Архивы көмір - Tizgin kz

Көмір VS газ: Қазақстанның энергетикалық балансы қалай қалыптасып жатыр
Қазақстанда газдандыру бағдарламасы жалғасып жатқанмен, көмір энергетикасынан бас тарту жоспарда жоқ. Керісінше, Үкімет көмір станцияларын жаңғыртып, отынды терең өңдеу және «таза көмір» технологияларын енгізу жобаларын қолға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мұның себебі түсінікті, көмір қоры мол орталық және солтүстік-шығыс өңірлердің энергетикалық қажеттілігін осы ресурстың есебінен қамтамасыз етуге болады. Ал газ инфрақұрылымын дамыту басқа өңірлердің сұранысын өтеуге және энергетикалық теңгерімді сақтауға бағытталған.

Биыл наурызда Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. 2026-2030 жылдарға арналған бағдарлама аясында жалпы қуаты шамамен 7,8 ГВт болатын жобалар іске асырылмақ. Оның ішінде сегіз жаңа энергетикалық нысан салынып, қолданыстағы 11 станция жаңғыртылады.

Жаңа станцияларда жоғары тиімділік беретін технологиялар, түтін газдарын тазарту жүйелері, шаң мен ауыр металдарды ұстайтын сүзгілер қолданылмақ. Жоспар бойынша көмір электр станцияларындағы ластаушы шығарындылар 34 пайыз азаюға тиіс. Бұл көмір ресурсын пайдалана отырып, энергия өндірудің экологиялық жүктемесін төмендетуге бағытталған.

Екінші бағыт – көмірді тек электр энергиясын өндіруге арналған отын ретінде емес, өнеркәсіп шикізаты ретінде пайдалану. Қазір Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель өндіретін екі жоба қарастырылған. Бұдан бөлек, көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіру жобасы әзірлеу сатысында тұр.

Газ саласында да осындай ұзақ мерзімді жоспар бар. 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар тауарлық газ ресурсын ұлғайтуды, газ өңдеу қуатын 5 млрд текше метрге арттыруды және солтүстік пен шығыс өңірлерді газдандыруды көздейді. Дүниежүзілік банк дерегінше, Қазақстанда алауда жағылатын газ көлемі 2012 жылы 4 млрд текше метр болса, 2022 жылы 1 млрд текше метрге дейін қысқарған. «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату деңгейі 2020 жылы 98 пайыз болған. Мысалы, «Маңғыстаумұнайгаз» Қаламқас кен орнында өндірілген газдың 99 пайызын өз қажетіне пайдаланады.

Ал Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынып жатыр Биыл қуаты 2,5 млрд текше метр болатын екінші газ өңдеу зауытының жобасы қолға алынды. Қарашығанақта жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін зауыт салу жобасы әзірленуде.

Бұл ішкі нарыққа қосымша ресурс беріп, газ импортын азайтуға мүмкіндік жасайды. Мұнай-газ сарапшысы Асқар Исмаилов жоғарыда айтылған жобалардың стратегиялық маңызын былай түсіндіреді.

“Қазақстан 30 млрд текше метрге жуық газды жер асты қабатына қайта айдайды. Бұл Қазақстанның ішкі тұтынуынан бір жарым есе көп. Бұл жер қойнауына жыл сайын 30 млрд доллар айдайтынымызды білдіреді. Үш жылда бұл 100 млрд доллар деген сөз. 10 жылда – 300 млрд доллар. Ал 300 млрддоллар деген – Қазақстанның жалпы ішкі өнімі”, – дейді сарапшы.

Қазақстан көмір энергетикасынан бас тартпай, қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңа қуат көздерін салу және экологиялық тиімді технологияларды енгізу арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды көздейді. Сонымен қатар көмірді терең өңдеу, газ өндіру мен өңдеу қуаттарын арттыруға бағытталған ірі жобалар ішкі нарықтағы энергия тапшылығын азайтып, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік бермек.

Сообщение Көмір VS газ: Қазақстанның энергетикалық балансы қалай қалыптасып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда көмір бағасы қанша: өңірлер бойынша салыстыру
Қазақстанда жылыту маусымы басталды. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталып жатқанда, жеке сектор тұрғындары қысқа қажетті көмір қорын жинап жатыр. Еліміздің әр өңірінде көмірдің бағасы әртүрлі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көмір қай өңірде арзан

Қазақстанда көмірдің бірнеше түрі сатылады. Халық арасында кең таралған түрлерінің бірі – Шұбаркөл көмірі. Бұл көмірдің ең төмен бағасы Қарағанды облысында тіркелген. Мұнда бір тонна көмір шамамен 16 300 теңге тұрады. Ал облыс бойынша орташа баға 20 мың теңгеге жуықтайды. Ұлытау облысының тұрғындары да бір тонна көмірді шамамен 20 мың теңгеге сатып алады.

Басқа өңірлерде көмір қанша тұрады

Ақмола облысында бір тонна Шұбаркөл көмірінің бағасы 21 мың теңгені құрайды. Ал Түркістан облысында оның құны 23 мың теңгеден асады. Павлодарда бір тонна көмір 23–25 мың теңге аралығында сатылса, Петропавлда шамамен 24 500 теңге тұрады.

Көмір бағасына жеткізу құны да әсер етеді

Өңірлердегі көмір бағасының айырмашылығы айтарлықтай. Дегенмен тұрғындар отын сатып аларда оның тек сатылымдағы құнын ғана емес, жеткізу шығындарын да ескеруі қажет, өйткені кей жағдайда тасымалдау ақысы көмірге жұмсалатын жалпы шығынды едәуір арттырады.

Сообщение Қазақстанда көмір бағасы қанша: өңірлер бойынша салыстыру появились сначала на Tizgin kz.

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан көмірінің экспорт географиясын қалай өзгертті
2022 жылы Еуроодақ Ресей көміріне эмбарго енгізгеннен кейін әлемдік көмір нарығында қайта бөліну басталды. Ресейдің дәстүрлі жеткізу бағыттарының бір бөлігі босап, жаңа жеткізушілер үшін мүмкіндік пайда болды. Қазақстан сол мүмкіндікті қаншалықты пайдалана алды? 2021-2025 жылдардағы сыртқы сауда статистикасы бұл кезеңде қазақстандық тас көмір экспорты көлем жағынан айтарлықтай өскенін ғана емес, оның географиясы түбегейлі өзгергенін көрсетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

2021 жылы Қазақстан 5,73 млн тонна тас көмір экспорттаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 10,24 млн тоннаға жетті. Яғни төрт жылдың ішінде экспорт көлемі шамамен 79% артқан. Алайда экспорттан түскен табыс дәл осындай қарқынмен өспеді. 2021 жылы көмір экспорты 156,7 млн доллар әкелсе, 2023 жылы көлем 7,12 млн тоннаға дейін өсіп, түсім 277,1 млн долларға жеткен. Бірақ кейін әлемдік бағаның төмендеуі салдарынан 2024 жылы экспорт көлемі 7,87 млн тоннаға дейін артқанына қарамастан табыс 219,7 млн долларға дейін азайды. 2025 жылы экспорт тарихи рекорд – 10,24 млн тоннаға жеткенімен, түсім небәрі 218,9 млн доллар болды. Яғни Қазақстан бұрынғыдан әлдеқайда көп көмір сатты, бірақ әр тоннадан түсетін кіріс айтарлықтай төмендеді.

Экспорт географиясы

2021 жылы Қазақстан көмірінің негізгі бағыты Швейцария болды. Бұл елге 4,35 млн тонна көмір экспортталған. Екінші орында 782,9 мың тоннамен Украина тұрды. Кейін Өзбекстан (207,9 мың тонна), Ұлыбритания (142 мың тонна), Қытай (86,1 мың тонна), Түркия (63,5 мың тонна) және Польша (60,8 мың тонна орналасты.

Инфокесте: AI/Tizgin.kz

Алайда 2022 жылдан кейін бұл құрылым түбегейлі өзгерді. Украинаға экспорт бірден 782,9 мың тоннадан 89,4 мың тоннаға дейін құлап, келесі жылы мүлде тоқтады. Ал Швейцарияға жөнелтілетін көлем 4,35 млн тоннадан 2,44 млн тоннаға дейін қысқарып, 2023 жылы небәрі 29,9 мың тонна ғана болды. Осылайша бұрынғы екі негізгі бағыт іс жүзінде экспорт картасынан жоғалды.

Олардың орнын жаңа нарықтар басты. Ең әсерлі өсім Польшада байқалды. Егер 2021 жылы бұл елге небәрі 60,8 мың тонна көмір экспортталса, 2025 жылы көлем 3,23 млн тоннаға жетті. Яғни төрт жылда экспорт 53 еседен астам ұлғайған. Польша Қазақстан көмірінің ең ірі сатып алушысына айналды.

Латвия да қысқа мерзімде маңызды транзиттік бағытқа айналды. 2021 жылы бұл елге экспорт мүлде болмаған. Ал 2022 жылы 778,9 мың тонна, 2023 жылы 2,02 млн тонна көмір жөнелтілді. Кейін көлем біршама төмендегенімен, Латвия Қазақстан экспортының маңызды бағыттарының бірі болып қалды.

Азия нарығында да айқын өсім байқалады. Түркияға экспорт 63,5 мың тоннадан 1,45 млн тоннаға дейін көбейсе, Қытайға жөнелтілім 86 мың тоннадан 1,02 млн тоннаға жетті. Үндістан 7 мың тоннадан 1,29 млн тоннаға дейін өсіп, Қазақстан көмірінің негізгі сатып алушыларының біріне айналды.

Сонымен бірге жаңа бағыттар пайда болды. 2023 жылдан бастап Израиль, Марокко және Италия қазақстандық көмірді сатып ала бастады. 2024 жылы бұл қатарға Малайзия қосылса, 2025 жылы оның импорты бірден 1,13 млн тоннаға жетті. Сондай-ақ Тайвань мен Бразилия да жаңа экспорт нарықтары ретінде көріне бастады.

Экспорт артқанмен табысы мәз емес

Дегенмен барлық бағыт бірдей өсім көрсеткен жоқ. Өзбекстанға экспорт 2024 жылы 824 мың тоннаға дейін жеткенімен, 2025 жылы 645 мың тоннаға дейін қысқарды. Марокко мен Израильге жөнелтілетін көлем де 2025 жылы едәуір төмендеген. Бұл санкциялардан кейін қалыптасқан жаңа логистикалық бағыттардың әлі де тұрақсыз екенін көрсетеді.

Инфокесте: AI/Tizgin.kz

Жалпы алғанда, бес жылдық статистика Қазақстанның Ресей көмірінің орнын толық басты деуге негіз бермейді. Бірақ санкциялар қазақстандық экспорттың географиясын түбегейлі өзгертті. Егер 2021 жылы негізгі экспорт бірнеше елге ғана тәуелді болса, бүгінде көмір Еуропаға да, Таяу Шығысқа да, Оңтүстік және Шығыс Азияға да кеңірек тарай бастады. Сонымен бірге экспорт көлемі рекордтық деңгейге жеткенімен, әлемдік бағаның төмендеуі салдарынан бұл өсім экспорттық түсімнің дәл сондай қарқынмен артуына алып келген жоқ. Басқаша айтқанда, Қазақстан бұрынғыдан көбірек көмір сатып жатыр, бірақ одан бұрынғыдай көп табыс тауып отырған жоқ.

Сообщение Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан көмірінің экспорт географиясын қалай өзгертті появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту көзделіп отыр
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндадығ деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ол министрлік тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды көздейтін экологиялық талаптар мен нормаларға сай келетін бірқатар ірі жобаны, соның ішінде маневрлік режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ендігісі Екібастұз ГРЭС-3-тің (2 640 МВт) құрылысын салу үшін инвесторды айқындау бойынша тендер өткізілді және Курчатов қаласында ЖЭС (700 МВт) салу үшін тендер жариялау жоспарлануда.

«Тікелей шарттар шеңберінде министрлік “Самұрық-Энерго” АҚ компаниясымен бірлесіп Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу жобаларын жүзеге асыруда, онда түтін газдарын сүзудің озық жүйелері, ауыр металдарды тұтып қалу технологиялары қолданылатын болады», – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Сообщение Қазақстанда көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту көзделіп отыр появились сначала на Tizgin kz.

Тимур Құлыбаев көмір кәсіпорнындағы үлесінен дивиденд алмайтын болды
“Майкубен-Вест” 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Көмір өндіретін “Майкубен-Вест” компаниясы 2024 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Компанияның акционері – “Premier Development Company” ЖШС, оның жартысы Тимур Құлыбаевтың “Joint Resources” холдингіне тиесілі.

Акционер компанияның қаржылық есептілігін бекіткенмен, дивиденд бөлген жоқ. 2024 жылғы таза пайда 1,17 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы деңгеймен шамалас болды.

КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

“Майкубен-Вест” 2005 жылы құрылған, 2021 жылы АҚ болып қайта ұйымдастырылды. Компания Шоптыколь кен орнын 2042 жылға дейінгі келісімшарт негізінде игеріп келеді. Forbes Kazakhstan-2025 тізімінде 5,6 млрд долларлық байлығымен бесінші орында тұрған Құлыбаев бұған дейін де басқа активтерінен – “Joint Resources”, “Алмэкс” және “Каспий нефть” компанияларынан дивиденд алмаған.

Сообщение Тимур Құлыбаев көмір кәсіпорнындағы үлесінен дивиденд алмайтын болды появились сначала на Tizgin kz.