Архивы қаржыгер - Tizgin kz

Базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсе ме – қаржыгерлер болжам жасады
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдері жуықта сауалнама жүргізді. Оған қатысқан сарапшылардың 85%-ы 23 қазан күні базалық мөлшерлеме төмендейді деген пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Теңге қалай құбылады

Қаржы нарығы өкілдерінің инфляция бойынша болжамы да жақсарған. Бір жылдан кейін инфляция 9,7% деңгейінде күтіледі. Сарапшылар бір ай бұрын оны 10,4% мөлшерінде бағалаған. Базалық мөлшерлеме бір жылда 14,5%-ға дейін төмендеуі ықтимал.

Сарапшылардың теңге төңірегіндегі ойы да нақты. Олар қараша айының басында доллар бағамын 456,5 теңге, ал 12 айдан соң 502,6 теңге шамасында болады күтеді. Бұған Ұлттық банктің валюта сатуы мен мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлар қаражатының келуі әсер етуі мүмкін.

Бір жылдан кейінгі мұнай бағасы

Ал Brent мұнайының 12 айдан кейінгі бағасы барреліне 79 доллар мөлшерінде болады болжанып отыр. Дегенмен Қазақстан экономикасының алдағы бір жылдағы өсімі 4,4% деңгейінде сақталады деген болжам бар.

Жалпы, Қазақстан қаржыгерлері Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартуды жалғастырады деп күтіп отыр.

Сообщение Базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсе ме – қаржыгерлер болжам жасады появились сначала на Tizgin kz.

Несиеден құтылудың 3 жолы: 23 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер кеңесі
Ең алдымен тесік қалтаны бітеу керек. 23 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер маман Әсел Жарасқалиқызы «Айтарым бар» подкастында несиесі барларға 3 кеңес айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қарыздарды қағазға тізіп жаз»

Оның айтуынша, несиені ерте жабу үшін саналы түрде шешім қабылдап, қанша несие бар екенін қағазға жазу керек.

«Қазір ақпараттық ағыны көп заманда көп шатасып жүрміз. Біреу «Бақытты болғың келсе күшті сөмке сатып ал» дейді. Қымбат сөмкені сатып алған соң 1 айдан кейін қайта бақытсыз күйге түсесің. Ішінде 500 мың теңгесі болмаса – 500 мың теңгелік қымбат сөмкеден не пайда? «Қарыздан құтылам, енді қарызға кірмеймін» деп шешім қабылда да, қарыздарыңды қағазға тізіп жаз. Адам болған соң қателесеміз, бірақ қателікті қайталай беру – надандық. Қарызды екі жолмен жабуға болады. Біріншісі, барлық қарызды тізіп жазып, ең азынан бастап жабуды бастау. 5-10 мың теңге түссе ең азынан бастап жаба беру керек. Екінші жолы, ең қымбат несиені таңдап аласың. Оның жылдық пайызы көп болады, ең бірінші соны жабуға кірісу керек», – дейді Әсел Жарасқалиқызы.

«Бір несие жабылған соң екінісін алуға асықпа»

Ол адамдардың басты қателігі – бір несие біткен соң екінші несие алуға асығатындығы екенін айтты.

«Тоңазытқыштың қарызын жапқан соң ұялы телефон алудың қажеті жоқ. Ай сайын 50 мың теңге несиені кешіктірмей төлеп үйренсең, ол несиені жапқан соң 50 мыңды жинап үйренуің керек. 50 мыңды жинай отыра басқа ниесіне жаба беру керек. Осы екі тәсілмен талай клиентім несиелерін ертерек жапқан», – дейді ол.

«Несиең болса – ақша жинауды емес, алдымен несие жабуды мақсат ет»

Маманның айтуынша, 120 мыңдық затқа қызыққан жағдайда несие алуға асықпау керек.

«Мысалы, 120-500 мыңдық затқа қызықсаң – үйіңде қолданбайтын заттарды сатып жібер. Киілмеген киім ілулі тұрған шығар. Қолданылмай тұрған заттарың бар шығар. Соны сатуға қою керек. Әлеуметтік желіге шығарып, сатудан ұялудың қажеті жоқ. Бұл – ұят емес, қарызсыз өмір сүру – абырой. Ақша жинауды үйренуді қарызға тауар алмаудан бастау керек. Сен қызығып отырған ыдыс-аяқ үйіңде де бар. Несиесі бар адам – қалтасы тесік адам. Несиесі бар адамға ақша жинау қиын, сондықтан ең басты мақсат – қолыңа қанша ақша түссе де несие жабуға жұмсау. Ең алдымен тесік қалтаны бітеу керек. Ақша мақсатқа келеді, сондықтан мақсатты айқындап ал. Мақсатқа қарай ақша жинаудың әртүрлі жолы бар», – дейді ол.

Сообщение Несиеден құтылудың 3 жолы: 23 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер кеңесі появились сначала на Tizgin kz.

«Жастардан бұрын өздеріңіз түзеліңіздер»: белгілі адамдар «соңғы қоңырау даңғазасы» жайлы ойын айтты
Қазақстанның әртүрлі өңірінде соңғы қоңырауда көліктер шеруін өткізіп, құшаққа сыймайтын гүл сыйлап, тіпті тікұшақпен фотосессия жасаған мектеп түлектері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Tizgin.kz тілшісі осы жағдайға қатысты елімізге танымал тұлғалардың пікірлеріне шолу жасады.

Кәсіпкер, қаржыгер Роза Әшірбаева мұндай даңғазалыққа жол берген ата-аналар екенін айтты.

«2026 жылғы мектеп түлектері ғаламторды жарып жатыр. Қорап-қорап гүл алған қыздар, ақ және қара түсті көліктермен шеру жасаған ұлдар… Сіздер оларға не үшін ашуланып жатырсыздар? «Мұндай даңғазалық кімге керек?» деген сұрақты неге жастарға емес, өздеріңізге қоймайсыздар? 500 адамға той жасап, отшашу жасап, «2 метрлік торттың бір бөлігін алдымен анаңа бересің бе, жұбайыңа бересің бе?» деп дауласқанда, тойға танымал әншілерді шақырғанда Сіздер басқалардың эмоциялық күйін ескердіңіздер ме? Балалар бұл әдетті кімнен үйренеді? Әрине, сіздерден үйренеді. Өздеріңіз сол тәрбиені көрсетіп, «Қазақтың тойы бітпесін» деп соңғы ақшаңызға, тіпті несие алып той жасайсың. Тойхана ішіне көлікпен кірген кезде оқуға түсе алмаған көршіңіздің баласын, олар төлей алмай отырған несиені ойламайсыз ғой. Енді келіп неге балаларыңызға таң қалып отырсыңдар? Барлық нәрсе отбасыдан басталады. Жастарды емес, өздеріңізді тәрбиелеңіздер», – деді Роза Әшірбаева.

Тележүргізуші, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісінде пікірімен бөлісті.

«Көргенімнен көрмегенім көп екен… Сөзім жоқ… Балаларына сыйлықты үйінде беруге санасы жетпеген мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек қой. «Соңғы қоңырау» деген салтанатты жиын сенің сыйлық беріп мақтанатын жеке мерекең емес, сыйлығыңды үйіңде бер, айналайын” деп тоқтатпай ма? Министрлік, білім бөлімдері қалайша мұндайға жол беріп отыр? Жалпы, осындай адамдардың санасыздығына дарақылық қосылып, солар қоғамды тұңғиыққа сүйреп бара жатыр… Құдай артының қайырын берсін!» – деп жазды ол.

Психоаналитик Анна Құдиярова ата-ана баласын осылай қолпаштау арқылы даңғазалыққа тәрбиелеп жатқанын, әр нәрсенің өз мөлшері болу керектігін айтты.

«Бұл — материалдық құндылықтарды ғана насихаттау. Қытайда бір ай бұрын сән-салтанатты өмірді, қымбат көлік пен кемені насихаттайтын блогерлердің парақшаларын ескертусіз, бір-ақ күнде бұғаттап тастады. Қытай билігі блогерлердің тек байлықты, даңғазалықты насихаттауы  “әлеуметтік үйлесімде өмір сүріп жатқан халыққа қауіп төндіру» деп бағалады.

Бұл — дұрыс құндылықтарды насихаттау үшін қолданған шара.

Ол біздің елде де осы шараны қолданса — артық болмайтынын айтты.

«Рухани құндылықтарды: қарапайымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық қасиеттерін, ысырап етпеуді насихаттауымыз керек. Мысалы, «Понттың қандай екенін көрсетеміз» деген мектеп түлектердің үйінде оқитын кітап бар ма? Қандай кітап оқып, қанша кітап оқып, қандай қорытындыға келген? Осы оқушылардың ата-анасының ішкі құндылықтары қандай? Олар балаларына нені үлгі етіп, нені рұқсат етіп отыр? Жылтырақ, сән-салтанат — сыртқы көрініс, ал ішкі күйі не болып жатыр? Мүмкін кеудесі қуыс ата-аналар өздерінің орындалмаған арман-тілектерін балалары арқылы орындап жатқан болар, бірақ әр нәрсенің өз мөлшері болу керек. Шектен тыс көп болса — не болса да уға айналады. Көп адам өзін жақсы көру дегенді дұрыс түсінбейді. Өзін құрметтеуді, жақсы көруді дұрыс түсінбейтін қаншама адам «Өзіңді құрметтеп – мына косметиканы сатып ал», «Өзіңді құрметтеп – мына қымбат киімді сатып ал», «Өзіңді құрметтеуді үйреніп, ең қымбат гүлді өзіңе сыйла» деген сияқты жарнаманың құрбаны болуда. Баласы жұрттан қалмасын деп қаншама отбасы қарыз, несие алған болар? Шынайы бай адам ел-жұртқа ештеңе дәлелдемейді. Абай атамыз айтқандай, толық адам ешқашан өзін сыртқы атрибутпен өлшемейді. Мысалы, америкалық медиамагнат Марк Цукерберг қанша жерден бай-қуатты болса да бір түсті футболка және джинсы шалбармен жүре береді. Ал биыл даңғазалықтан жарысқан мектеп түлектерінің ата-аналары балаларын неге үйретіп, неге дайындап жатыр?», – дейді ол.

Сообщение «Жастардан бұрын өздеріңіз түзеліңіздер»: белгілі адамдар «соңғы қоңырау даңғазасы» жайлы ойын айтты появились сначала на Tizgin kz.