

Тараптардың пікірінше, кітап оқуды цифрлық мүмкіндіктермен ұштастыру оқырмандардың кітапқа қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, Қазақстандағы оқу мәдениетін жаңа форматтар арқылы дамытуға жол ашады.

Сообщение «Кітап оқитын ұлт» марафоны мен «KITAP» платформасы цифрлық серіктестік орнатты появились сначала на Tizgin kz.

Шығыс Қазақстан мен Беларусь кәсіпорындары тікелей байланыс орнатпақ
Шығыс Қазақстан облысы мен Беларусьтің Могилёв облысы сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Тараптар ауыл шаруашылығы техникасын өндіруден бастап тамақ өнеркәсібі, лифт құрастыру және туризмге дейінгі бірнеше перспективалы бағытты белгіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Экспорт көлемі 65 пайызға артты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Могилёв облыстық атқару комитетінің төрағасы Анатолий Исаченко бастаған Беларусь делегациясымен кездесті. Шағын форматта өткен келіссөзге облыстық басқармалардың басшылары, мәслихат пен әкімдік өкілдері қатысты.

Фото: ШҚО әкімдігі

Кездесуде сауда-экономикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату және ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан мен Беларусь арасындағы орнықты қарым-қатынасты өңіраралық деңгейдегі нақты жобалармен толықтыру қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара достық әрі сындарлы қарым-қатынас нығайып келеді. Бүгінде бұл ынтымақтастықты өңіраралық деңгейде толықтыру маңызды. Ол үшін кәсіпорындар арасындағы тікелей байланысты нығайтып, өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажет», – деді облыс әкімі.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 9,2 миллион долларды құраған. Ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында бұл көрсеткіш 4,13 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсті.

Осы аралықта Шығыс Қазақстаннан Беларуське шығарылған экспорт көлемі 65 пайызға артып, 1,31 миллион доллар болды. Қазақстан қазір Могилёв облысының негізгі бес сауда серіктесінің қатарына кіреді.

Ауыл шаруашылығы техникасынан туризмге дейін

Могилёв облыстық атқару комитетінің төрағасы Анатолий Исаченко ауыл шаруашылығына арналған машина жасау мен заманауи техника өндірісін ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде атады.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы, ет пен сүт өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және балық шаруашылығы салаларында нақты бірлескен жобаларды айқындауға мүмкіндік бар. Беларусь тарапы Шығыс Қазақстанда беларусьтік лифттерді жеткізу және орнату мүмкіндігін де қарастыруды ұсынды.

Фото: ШҚО әкімдігі

Келіссөз барысында екі өңірдің кәсіпорындары арасында тәжірибе алмасуға және тікелей іскерлік байланыс орнатуға ерекше назар аударылды. Осы мақсатта бизнес-миссиялар ұйымдастырып, іскерлік делегациялардың өзара сапарларын өткізу жоспарланып отыр.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар да кездесудің жеке тақырыбына айналды. Қазір Шығыс Қазақстан облысында беларусь ұлтының 1,7 мыңға жуық өкілі тұрады. Тараптардың пікірінше, бұл жағдай мәдени және қоғамдық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз бола алады.

Сонымен қатар Могилёв облысының туристік операторларына Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін таныстыру үшін ақпараттық турлар өткізу ұсынылды.

Кездесу қорытындысында екі өңір басшылығы келіссөздерді жалғастырып, белгіленген бағыттар бойынша нақты жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Сообщение Шығыс Қазақстан мен Беларусь кәсіпорындары тікелей байланыс орнатпақ появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында 80 млрд теңгеден астам келісімге қол қойылды
Ақтауда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Өзбекстан Өңірлер басшылары кеңесін құрды

Олжас Бектенов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жаңа Конституцияны жүзеге асыру ұлттық экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін берік институционалдық негіз қалыптастырады.

Фото: primeminister.kz

«Біз бауырлас Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән береміз. Өңірлер басшылары кеңесінің құрылуы мемлекеттеріміз арасындағы қарқынды саяси диалогтың дәйекті жалғасы болып, өзара сенім мен тату көршілікке негізделген ықпалдастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге, елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыруда өңіраралық қарым-қатынастар орасан зор рөл атқарады. Кеңес жұмысы екі мемлекет басшыларының белгілеген көрсеткіштерін $10 млрд-қа дейін ұлғайту міндетіне қол жеткізуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Абдулла Арипов Ақтаудағы кездесудің маңызын атап өтті

Фото: primeminister.kz

Абдулла Арипов бүгінгі кездесу Каспий теңізінің інжу-маржаны әрі өңіріміздің маңызды көлік-логистикалық хабы саналатын Ақтау қаласында өтуінің мәні зор екенін атап өтті

«Қазақстан – Өзбекстан үшін жақын көрші ғана емес, сенімді стратегиялық серіктес әрі одақтас мемлекет. Өңіраралық әріптестік өзара іс-қимылымыздың басым бағыттарының біріне айналды. Осыған байланысты мемлекеттеріміздің құрметті президенттері Өңірлер басшылары кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Өңірлік деңгейдегі тікелей байланыстар өзбек-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға қуатты серпін беретініне», – деп атап өтті Абдулла Арипов.

Қазақстанның Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстары Өзбекстан құрамына кіретін Қарақалпақстанмен, сондай-ақ Жызақ, Науаи, Сырдария, Ташкент облыстарымен шектеседі. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы шамамен 2,3 мың шақырымды құрайды.

Ақтау мен Құрық порттары арқылы 8 млн тонна жүк тасымалданды

Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын толыққанды іске қосудың және оны өзара тиімді әрі бәсекеге қабілетті жобалармен толықтырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстан Еуразия кіндігінде, стратегиялық маңызы бар негізгі көлік бағыттарының торабында орналасқандықтан айтарлықтай әлеуетке ие.

Солтүстік – Оңтүстік бағыттарымен және Трансауған дәлізімен ұштасатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы ерекше атап өтілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүк тиеу-жөнелту көлемі 8 млн тоннаны құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының порттары арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5%-ға артып, 50 мың ЖФЭ-ден асты.

Қазақстан мен Өзбекстан тарихи-мәдени туризмді дамытуға басымдық береді

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту әлеуетіне назар аударылды, оның ішінде екі ел азаматтарының тарихи-мәдени орталықтарға баруға деген қызығушылығының артып келе жатқаны атап өтілді.

Пленарлық отырыста Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері Нұрдәулет Қилыбай мен Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, сондай-ақ Жызақ, Сырдария және Ташкент облыстарының әкімдері – Улугбек Мустафоев, Эркинжон Турдимов, Зойир Мирзаев баяндама жасады. Сонымен қатар іс-шараға екі елдің 300-ден астам кәсіпкері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында бірқатар меморандумға, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден астам коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Жаңа уағдаластықтар бауырлас елдер мен шекара маңы байланыстарын нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Орталық Азияның орнықты экономикалық дамуына ықпал етуі тиіс.

Сообщение Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында 80 млрд теңгеден астам келісімге қол қойылды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге келісті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Ақтауда Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Шағын құрамдағы кездесуде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, алдағы жұмыстың басым бағыттары талқыланды.

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёевтің бірлескен күш-жігерінің арқасында   біздің көпқырлы байланыстарымыз қарқынды дамып келеді және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі   өзара іс-қимылдың табысты үлгісіне айналды. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің  Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы қазақ-өзбек серіктестігінің сенім рухындағы сипатын тағы бір айқындап берді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Биыл мемлекеттеріміздің басшылары Бұхара, Астана және Түркістан қалаларында өткен кездесулері аясында екі елдің үкіметтеріне ынтымақтастықты кеңейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Аталған тапсырмаларды орындау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз. Біздің бүгінгі келіссөздер сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», — деп атап өтті Абдулла Арипов.

2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $4,8 млрд-ты құрады. 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 37%-ға артып, $2,3 млрд-қа жетті. Қазақстанның экспорттық әлеуеті металлургия, машина жасау, мұнай химиясы, химия өнеркәсібі, фармацевтика, көлік құралдары мен құрылыс материалдары өндіру салаларында айқын байқалады. Олжас Бектенов инвестициялар және сауда саласындағы жалпы құны $7,8 млрд құрайтын жол картасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Оған енгізілген жобалар бойынша бірлескен жұмыс тауар айналымын әртараптандыру, өзара жеткізілімдерді кеңейту және жаңа инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – өнеркәсіптік кооперация. Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан жалпы құны $1,8 млрд-тан асатын 80 бірлескен жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құны $227 млн-ды құрайтын 15 жоба іске қосылып, 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Бүгінде жалпы сомасы $102 млн болатын 6 жоба белсенді жүзеге асыру кезеңінде. Сонымен қатар құны $1,5 млрд-ты құрайтын келешегі зор 59 бастаманы жүзеге асыру мәселесі пысықталуда.

Көлік қатынасы және логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 16%-ға өсіп, 32,3 млн тоннаны құрады. Тасымалдарды одан әрі ұлғайту үшін теміржол дәліздерінің өткізу қабілетін 35 млн тоннадан 60 млн тоннаға дейін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдерімен көлік байланыстарын кеңейту үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты іргелес теміржол учаскелерін жаңғырту және қосымша өткізу пункттерін ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Қазақстандық теңіз инфрақұрылымын пайдалануда оң динамика байқалады. Автомобиль тасымалы саласындағы ынтымақтастық дамуда.E-Permit жүйесінде шетелдік рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу тетігінің енгізілуі төрт жыл ішінде олардың санын он еседен астам арттыруға және мемлекеттік шекарадан өту уақытын 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Су шаруашылығы саласында өзара түсіністік пен екі елдің мүдделерін есепке алу негізінде ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігі расталды.

Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи-мәдени нысандарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы: Ферғана–Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясына қосу бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.

Бірлескен үкіметаралық комиссияның кеңейтілген құрамдағы отырысында нақты жобаларды жүзеге асыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін одан әрі арттыруға назар аударылды.

Қазақстан тарапынан сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев баяндама жасады. Өзбекстан тарапынан инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, көлік министрі Илхом Махкамов және су шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Зокир Ишпулатов тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіпте, көлік-транзит саласында және экономиканың басқа да салаларында ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Жиын соңында қос мемлекеттің премьер-министрлері Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-ші отырысының хаттамасына қол қойды.

Сообщение Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге келісті появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан мен Жапония атом энергетикасы бойынша серіктестікті күшейтпек
Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Жапонияның Атом энергиясы агенттігінің (Japan Atomic Energy Agency, JAEA) президенті Масанори Когучи мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар шапшаң нейтронды реакторлардың қауіпсіздігін зерттеу саласындағы бірлескен жетістіктер мен ғылыми жұмыстарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы шапшаң реакторлардың қауіпсіздігін эксперименттік тұрғыдан зерттеуге бағытталған EAGLE бірлескен жобасын жалғастыру, сондай-ақ JAEA мен ҚР ҰЯО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және жобаның бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі келісімге қол қою болды. Бұл құжаттар тараптар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

EAGLE жобасын 2000-жылдардың басынан бері ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен JAEA ұйымдары бірлесіп жүзеге асырып келеды. Ол натрий жылу тасымалдағышы қолданылатын шапшаң нейтронды реакторлардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған зерттеулерді қамтиды, соның ішінде актив аймақтың балқуымен қатар жүретін ауыр авария кезіндегі процестерді зерттеуді көздейді.

Жоба аясында актив аймақ материалдары балқымасының қасиеттері зерттеледі, балқыманың натрий жылу тасымалдағышымен және конструкциялық материалдармен өзара әрекеттесуі зерделенеді. Бұл үшін реакторішілік және реактордан тыс эксперименттер жүргізіледі. Реакторішілік сынақтар бірегей ИГР зерттеу реакторында өткізілсе, реактордан тыс зерттеулер EAGLE эксперименттік стендінде жүзеге асырылады.

Жоба жүзеге асырылған 20 жыл ішінде елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Шамамен 200 әдістемелік сынақ өткізіліп, реакторда орта ауқымды 2 және толық ауқымды 9 сынақ жүргізілді, EAGLE стендінде 65-тен астам реактордан тыс эксперимент жасалды. EAGLE, EAGLE-2 және EAGLE-3 эксперименттік бағдарламалары ойдағыдай аяқталды. Сондай-ақ «Marubeni Utility Service, Ltd.» компаниясының қатысуымен EAGLE бағдарламасының келесі кезеңіне (post-EAGLE-3 жобасы) арналған есептік-талдамалық жұмыстар орындалды.

Ұзақ жылғы ынтымақтастықтың қисынды жалғасы ретінде EAGLE-4 жобасы жүзеге асырылмақ, оның шеңберінде бірнеше реакторішілік эксперимент, он екі реактордан тыс эксперимент және шағын ауқымды эксперименттер сериясын өткізу жоспарланып отыр. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері – Жапонияның перспективалық IV буын реакторларының жылу бөлгіш жинақтарын сынақтан өткізу, ИГР реакторында және ҚР ҰЯО-ның басқа да қондырғыларында зерттеулер жүргізу, сондай-ақ болашақ ядролық технологиялардың қауіпсіздігін ғылыми тұрғыдан негіздеу.

EAGLE-4 жобасының нәтижелері жапондық дизайндағы перспективалық шапшаң нейтронды реакторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ғылыми тәсілдерді дамытуға елеулі үлес қосады деп күтіледі. Сонымен қатар бұл жоба атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қосымша мүмкіндік береді.

Қазір ҚР ҰЯО мен JAEA ұйымдары EAGLE-4 жобасын 2031 жылға дейін жалғастыру мәселесін талқылап жатыр.

Сообщение Қазақстан мен Жапония атом энергетикасы бойынша серіктестікті күшейтпек появились сначала на Tizgin kz.