Архивы салт-дәстүр - Tizgin kz

«Сен жалғыз емессің»: Қазақтың ұмыт қалған салт-дәстүрлерінің психологиялық мәні
Жаңа көршіні ерулікке шақыру, үлкен кісіге белкөтерер әзірлеу, соңғы сүр етті бөлісіп жеу, көшіп бара жатқан отбасымен дастарқан басында қоштасу. Бұл жоралғылар адамдар арасындағы байланысты қалай нығайтады? Психолог Назерке Көкебаева ұмытылып бара жатқан қазақ дәстүрлерінің психологиялық мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Маманның айтуынша, осы дәстүрлердің әрқайсысында адамның басқа адамға көңіл бөлуі, оның жағдайын байқауы бар. Психологиялық тұрғыдан оларды «Сені байқадық», «Сен бізге керексің», «Арамыздағы байланыс маңызды» деген сөзсіз хабар ретінде қарастыруға болады.

«Адамға өзінің бір ортаға тиесілі екенін, қажет кезде қолдау сұрай алатынын сезіну маңызды. Кейбір дәстүрлер осындай байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл – олардың тарихи шығу тегіне берілген түсіндірме емес, қарым-қатынаста атқаруы мүмкін қызметіне психологиялық көзқарас», – дейді Назерке Көкебаева.

Ерулік: бейтаныс ортада өз орныңды табу

Коллаж: AI/Tizgin.kz

Жаңа жерге көшкен адам үйін ғана ауыстырмайды. Оның таныс ортасы, күнделікті бағыты, кімнен көмек сұрай алатыны да өзгереді. Осындай кезде «Бұл жерде мені қалай қабылдайды?», «Қиналсам, кімге жүгінемін?» деген сұрақтар туындауы мүмкін. Психологтың айтуынша, ерулік бейтаныс ортадағы алғашқы танысуға мүмкіндік береді. Қонаққа шақырылған адам көршілерінің жүзін көріп, атын біліп, әңгімелесе бастайды. Осылайша жаңа қоныста таныс адамдар пайда болады.

«Еруліктің психологиялық мәні шақырудан, қабылдауға дайын екеніңді білдіруден көрінеді. Адам мұны «Менің келгенімді байқады, менімен танысқысы келеді» деген ықылас ретінде сезінуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас жаңа ортаға үйренуге көмектесе алады», – дейді психолог.

Ерулік өзара көмек сұрауға да жол ашады. Бұрын сөйлескен, танысып үлгерген көршіден жөн сұрау мүлде бейтаныс адамның есігін қаққаннан жеңілірек болуы ықтимал. Дегенмен маман жақындасудың адамның таңдауын құрметтеуге негізделуі керегін атап өтті. Қонаққа шақыру міндеттеуге, ал танысу жеке өмірді орынсыз сұрастыруға айналмауы қажет.

Белкөтерер мен қап қағар: қамқорлықты сезіну және бөлісе білу

Коллаж: AI/Tizgin.kz

Белкөтерер – жасы ұлғайған кісіге арнайы ас әзірлеп беру дәстүрі. Оның психологиялық мәнін адамның қажеттілігіне назар аударып, жағдайын ескеруден көруге болады.

Назерке Көкебаеваның түсіндіруінше, кейбір үлкен кісілерге көмек сұрау оңай емес. Олар өзгеге салмақ салудан қысылуы немесе бұрынғыдай бәрін өзі істей алмайтынына қиналуы мүмкін. Осындайда ықыласпен ұсынылған ас қамқорлықтың нақты көрінісіне айналады.

«Арнайы тамақ дайындап апару «Сізді ұмытқан жоқпыз, жағдайыңыз біз үшін маңызды» деген сезім бере алады. Қамқорлық көрсеткенде адамның дербестігін сақтау керек. «Сізге не ұнайды?», «Не әкеліп берейін?» деп сұраудың өзі оның пікірін құрметтейтініңізді білдіреді», – дейді маман.

Ал үлкен кісінің орнына бәрін шешіп, онымен балаша сөйлесу жақсы ниеттің өзінде жайсыздық туғызуы мүмкін, сондықтан қолдау адамның қалауын ескергенде құнды.

Қап қағар дәстүрі қысқы азықпен байланысты: соғымнан қалған соңғы етті асып, көршілермен бөлісіп жеген. Психолог бұл жоралғыдағы қолда барды бөлісу мен бірге отырудың мәніне назар аударды. Ортақ дастарқан адамдарға күнделікті тіршіліктен сәл аялдап, бір-бірінің жағдайын білуге мүмкіндік береді. Әңгіме барысында кімнің көмекке мұқтаж екені, кімнің жалғызсырап жүргені байқалуы мүмкін.

«Бөлісудің ішінде «Сені дастарханымнан шет қалдырмаймын» деген ықылас бар. Дегенмен адам өз мүмкіндігіне қарамастан қонақ күтуге міндеттімін деп сезінсе, жақындықтың орнына қысым мен реніш пайда болуы мүмкін. Дәстүрді жалғастырғанда ерікті ниет пен адамның жағдайын ескеру маңызды», – деді Назерке Көкебаева.

Айырылысар көже: қоштасуға уақыт бөлу

Коллаж: AI/Tizgin.kz

Көршінің басқа жаққа көшуі сырттай қарағанда қарапайым тұрмыстық оқиға сияқты, бірақ ұзақ араласқан адамдар үшін бұл – күнделікті байланыстың өзгеруі. Бірге шай ішкен, балалары қатар өскен, бір-біріне қол ұшын берген кезең аяқталады. Айырылысар көже осы өзгерісті елеусіз қалдырмай, қоштасуға ортақ уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Адамдар бір-біріне алғыс айтып, естеліктерін бөлісіп, қимастығын жеткізе алады.

«Кейде күнделікті араласуда айтылмай жүрген «Сізге рақмет», «Сіздерді сағынамыз» деген сөздер қоштасу кезінде айтылады. Мұндай басқосу қарым-қатынастың адам өмірінде маңызды орын алғанын мойындауға мүмкіндік береді. Қоштасу мұңды бірден жоймайды, бірақ оны білдіруге жағдай жасайды», – деді психолог.

Маманның пікірінше, бұл дәстүрлердің ортақ қыры – адамның өміріндегі өзгерістер мен қажеттіліктерді өзгелердің байқауы. Бірі жаңа ортаға келеді, біріне қамқорлық қажет, енді бірі көшіп барады. Осындай сәттерде айналасындағы адамдардың ықыласы қолдау ретінде сезілуі мүмкін.

«Дәстүрдің бүгінгі құндылығы бір-біріміздің жағдайымызды сұраудан, көмек ұсынудан, алғыс айтып, қоштасуға уақыт табудан көрінеді. Адамның шекарасы мен мүмкіндігі ескерілгенде, мұндай әрекеттер жақындық пен өзара қолдауға қызмет етеді», – деп түйіндеді Назерке Көкебаева.

Сообщение «Сен жалғыз емессің»: Қазақтың ұмыт қалған салт-дәстүрлерінің психологиялық мәні появились сначала на Tizgin kz.

«Ет же, шай іш»: желіде қазақтардың «басқа ұлттарға қысымы» жайлы жазба қызу талқыланды
Қазақстанда ұлт мәселесі туралы сөз қозғалғанда көбіне пікірталас, бөліну мен «кім кім?» деген сұрақтар алға шығады. Бірақ кейде бұл тақырыпқа әзілмен қарап, адамдарды жақындастыратын қарапайым дүниелерді еске түсірген жөн. Мәселен, қазақтың үйіне қонаққа барған орысқа көрсетілетін «қысым» қандай? Дастархан басына күштеп отырғызу, бешбармақ пен бауырсақты қайта-қайта ұсыну, шай ішкізбей жібермеу және үйге міндетті түрде сарқыт салып беру. Әзілдің астарында одан да маңызды ой жатыр: адамның ұлты бөлек болғанымен, туған жері мен Отаны ортақ болуы мүмкін. Бұл туралы Никулин Дмитрий есімді әлеуметтік желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Келесі жолы бүкіл отбасыңмен кел»

«Мен орыспын. Қазақстанда тұрамын және енді бұл туралы үндемей отыра алмаймын. Қазақтар орыстарды шынымен «қысымға алады». Оның үстіне, ашық түрде, еш ұялмай және әр үйде дерлік. Қазақтың үйіне қонаққа барсаң – сенің еркіңе қарамай дастарханға отырғызады. «Рақмет, мен тоқпын» дейсің. Ал сені біреу сұрап жатыр ма?! «Бешбармақ же, бауырсақ же, ет же, шәй іш» дейді.  Бас тартсаң «Бізді сыйламайсың ба?», бәрін жеп қойсаң «Неге сонша аз жедің?», кеткің келсе «Қайда?! Қазір тағы шай ішесің» дейді. Үш сағаттан кейін ғана сені ақыры үйіңе жібереді, бірақ жай кетуге болмайды. Қолыңа міндетті түрде пакет ұстатып «Мынаны үйге апар. Отбасыңа бересің» дейді. Сөйтіп үйге «қатты қысым көрген» адам болып қайтасың: қарның тойған, бір қолыңда ет, екінші қолыңда бауырсақ. Артыңнан тағы «Келесі жолы бүкіл отбасыңды ертіп кел» деп айқайлап жатады», – деп жазды Никулин Дмитрий.

«Отан – жүрегіңнің қай жерде екенін көрсетеді»

Оның айтуынша, әсіресе апалар аяушылықты «білмейді».

«Егер апа саған бір қарап «Ой, балам, неге сонша арықсың?!» – бітті! Кешке жоспар құрмай-ақ қой. Екінші рет тамақтанып алмайынша – үйге жібермейді. Ал енді шындап айтайын. Бір кездері құжаттарымда «орыс» деп жазылған. Өзімді де өмір бойы орыс деп санадым, бірақ бір күні өз тамырымды, отбасымның тарихын іздей бастадым. Қай жерде туғанымды, қай жерде өскенімді, өмірімнің қай жерде өткенін және «Отаным» деп нені атайтынымды ойладым. Сонда өте қарапайым бір ойға келдім: Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Бұл жер маған алғашқы үйімді сыйлады. Балалық шағым осында өтті. Туысқандарым мен достарым осында тұрады. Мен осында жұмыс істеймін, қуанамын, пікір таластырамын, қателесемін, жоспар құрамын және болашағымды ойлаймын.

Сол кезде түсіндім: менің ата-бабаларым орыс болуы мүмкін. Құжаттарымда бір ұлт көрсетілуі мүмкін, бірақ менен «Отаның және жүрегің бойынша сен кімсің?» деп сұраса, мен: «Орыспын шығармын» деп жауап беруім мүмкін. Ал ішімде бір сәт жымиып: «Мен де қазақпын» деп айта аламын. Қаныммен емес – Отаныммен, өйткені Қазақстан мен үшін бір кездері келіп қалған ел емес. Қазақстан – менің үйім. Мүмкін, дәл осы жерде кімнің орыс, кімнің қазақ, украин, татар, неміс, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз немесе басқа ұлт өкілі екені туралы мағынасыз талас аяқталатын шығар, өйткені әр адамның өз тамыры бар. Ешкім өз тамырынан бас тартуға тиіс емес. Орыс адам Қазақстанды жақсы көру үшін орыс болудан бас тартуы керек емес. Қазаққа бұл жердің өзіне қымбат екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Өзбекке, қырғызға, татарға, украинға, неміске немесе кәріске ата-бабаларының мұрасы мен өзі «үйім» деп атайтын елдің арасында таңдау жасаудың қажеті жоқ. Тамыр – ата-бабаларыңның қайдан келгенін көрсетеді. Ал Отан – жүрегіңнің қай жерде екенін көрсетеді», – дейді ол.

«Қарапайым адамдардың қалауы қарапайым: бейбітшілік болсын»

Әлеуметтік желі қолданушысы бұл ойды мен тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азияға – Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түрікменстанға және жалпы бүкіл әлемге айтқысы келеді.

«Бізді тегі, тілі, ұлты, діні мен шекарасы арқылы тым ұзақ және тым оңай бөліп келдік. Ал қарапайым адамдардың қалауы әлдеқайда қарапайым: Балалар бейбітшілікте өссе екен. Көрші – көрші болып қалса екен. Досыңнан оның ұлты қандай екенін сұрамаса екен. Үйдің есігі қонаққа әрдайым ашық болса екен. Бір дастархан басында бәрімізге орын жетсе екен. Мен жүз жылдан кейін біздің балаларымыз кімнің қаны «дұрыс» екенін таласпаса екен деймін. Одан да басқа нәрсе үшін талассын: Кімнің әжесі ең дәмді бешбармақ жасайды? Кімде бауырсақ бітіп қалды? Бүгін мен мынаны айта аламын: Менің тамырым – менің тарихым. Менің ұлтым – менің тарихымның бір бөлігі. Ал Қазақстан – менің Отаным. Егер осы жерге деген махаббатым, оның халқына деген құрметім, ортақ тағдырымыз және әр қонаққа барған сайын ішімнің тойып қайтуы мені жүрегіммен қазақ етсе… онда, бауырым, шай құя бер. Мен өз адамыңмын. Қазақстандағы ең қорқынышты «ұлттық қысым» мәңгілікке біреу-ақ болсын: «Қайда барасың? Отыр! Әлі шай ішкен жоқсың ғой!» Үйлерімізге – тыныштық. Ата-бабаларымызға –  құрмет.Халықтарымызға – достық. Адамдарымызға – мейірім мен өзара сыйластық. Бейбітшілік пен адамға деген құрмет бар жерде – береке бар», – дейді Никулин Дмитрий.

Оқырман пікірлері

Оның бұл жазбасына оқырмандар әртүрлді пікір жазды.

«Бала кезімде мектепте партада бір орыс қызбен бірге отыратынмын. Бір-бірімізбен қалам, қарындаштарымызды алмастыратынбыз. Біраз уақыттан кейін аяқ киімдерімізді де ауыстырып киетін болдық. Кейін сөмкелерімізді де ауыстырып алатын болдық. Бір-екі күнге ауыстырып алып, кейін қайтадан өзіміздікіне айырбастайтынбыз. Бұл үшін ата-аналарымыз да ұрыспайтын. Ол маған бәліш әкелетін, мен оған бауырсақ апаратынмын», – деп жазды Гүлбану.

«Егер қазақтарды экватор бойына қоныстандырса, тамақ пен қону жайын ойламай-ақ, жер шарын айналып шығуға болады» деп XIX ғасырда поляк ақыны, этнограф әрі жер аударылған Адольф Янушкевич өзінің күнделіктерінде жазған. Маған осы сөз ұнайды», – дейді Қазақстанда туып, Ресейде уақытша тұрып, қазір Германияда өмір сүріп жатқан Сергей.

«Ұлты (этникалық шығу тегі) деген ұғым бар. Шығу тегіміз бойынша бәріміз әртүрлі болуымыз мүмкін, бірақ ұлт деген де ұғым бар. Қазақстанда өмір сүріп жатқандықтан, мен балаларыма олардың қазақ екенін, Қазақстан ұлтының бір бөлігі екенін айтамын. Сонымен бірге, олар қазақ тілін үйреніп, өздерін осы елдің бір бөлшегі, өз үйіндегідей сезінсе екен деп қатты үміттенемін. Әңгіме барысында адамның ұлтын қайта-қайта ерекше атап көрсеткенді мүлде ұнатпаймын. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда бұл жиі кездеседі, тіпті адамды «өз орнына қою» үшін әдейі айтылатын кездері де болады. Сіздің жазбаңыз өте жылы әрі жүрекке жақын екен», – деп жазды Екатерина. Создай на эту текст горизонтальный коллаж без надписей.

Сообщение «Ет же, шай іш»: желіде қазақтардың «басқа ұлттарға қысымы» жайлы жазба қызу талқыланды появились сначала на Tizgin kz.

Салт-дәстүр және бірегейлік: қазақ халқының мәдени коды қандай
Қазақ халқы – терең тарихы, бай мәдениеті және ғасырлар бойы қалыптасқан ерекше рухани құндылықтар жүйесі бар халық. Оның дүниетанымы көшпелі өмір салтымен, табиғатпен, елін, жерін, тілін, ұлттық болмысын сақтап қалумен тығыз байланысты. Tizgin.kz порталы бұл мақалада осы тақырыпқа үңіліп көрді.

Рухани құндылықтар – ұлттық сананың негізі

Қазақ мәдениетінің өзегінде әрқашан адам және оның адамгершілік қасиеттері тұрған. Үлкенге құрмет, қонақжайлылық, ар-намыс, ұят, мейірімділік сияқты ұғымдар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Әсіресе “ұят” ұғымы – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттейтін ішкі моральдық бақылау ретінде ерекше орын алады.

Қазақ халқы бірлік пен ынтымақты жоғары бағалайды. Қиын кезеңдерде халық өзара көмектің және ортақ жауапкершіліктің арқасында аман қалған. Бұл құндылықтар бүгінгі күні де өз маңызын жоймай, қоғамдағы қарым-қатынастың негізін құрайды.

“Бірлік бар жерде – тірлік бар”, “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді”, “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Ырыс алды – ынтымақ”, “Көптің күші – бірлікте” сияқты қазақтың қанатты сөздері де бекер айтылмаса керек.

Бесік – адамның өмір жолы басталатын қасиетті кеңістік

Қазақ халқының салт-дәстүрлері — жай ғана рәсімдер емес, өмірлік құндылықтарды жеткізетін тәрбиелік жүйе. Олар адамның дүниеге келген сәтінен бастап, өмірінің соңына дейін бірге жүреді.

Мысалы, “Бесікке салу” дәстүрі — бұл тек нәрестені бесікке бөлеу емес, қазақ халқының дүниетанымын бейнелейтін терең символикалық мәнге ие рәсім.

Бұл дәстүрдің негізінде қамқорлық, сабақтастық және өмірді қорғау идеясы жатыр. Бесік тек тұрмыстық бұйым емес, ол — адамның өмір жолы басталатын қасиетті кеңістік ретінде қабылданады. Нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап оған тек ата-анасы ғана емес, бүкіл туыс, үлкендер, әулет әйелдері қамқорлық жасайды.

Рәсімді әдетте сыйлы, тәжірибелі әйел орындайды. Бұл — ұрпақтан ұрпаққа өмірлік тәжірибе мен даналықтың берілуінің белгісі. Осы арқылы бала өз әулетіне, дәстүріне, халқының мәдени кеңістігіне “қабылданады”.

Бесік нәрестеге қорғаныш, тұрақтылық, ырғақ сезімін береді. Бұл көшпелі өмір философиясымен үндеседі: үнемі қозғалыста болса да, адам ішкі тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады.

Сондай-ақ, “бесікке салу” тазалық пен тәртіптілік идеясын қамтиды — физикалық та, рухани да. Бесікте өскен бала сабырлы, ұстамды, жинақы болады деген сенім болған.

“Бесікке салу” дәстүрі туралы қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев “Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Бесікке салу – сол тәрбиенің ең алғашқы, ең нәзік кезеңі” деп жазған.

Бұл дәстүр – махаббат пен бата туралы. Баланы бесікке бөлеген кезде жақсы тілектер айтылып, бата беріледі. Осы сәтие баланың болашақ тағдырына қатысты ол өз тамырын құрметтейтін, елге сыйлы азамат болып өседі символикалық негіз қаланады.

Осылайша, “бесікке салу” философиясы – бұл өмірдің бастау философиясы, онда қамқорлық, дәстүр, руханият және болашаққа деген сенім тоғысады.

”Тұсау кесу” дәстүрінде таңдау және жауапкершілік идеялары бар

Осы орайда “тұсау кесу” дәстүрін де атап өтуге болады. “Тұсау кесу” – қазақ халқының ең маңызды әрі мағыналы салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім бала еңбектеп жүріп, алғашқы қадамдарын жасай бастағанда өткізіледі. Оның басты мәні – баланың өмір жолы ашық, жүрісі жеңіл, қадамы нық болсын деген тілек.

Дәстүр бойынша, баланың екі аяғын ала жіппен немесе кейде майлы ішекпен, көк шөппен байлайды. Ала жіптің өзіндік терең философиясы бар: ол “біреудің ала жібін аттама” деген ұғыммен байланысты. Яғни бала адал, әділ, ешкімге қиянат жасамайтын адам болып өссін деген ниет жатыр.

Тұсауды кез келген адам емес, елге сыйлы, жүрісі шапшаң, өмірде жетістікке жеткен, абыройлы жан кеседі. Бұл – “бала сол адамға ұқсасын, жолы ашық болсын” деген сенімнің белгісі. Тұсау кесілген соң, балаға “жүре бер, қадамың құтты болсын” деп ақ тілектер айтылады, шашу шашылып, қуаныш тойға ұласады.

Бұл дәстүрдің философиясында өмір жолы, таңдау мүмкіндігі және жауапкершілік идеялары жатыр. Баланың алғашқы қадамы – оның болашақ өмірінің символы. Қазақ халқы осы сәтті ерекше мәнмен атап өтіп, баланың тағдырына жақсы ниетпен бағыт береді.

Сонымен қатар, “тұсау кесу” – тек жеке отбасының емес, бүкіл қауымның қуанышы. Бұл арқылы бала қоғамның бір мүшесі ретінде қабылданып, оған деген ортақ жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Қазақ халқының рухани құндылықтары, тарихы, салт-дәстүрлері мен бірегейлігі — қазіргі қоғамның берік іргетасы.

Бұл құндылықтар ел ішіндегі бірлікті нығайтып қана қоймай, Қазақстанды әлемге бай мәдениеті мен терең рухани тамыры бар мемлекет ретінде танытады.

Сообщение Салт-дәстүр және бірегейлік: қазақ халқының мәдени коды қандай появились сначала на Tizgin kz.