Архивы петиция - Tizgin kz

Қазақстанда шетел фильмдерінің қазақша дубляжын міндеттеу керек – петиция жарияланды
Тіл мәселесін көтеріп жүрген журналист Жалғас Ертай Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шығатын фильмдердің қазақша дубляждалған нұсқасын міндеттеуді ұсынған петиция бастады. Ол Мәдениет және ақпарат министрлігінен «Кинематография туралы» заңға тиісті өзгерістер әзірлеуді сұрайды. Ұсыныстың мақсаты – көрерменге әлемдік киноны қазақ тілінде толыққанды тамашалауға мүмкіндік беру және отандық дубляж индустриясын дамыту, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Субтитр бар, толыққанды дубляж міндетті емес

Петицияда қазіргі заң қазақша аударманы талап еткенімен, фильмнің міндетті түрде қазақ тілінде дыбысталуын қамтамасыз етпейтіні айтылған. Автордың пікірінше, субтитрмен шектелу мүмкіндігі қазақша дубляждың кинопрокаттағы тұрақты стандартқа айналуына кедергі келтіріп отыр.

«Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шығатын фильмдердің қазақ тіліндегі толыққанды дыбыстық нұсқасы міндетті түрде қолжетімді болуы керек деп есептеймін. Қазіргі “Кинематография туралы” заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында қазақ тілінде көрсетілмейтін фильмдер қазақ тілінде дубляждалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс. Яғни қолданыстағы заң қазақша нұсқаны талап еткенімен, толыққанды дубляжды міндеттемейді. Дистрибьютор тек субтитр арқылы да заң талабын орындай алады. Соның салдарынан қазақ тіліндегі дубляж Қазақстан кинопрокатының тұрақты стандартына айналған жоқ. Фильмдердің басым бөлігі қазақша дыбысталмайды, ал көрерменнің әлемдік киноөнімді қазақша көру мүмкіндігі жоқ. Бұл ретте қазақ тіліндегі дубляжға коммерциялық сұраныстың бар екенін нақты мысалдар көрсетеді. Disney ұсынған “Моана 2” фильмінің қазақша нұсқасы небәрі 12 күнде 151 млн теңгеден астам касса жинап, Қазақстанда бокс-офистің 12% құрады», — делінген петицияда.

Автор қазақша дубляжға сұранысты көрсететін тағы бір мысал ретінде «Ойжұмбақ 2» фильмін келтіреді. Петициядағы мәліметке сәйкес, оның қазақша нұсқасы алғашқы төрт күнде 40 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Сондай-ақ құжатта Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегіне сілтеме жасалып, 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокаттан 22 млрд теңгеден астам жинағаны айтылған. Жалғас Ертай мұны елде киноға билет сатып алатын ауқымды аудитория бар екенінің көрсеткіші ретінде қарастырады.

Қазақша нұсқа негізгі прокатпен қатар шығуы тиіс

Петиция авторы қазақша дубляжды қосымша шығын ретінде ғана бағалауға болмайтынын айтады. Оның пікірінше, тұрақты ұсыныс көрермен сұранысын қалыптастырып, дубляж саласындағы мамандар мен студияларды тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ете алады.

«Сондықтан қазақша дубляжды тек қосымша шығын ретінде қарастыру дұрыс емес. Тұрақты ұсыныс болған жағдайда қазақ тіліндегі дубляж жеке нарық ретінде қалыптаса алады. Бүгін фильм дубляждалмаса, қазақша сеанс болмайды; сеанс болмаса, касса да болмайды; ал кейін осы жағдай “сұраныс жоқ” деген уәжге айналады. Мұндай тұйық шеңберді тұрақты ұсыныс қана бұза алады. Қазақ тіліндегі дубляждың тағы бір маңызды қыры – балалар мен отбасылық аудитория. Кішкентай балалар фильмді субтитр арқылы толыққанды қабылдай алмайды. Сондықтан балаларға және отбасымен көруге арналған фильмдерде қазақша дубляждың болуы ерекше маңызды. Сонымен қатар тұрақты дубляж нарығы кәсіби аудармашыларға, актерлерге, режиссерлерге, дыбыс мамандарына және студияларға тұрақты тапсырыс қалыптастырып, Қазақстандағы жеке дубляж индустриясының дамуына мүмкіндік береді», — делінген петицияда.

Осыған байланысты журналист «Кинематография туралы» заңның 9-бабына өзгеріс енгізуді ұсынады. Шектеулі прокатты қоспағанда, түпнұсқа тілі қазақша емес фильмдердің қазақ тілінде дубляждалған нұсқасы болуы тиіс деген талапты заңмен бекітуді сұрайды.

Ұсыныста мына шарттар қамтылған:

қазақша дубляж фильмнің Қазақстандағы негізгі прокатымен қатар қолжетімді болуы;

субтитр мен кадр сыртындағы аударма қосымша нұсқа ретінде сақталып, дубляждың орнын алмастырмауы;

шектеулі прокаттағы фильмдерге ерекше тәртіп қолданылуы;

дистрибьюторлар мен кинотеатрларға жаңа талапқа бейімделу үшін негізді өтпелі кезең берілуі.

Автор бұл бастама басқа тілдердегі фильмдерді көрсетуге тыйым салуды көздемейтінін атап өтеді. Мақсат – Қазақстандағы көрерменнің тілдік таңдауын кеңейтіп, әлемдік киноны мемлекеттік тілде де толыққанды көруіне жағдай жасау. Петицияда Мәдениет және ақпарат министрлігінен осы ұсыныстарға сәйкес заңға өзгерістер әзірлеп, оларды заңнамада белгіленген тәртіппен енгізу сұралған.

Сообщение Қазақстанда шетел фильмдерінің қазақша дубляжын міндеттеу керек – петиция жарияланды появились сначала на Tizgin kz.

Ұлдана Мырзуан ісі: МИБ төрайымын қолдаушылар петиция жариялады
Астанадағы мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Сәуле Жұбаниязованы қолдауға арналған петиция жарияланды. Ол көпқабатты үйдің қабырғасынан кондиционер құлап, фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына байланысты іс бойынша сотта сотталушы ретінде жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Петиция Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолданған.

«МИБ төрайымы автоматты түрде кінәлі болмауға тиіс»

Петиция авторлары нақты қылмыстық іске араласуды немесе кінәсі дәлелденген адамдарды жауапкершіліктен босатуды талап етпейтінін атап өтті. Олардың негізгі талабы – көпқабатты үйлердің техникалық жағдайына жауапты тараптардың міндетін заң жүзінде нақты ажырату. Үндеу авторларының айтуынша, МИБ төрағасы үйдің ортақ мүлкін басқарады. Алайда ол ғимараттың құрылысын жүргізген мердігер, жобалаушы, құрылыс материалдарын өндіруші немесе үйді пайдалануға берген құрылыс компаниясы емес.

Соған қарамастан, қазіргі жағдайда МИБ басшысына үйдің қасбеті, шатыры мен балкондарының бұзылуынан бастап инженерлік жүйелердегі апаттарға дейінгі жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Бұған тұрғындардың өздері орнатқан кондиционерлер мен басқа да құрылымдардың құлауы, сондай-ақ арнайы техникалық сараптамасыз анықтау мүмкін емес жасырын ақаулар да кіреді.

«Жауапкершілікті салдарға әкелген нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі дәлелденген адам көтеруге тиіс. МИБ төрағасы бірлестікті басқарғаны үшін ғана автоматты түрде кінәлі болмауы керек. Жауапкершілік нақты ажыратылмаса, азаматтар МИБ төрағасы болудан бас тартады, ал миллиондаған тұрғынның қауіпсіздігі шешілмеген мәселе күйінде қалады», – делінген петицияда.

Авторлар МИБ, пәтер иелері, басқарушы компаниялар, құрылыс салушылар, жобалаушылар, мердігерлер және өзге де тараптар арасындағы жауапкершілік заңда анық жазылуға тиіс деп есептейді.

Сәуле Жұбаниязова үйді қай кезден бастап басқарған

Петицияда Сәуле Жұбаниязованың МИБ төрайымы болып 2025 жылғы 30 сәуірде сайланғаны айтылған. Ол қызметіне 15 мамырда, қайғылы оқиғадан шамамен алты ай бұрын кіріскен.

Үндеу авторларының мәліметінше, үйді басқару ісі тапсырылған кезде оған ғимараттың техникалық құжаттары мен бұған дейін жүргізілген тексерулердің материалдары берілмеген.

«Ұсынылған техникалық қорытындыға сәйкес, қаптама бекітпесінен анықталған ақау конструкциялық сипатта болған және құрылыс пен монтаждау кезінде пайда болған», – дейді петиция авторлары.

Олардың пікірінше, Сәуле Жұбаниязованың ісі бір адамның ғана тағдырына қатысты мәселе емес. Бұл жағдай Қазақстандағы кез келген МИБ төрағасының өзіне дейін салынған үйдің жасырын құрылыс ақаулары үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін көрсетті.

Сообщение Ұлдана Мырзуан ісі: МИБ төрайымын қолдаушылар петиция жариялады появились сначала на Tizgin kz.

«Жеке сот орындаушылар қызметі жойылсын» деген петиция шықты. Құспан оған неге келіспейді
Мәжіліс депутаты “жеке сот орындаушылары институтын жауып тастау керек” деп жазылған петиция жөнінде пікір білдірді, деп жазады Tizgin.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген депутат бұл институтты толыққанды жүйеден алып тастау керек деген пікірмен келісе қоймайтынын жеткізді. Сөзінше, кез келген институттың кемшілігі болмай тұрмайды. Сол сияқты Абзал Құспан жеке сот орындаушыларының да қызметінде үлкен кемшіліктер бар деп есептейді.

“Бірақ ол кемшіліктерді айту – жеке сот орындаушыларын институт ретінде жойып жіберу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен, кейбір қызмет түрлерін жеке сот орындаушыларынан мемлекеттік сот орындаушыларына қайтару қажет шығар. Қазір мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісіндегі істер өте аз. Көптеген жеке сот орындаушылар мемлекеттің бір қызметін атқарып отырмыз демейді, бизнеске айналдырып алған”, – дейді ол.

Абзал Құспан былтыр мәжілістегі құқықтық салаға жауапты комитет жеке сот орындаушыларының мәселесі бойынша көптеген ұсыныстарды талқылағанын айтады. Заңнама комитеті қолданыстағы заңды Құрылтай тұсында қайта қарауы мүмкін екенін де депутат жоққа шығармады.

ПЕТИЦИЯ

Жеке сот орындаушылары институтын жою керек деген петиция жақында пайда болған. Оны жазғандар қазіргі жеке сот орындаушылар институты Қазақстанның құқықтық жүйесіне қауіп төндіріп тұр деп есептейді.

Сообщение «Жеке сот орындаушылар қызметі жойылсын» деген петиция шықты. Құспан оған неге келіспейді появились сначала на Tizgin kz.

Құрылысшылар уақыттың кері қайтарылуын талап етіп жатыр
Қазақстанда құрылысшылар уақытты кері қайтаруды талап етіп, онлайн-петиция жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

“ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ТӨМЕНДЕЙДІ”

Олардың айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруінен бірқатар өзекті мәселе туындады.

«Бұрынғы уақытты қайтаруды талап етеміз. Уақытты ауыстыру туралы шешімді кабинетте отырған адамдар қабылдады. ал біз – нақты жұмыс істейтін жандар бұл шешімнің бірқатар келеңсіздігін көріп отырмыз. құрылыс-монтаж жұмыстары сапасын тексеру қиындады; инженерлік және қасбеттік жұмыстар сапасы төмендеді; материалдарды қабылдау үдерісі күрделене түсті; электр энергиясын тұтыну айтарлықтай артты; жұмысшылардың биологиялық ырғағы бұзылып, олар жұмыс уақытынан бұрын шаршайды. Соның салдарынан еңбек өнімділігі төмендейді; құрылыс-монтаж қызметтерінің нәтижелілігі азайып, жалпы кері әсерін тигізуде», — делінген epetition.kz сайтында жарияланған петиция мәтінінде.

Аталған онлайн-петиция Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігіне жолданған.

Сообщение Құрылысшылар уақыттың кері қайтарылуын талап етіп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Петицияға қойылатын талап күшейеді – заң жобасы Сенатқа жолданды
Мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов петиция жолдау ережелерін нақтылайтын заңға енгізілген түзетулерді таныстырды, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ӨЗГЕРІСТІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Петицияларға қойылатын талаптарды күшейтетін бұл түзетулер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске енгізілді.

«Қоғам тұрақтылығына нұқсан келтіруі мүмкін жағдайларды болдырмау үшін петицияға негіз бола алмайтын мәселелер тізбесі нақтыланып, кеңейтіледі. Бұл құқықтық кепілдіктерді күшейтіп, өтініштер платформасын деструктивті мақсатта қолданудың алдын алады», – деді Магеррамов өз баяндамасында.

Тыйым салынатын тақырыптар қатарында – қоғамдық моральға қатысты мәселелер, адамдардың абыройы мен беделін қорғау, амнистия және рақымшылық, сондай-ақ соғысқа, зорлыққа, экстремизмге, сепаратизмге және есірткіге үгіт-насихат мәселесі бар.

Заң жобасы енді бастан-аяқ қаралу үшін Сенатқа жолданды.

МӘН-ЖАЙЫ

Қазақстанда E-petition сайты ресми түрде бір жарым жыл бұрын іске қосылған. Платформа алғашқы күні-ақ азаматтардан түскен өтініштер легіне шыдамай, техникалық ақаулар болған.

Ережеге сай, петиция 50 мың дауыс жинаса, ол міндетті түрде тиісті адресатқа жолдануы тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған.

Сообщение Петицияға қойылатын талап күшейеді – заң жобасы Сенатқа жолданды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда жаңа салық кодексінің бір нормасына қарсы петиция жарияланды
Қазақстанда жаңа салық кодексіне байланысты Үкімет пен Парламентке үндеу түрінде петиция жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бизнес өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағындағы талапқа алаңдайды. Аталған тармақта:

«Салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсаған шығындары, егер оларды алу сәтінде арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар (жеңілдетілген декларация негізінде) жүзеге асырған болса, шегерімге жатпайды», — деп көрсетілген.

Бұл норма іс жүзінде жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін субъектілермен жасалған мәмілелер бойынша шығындарды тану мүмкіндігін жоққа шығарады.

«Біз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентін Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын жоюға немесе қайта қарауға шақырамыз. Мемлекет пен бизнес мүдделерінің тепе-теңдігін сақтап, кәсіпкерлердің салық реформасына деген сенімін нығайту қажет», — делінген мемлекеттік ePetition сайтында жарияланған петицияда.

Петиция авторларының айтуынша, бұл норма бірқатар теріс салдарға алып келуі мүмкін: жеткізушілер шеңберінің жасанды түрде тарылуы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі; компаниялар жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерімен әріптестіктен бас тартуға мәжбүр болады; ал шағын кәсіпорындар клиенттерінен айырылып, көлеңкелі экономикаға кетуі немесе жұмысын тоқтатуы ықтимал.

Петиция авторлары Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын салық төлеушілердің шығындарды тану құқығын шектейтін норма ретінде алып тастауды сұрайды. Балама нұсқа ретінде — мәміле фактісі бастапқы бухгалтерлік құжаттармен (шот-фактуралар, актілер, жүкқұжаттар, төлем құжаттары) расталған жағдайда шығындарды шегерімге жатқызу құқығын сақтап қалуды және бизнес, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кең ауқымды талқылау өткізуді ұсынады. Қазір петиция модерация сатысында тұр.

Сообщение Қазақстанда жаңа салық кодексінің бір нормасына қарсы петиция жарияланды появились сначала на Tizgin kz.

Қант диабетімен ауыратын қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігімен мәмілеге келе алмады
Қазақстандық пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің қант диабетін әлеуметтік маңызды аурулар тізімінен алып тастау шешіміне қарсылық білдірді. Соған байланысты олар онлайн-петиция бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ОҚИҒА НЕДЕН БАСТАЛДЫ

Жаз соңында Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетін кепілдендірілген тегін медициналық көмектен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті арқылы берілетін қызметтер тізіміне ауыстыратынын хабарлады. Бұл дегеніміз, кімде медициналық сақтандыру бар, солар ғана дәрігер қабылдауына жазыла алады және тегін дәрі-дәрмек ала алады. Бұған дейін мұндай шектеу болған емес.

Аталған жаңалық науқастардың наразылығын туғызды. Олар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, бәрін бұрынғы қалпында қалдыруды өтінді.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер көмек азаймайтынын, керісінше, көбейе түсетінін айтып сендірді.

Бүгінде қант диабетімен ауыратын науқастардың 96 пайызы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Ал балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және басқа да осал топтар үшін төлемді мемлекет жүргізеді, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Алайда бұл реформаға пациенттік ұйымдар алаңдаулы. Олар арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы туындатуы мүмкін қауіптерді көтерді. Ұйымдар сақтандырылмаған қазақстандықтар емсіз қалуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Қоғам белсенділері министрлік өкілдерімен кездесіп, компромисс табуға тырысқан. Олар дәрі-дәрмекпен қамтуды шешуді және диабетке қарсы бірыңғай ұлттық бағдарлама жасауды ұсынды.

ҚАЗІР НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Соңғы бір жарым ай ішінде біз министрлікпен конструктивті диалог орнатуға тырыстық. Басшылықтағы тұлғалар диалог пен пікірталастың тікелей текетірестен әлдеқайда тиімді екенін түсінеді деп ойладық. Алайда, өкінішке қарай, қателесіппіз. Барлық әрекетіміз нәтижесіз аяқталды», – деді «Диабеттік ата-аналар комитеті» қоғамдық қорының директоры Руслан Закиев.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығару туралы шешімді қабылдап қойғанға ұқсайды. Министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 196-бабының жаңа редакциясына өзгертілген тізімді енгізген. Құқықтық актілер иерархиясында кодекс ең жоғары заңдық күші бар құжат болып саналатындықтан, жаңа редакция ескі тізімді — оның ішінде қант диабеті бар нұсқаны — заңсыз етеді.

Мемлекеттің реформа жүргізуге құқығы барын мойындаймыз. Бірақ ол азаматтардың өмірі мен денсаулығының есебінен жүзеге аспауы тиіс. Қант диабетімен ауыратын адамдар білім алуда, жұмысқа орналасуда, мүгедектік пен медициналық көмек алуда жиі кемсітушілікке тап болады. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы өзгерістері бұл жағдайды тіпті ушықтыра түседі, – делінген петицияда.

Пациенттердің айтуынша, мәселе тек дәрі-дәрмекке келіп тірелмейді, бұл адамның өмір сүру құқығы туралы. Ал ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тіркелу, жас шамасы немесе қандай да бір бюрократиялық санатқа жату-жатпауына байланысты болмауы керек.

ҚАНША АДАМ ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАДЫ

Осы жылға арналған электронды диспансерлік тіркеу базасының мәліметі бойынша, елімізде 535 033 адам қант диабеті диагнозымен есепте тұр. Оның ішінде:

504 456 адам (яғни 95%) – екінші типтегі диабетке шалдыққан;

30 577 адам – бірінші типтегі диабетпен ауырады, олардың 5 625-і – 18 жасқа дейінгі балалар.

Бірінші типтегі диабетпен ауыратын пациенттер күн сайын инсулин қабылдауы тиіс. Ауруды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен (ТМККК) шығарып, МӘМС пакетіне ауыстыру – олардың өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін.

Министрлік қазір қант диабетімен ауыратын науқастардың 95 пайызы сақтандырылғанын айтады. Сонда қалған 5 пайыз, яғни шамамен 1600 адам, сақтандыру жүйесінен тыс қалады. Олар енді инсулин ала алмай ма? Жарты мыңнан астам адамның өмірінің құны жоқ па? – дейді Қоғамдық қор жетекшісі Руслан Закиев.

2-типті қант диабеті – басқаруға болатын диагноз ретінде қарастырылады және ол көбіне науқастың өмір салтына тікелей байланысты. Мұндай диагноз қойылған жандар үнемі дұрыс тамақтанып жүрулері тиіс. Қимыл-қозғалысы көп болса, едәуір ем. Алайда, бұл дерт көбінесе артық салмағы бар адамдарда пайда болатыны белгілі.

Руслан Закиевтің айтуынша, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі кей жағдайларда жеткіліксіз. Қазақстанда, әлем елдеріндегідей, 2-типті қант диабеті көбіне күрделі асқынулар пайда болған кезде ғана анықталады. Мұндай жағдайда сапалы дәрі-дәрмектік терапия қажет.

Бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек. Тек дұрыс тамақтану мен жаттығумен шектелмей, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету аса маңызды. Егер дәрі-дәрмек берілмесе, бұл жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін, – дейді Закиев.

Сообщение Қант диабетімен ауыратын қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігімен мәмілеге келе алмады появились сначала на Tizgin kz.

Әлемге әйгілі актерлер Израильдің киноинституттарына бойкот жариялады
Жүздеген актер мен кинематографист, соның ішінде Марк Руффало, Тильда Суинтон, Оливия Колман, Ава Дюверней, Хавьер Бардем, Айо Эдебири, Риз Ахмед және Синтия Никсон Израиль киноинституттарына бойкот жариялау жөніндегі петицияға қол қойды. Олар бұл мекемелерді Газадағы палестиндіктерге қарсы «геноцидке» қатысы бар деп айыптап отыр. Петицияда БҰҰ-ның Халықаралық сотының (ICJ) «Газадағы геноцид қаупінің шынайы екеніне» және Израиль оккупациясының заңсыздығына қатысты шешіміне сілтеме жасалады, деп хабарлайды Reuters.

«Біз әлемдік киноиндустрияны үнсіздікке, нәсілшілдікке және адамдық қадір-қасиетті аяққа таптауға қарсы тұруға шақырған палестиналық кинематографистердің үндеуіне жауап беріп отырмыз», — делінген құжатта.

Петицияға қол қойғандар Израильдің «геноцид пен апартеидке қатысы бар» кинофестивальдерінде, кинотеатрларында, хабар таратушылары мен продюсерлік компанияларында фильм көрсетпеуге, қатыспауға және ынтымақтаспауға міндеттенді. Олар бұған дейін Оңтүстік Африкаға қарсы бойкот ұйымдастырған «Апартеидке қарсы кинематографистер» қозғалысынан шабыт алғандарын жеткізген.

Сонымен қатар петицияда кейбір израильдік киноұйымдардың «бұл заңбұзушылықтарға қатысы жоқ» екені айтылып, кинематографистерге палестиналық азаматтық қоғамның ұсынымдарын басшылыққа алып, ынтымақтастық орнатпас бұрын өз зерттеулерін жүргізу ұсынылады. ICJ-дің бұрынғы президенті Джоан Донохью сот геноцидті «шындыққа жанасады» деп танымай, палестиналықтардың геноцидтен қорғану құқығы бар екенін және Оңтүстік Африкаға талап қоюға рұқсат етілгенін түсіндірді.

«Әлемдегі ең жоғарғы сот — БҰҰ Халықаралық соты Газада геноцид қаупі бар екенін, ал палестиналықтарға қатысты Израильдің оккупациясы мен апартеидінің заңсыз екенін мәлімдеді. Барлық адам үшін теңдік, әділдік пен бостандықты қорғау — ешқайсымыз елемей өте алмайтын терең моральдық міндет. Сол сияқты біз қазір палестин халқы көріп отырған қасіретке де қарсы тұруға тиіспіз», — делінген петицияда.

Бұған дейін палестиналық кинематографистер халықаралық ынтымаққа шақырып, езгіге үлес қосуды тоқтату үшін «қолдан келгеннің бәрін жасауға» үндеген болатын. Петиция жаһандық киноиндустрияда Израильдің әрекеттеріне қарсы күшейіп келе жатқан наразылықты көрсетеді. Өйткені Газадағы гуманитарлық дағдарыс — аштық пен қираулар — халықаралық қауымдастық назарын аудартуда.

2024 жылғы наурызда «Қызығушылық аймағы» («Zone of Interest») фильмінің режиссері Джонатан Глейзер «Оскар» марапаттау рәсімінде Израильдің Палестинаны оккупациясын айыптап, оны 7 қазандағы қантөгіс құрбандарының да, Газадағы жалғасып жатқан геноцидтің де себебі деп атады. Сол жылдың қыркүйегінде америкалық еврей режиссер Сара Фридланд Луиджи де Лаурентис жүлдесін (ең үздік дебюттік фильм үшін) қабылдау кезінде палестин халқының оккупациядан азат болу жолындағы күресіне қолдау білдірді.

Сообщение Әлемге әйгілі актерлер Израильдің киноинституттарына бойкот жариялады появились сначала на Tizgin kz.

Алматылықтар Rams Beyond 40 қабаттық мұнарасын салуға қарсы петиция жазды
Алматылықтар бұл аумақты саябаққа айналдыруды талап етіп отыр, деп жазады Tizgin.kz.

E-petition.kz платформасында Алматы тұрғындары Rams Beyond Almaty атты қырық қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатуды, оның орнына жасыл қоғамдық саябақ салуды талап еткен петиция жарияланды. Петиция бастапқы қажет 50 дауыс жинап үлгерді, қазір модерацияда тұр.

Тұрғындар мұнара мен бес тұрғын үйдің құрылысын тоқтатуды, жер телімін қайтадан жасыл аймаққа қайтаруды, тоғыз қабаттан жоғары ғимарат салуға тыйымды сақтауды және жобаны басқа ауданға не қалаға көшіруді талап етеді.

Әкімдік бастапқыда жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өткенін айтқанымен, кейін олардың болмағанын мойындады. Ал Rams компаниясы тыңдаулар өткенін алға тартуда.

КОМПАНИЯ НЕ ДЕЙДІ

Компанияның хабарлауынша, тыңдаулар 2024 жылдың шілде айында Rahat Palace Hotel қонақүйінде өткен. Алайда ол бойынша хаттама мен нақты деректер ұсынылмаған.

Алматының орталығында тоғыз қабаттан биік ғимарат салуға шектеу бар. Дегенмен Rams Beyond жобасы «бірегей нысан» ретінде көрсетіліп, оған ерекше рұқсат берілген.

Сообщение Алматылықтар Rams Beyond 40 қабаттық мұнарасын салуға қарсы петиция жазды появились сначала на Tizgin kz.

«Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың емес, 200 мың теңге болсын»: петиция жарияланды
Диас Абайұлы атты азамат «Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың емес, 200 мың теңге болсын» деген талаппен петиция жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ПЕТИЦИЯ

Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Бұл шамамен 160 АҚШ долларына тең. Автордың сөзінше, аталған мөлшер аймақтағы ғана емес, әлемнің көп елімен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіштің бірі. Диас Абайұлы Түркіменстанда ең төменгі жалақы 200 мың теңгеге (шамамен 400 АҚШ доллары) жететінін, Балтық елдерінде (Эстония, Латвия, Литва) 500 000-нан 600 000 теңгеге дейін (1000–1200 АҚШ доллары) құрайтынын, ал Эквадорда 270 мың теңге (470 АҚШ доллар) екенін атап өтеді.

“Осылайша, Қазақстандағы ең төменгі жалақы Түркіменстаннан екі жарым есе, Литвадан сегіз есе төмен. Іс жүзінде 85 000 теңге отбасын асырауға, азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді, әсіресе Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда немесе тіпті Тараз сияқты облыс орталықтарында. Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, ең төменгі жалақыны кем дегенде 200 000 теңгеге дейін көтеруге шақырамыз, бұл Түркіменстанның деңгейіне сәйкес келеді және бізді лайықты өмір сүрудің халықаралық стандарттарына жақындатады. Жерлестерімізді бұл бастаманы қолдап, петицияға қол қойып, халықтың үні естілуі үшін ақпарат таратуға шақырамыз”, – дейді ол.

Петициямен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

ҮКІМЕТ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕДІ

Осыдан бір апта бұрын Үкімет өкілдері ең төменгі жалақы келесі жылы 85 мың теңге болып қалатынын хабарлаған еді. Вице-премьер әрі ұлттық эконмика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, аталған мәселені кабмин қарастырып отырған жоқ.

Маусым айының соңында республикалық бюджет «ең төменгі жалақыны көтеруге қауқарлы» екенін және «есептеулер жүргізіліп жатқанын» айтқан қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл сөздерінің есептік болжам болғанын түсіндірді. Биыл маусым айының соңында Мәди Тәкиевтен бөлек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова да журналистерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының көтерілетінін айтқан еді.

Сообщение «Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың емес, 200 мың теңге болсын»: петиция жарияланды появились сначала на Tizgin kz.